Саласы: Таным.
Тақырыбы: Сулықты кестелеу.
Бөлімі: Қол еңбегі.
Мақсаты: Балаларды сүлгіні кестелеуді үйрету. Матаның сапасымен таныстыра отырып, сүлгінің шетіндегі жіпті иненің ұшымен біртіндеп суырып, шашақ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Ине жіпті пайдалану іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Инені алға қарай жылжыта отырып тігуге үйрету. Ине – жіпті пайдалану ережелерін сақтау.
Тәрбиелік мәні: Тігіншілердің еңбегін құрметтеу
Керекті құралдар: ине – жіп, қайшы, дайындалған үлгі суреттер
Көрнекі құрал: Тігіс түрлері салынған суреттер.
Іс - әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Шаттық шеңберінде тұрып балалар бір - бірімен амандасу.
Біз көңілді баламыз,
Шаттық әнге саламыз.
Би билейміз дөңгелеп,
Біз өнерлі баламыз.
Балаларға мамандық суреттерін көрсете отырып
таныстыру. Тігінші еңбегіне тоқталып, бізге әдемі киім тігетін мамандарды тігінші апайлар деп атаймыз. Жылы лебіздерін айту
Әңгімелесу
Ұйымдастырушылық - ізденушілік кезең
Сабақты жұмбақ шешуден бастау
Өзі жүріп отырады
Ізі тігіп отырады.
Бұл не балалар? (ине)
Балалар жұмбақтың жауабынан кейін ине - жіппен жұмыс жасайтындарын әңгімелеу, тігу түрлерімен таныстыру. Тігіп үйренбес бұрын ине – жіппен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
1. Инені кез келген жерге тастама, ине салғышқа салып қой.
2. Инені ешқашан аузыңа салма
3. Инеге жіпті сабақтағанда оны аузыңа салма
4. Жіпті тісіңмен тістеме: ол – тісіңді бүлдіреді.
5. Тот басқан инені тігуге пайдаланба.
Ине туралы тақпақ оқып беру.
Бой дегенің тым қысқа Ажырасып кеткенге
Бар болғаны үш елі Төрешілік етеді
Кіріскенше жұмысқа. Ине алдынан өткендер
Ауыры оған тиеді Құшақтасып кетеді
Сергіту сәті. М. Әлімбеав «Он саусақ»
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті,
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды...
Өнерлі екен он саусақ.
Қала салсақ жол салсақ.
Жұмыс барысы
Әліппе – дәптердегі үлгіге қарап отырып. Сүлгінің бір шетін, иненің ұшымен бір жіптің ұшын шығарып, үзбей суырып көрсету. Инені ұқыпты ұстап, бір – біріне кедергі келтірмей жұмыс істеу. Балалардың іс - әрекетіне бағыт беру, кейбір балаларға көмек көрсету.
Шашақталған сүлгі мен шашақсыз сүлгіні көрсету.
Екеуінің салыстырып баға беру.
Еңбек туралы мақал – мәтел айту.
- Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей.
- Ерінбеген, етікші болады.
- Еңбек ер атандырады.
Ойын: «Ине мен жіп» қимылды ойын
Жұмбақ шешу
Инемен жұмыс үстінде қауіпсіздік ережесін сақтау
Ине туралы тақпақ оқу.
Сергіту сәті
Жұмыс барысы
Сүлгіні шашақтау
Мақалдар айту.
Ойын
Рефлексивті - түзетуші кезең «Біз не білдік»
- Жалқаулық – жаман әдет.
- Барлық мамандық қажет
- Ұқыпты және жинақы бол.
Сабақты қорытындылау. Мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: - Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауды білу керек.
Болуы керек: Өз бетімен жұмыс жасау дағдысы болуы керек.
Жасай білуі: Матамен жұмыс жасай білуі керек.
Сулықты кестелеу
- Алтын Ысқаққызы
- 7 наурыз 2015
- 8367
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сулықты кестелеу, мектепалды даярлық тобына сабақтар
Ұқсас жаңалықтар:
Құрақ тігу технологиясы
Құрақ қиындыларын әзірлеуде мата түстерін таңдай білуге, әзір үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену. Құрақ түрлерімен таныстыру....Тігін машинасын жұмысқа дайындау
Тігін машинасында жұмыс жасаудан бұрын оны жұмысқа әзірлейді. Жоғарғы және төменгі жіптерді өткізеді, тігістің ұзындық жүрісін фрикциялық винт арқылы...Қауіпсіздік ережелері (технология пәні бойынша)
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ Қол инесімен жұмыс: 1. Үнемі арнаулы қобдишада сақтау керек. 2. Инені киімге қыстыруға болмайды. 3. Тігіс кезінде ине жібін...Кесте тігістерінің түрлері
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мұздыбаева Раушан Хасенқызы...Кесте тігістерін тігу
Жезқазған қаласының жалпы білім беретін №9 орта мектебінің технология пәні мұғалімі Кадырова Асем Дулатқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.