«А»
Алманы теріп алайық.
Себетке жинап алайық
Жиналған алма, алмұртты,
Күздің дәмі деп татайық.
«Ә»
Әліппе мен танысып,.
Әріптерді үйрендім.
Әдемілеп мен енді,
Әріптерді тіземін.
«Б»
Бала, бала, бала.
Сабағыңды қара,
Оқымасаң жасыңнан
Боласын сен шала.
«В»
Вагон, вагон тіркелді,
Вокзалға келіп тірелді,
Тіркеп алып паровоз,
Алға қарай жүйткиді.
«Г»
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл, жасыл, көгілдір.
Жайқалып біздің бақшада,
Жұпар иісін төктіңдер,
«Ғ»
Ғимараттар тізілген,
Әдемі біздің қаламыз.
Ғаламтордан көрсетер,
Әлемге жар саламыз,
«Д»
Добым, добым домалақ,
Көше бойын жағалап.
Қуалаймын күнімен,
Шаршамаймын сенімен.
«Е»
Етігіңді кимей,
Жалаңаяқ шаппа.
Есігіңді жаппай
Далаға сен шықпа.
Авторлық бағдарлама іс-әрекетті
- utashova79
- 8 тамыз 2015
- 6014
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тіл дамыту сауат ашу, тақпақтар, өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
В дыбысы және әрпі
Мақсаты: 1. Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы әңгімелеу. «В» дыбысы және әрпімен таныстыру. 2. Сөйлеу тілі мен дыбыстарды ажырату...Алгоритмдер және оны орындаушылар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы" мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Улыкпанова Жаркин Есенгалиевна...«Не қайда өседі?» ұсақ қол моторикасын дамытушы ойындары
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...Өтілген дыбыстарды қайталау
Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ селосы, Қарабұтақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жапарова Луиза Достановна...Әдемі гүлдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасы Жапсыру Тақырыбы: "Әдемі гүлдер" І кіші топ Тәрбиеші: Серікбаева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.