1 - ҰОҚ. Мен сурет саламын!
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты - жөні:
Сынып/топ: МАД Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ - нің оқу мақсаттары
0. 1. 1. 1. Түрлі сызықтарды (түзу, қисық, зигзаг, ирек, т. б.) пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу.
0. 2. 1. 2. Жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу нүктелерді салғанда тік ұстау.
0. 2. 2. 2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
түрлі сызықтарды пайдаланып, қарапайым заттарды салады;
жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу,
нүктелерді салғанда тік ұстайды;
жеке бас гигиенасының ережелерін орындайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер: қылқаламмен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын
сақтайды;
ұзын сызықтарды салу кезінде бүкіл қолымен қозғалыс
жасайды;
алдағы әрекеттерін айтады.
Кейбір тәрбиеленушілер: сызықтардың бірқалыптылығына бірігуіне, олардың жіңішкелігі
мен көркемдігіне қол жеткізеді;
өз ойларын шығармашылықпен жеткізеді.
Тілдік мақсаттар Тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сабақ мақсаттарын және оларға жету ұмтылысын түсінеді;
• пішінді бейнеге өзгерту жөнінде идеялар ұсынады;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• өзінің және құрдастарының жұмыстарын талқылайды және пікір білдіреді;
• сызық түрлерін, олардың сипаттық ерекшеліктерін ауызша формада анықтайды.
Көптілділік: сызық – линия – line.
Негізгі терминдер мен сөз тіркесері:
• сызық түрлері, ирек, түзу, үзік, қисық, әліппе - альбом, жұмыс орны, жеке гигиена.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сызық дегеніміз не?
Сызықтың қалыңдығы неге байланысты?
Қандай сызық түрлерін білесің?
Шеңберді неге айналдыруға болады?
Сенің бүгінгі көңіл - күйің қалай?
Сен мұны қандай түспен жеткізе аласың?
Бастапқы білім
Қылқаламмен жұмыс істеудің техникалық дағдылары, зат сұлбасын дұрыс жеткізу, оның нышандары туралы түсініктер.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған іс - әрекет
Ресурстар
I. Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0 – 1 минут (Ұ) ҰОҚ - де оң көңіл күй қалыптастыру.
«Мен күнмін» (қол ұстасып, өз сезімдерін айтады). «Мен кішкентай күнмін. Мен оянамын, жуынамын. Сәулелерімді тараймын және көкжиекке көтерілемін. Мен үлкен шармын. Менің жылуым мен жарығым көп. Мен жер бетіне және барлық адамдарға жылу сыйлаймын. Мен жылу таратамын, жер бетімен ұшамын және оны жарықтандырамын». Музыкалық сүйемелдеу,
Жіптерге байланған
Алуан түсті әуе
шарлары.
II. Өмірлік
тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2 – 5 минут (Ұ) Педагог алуан түсті әуе шарларымен Сурет еліне ұшуды ұсынады.
Педагог Сурет елінде балаларға суреттер көрсетеді және олардан қандай сурет салуды ұнататындықтары туралы әңгімелеуін сұрайды.
Сурет салу кезінде нені пайдалануға болады? Белгілі қазақ суретшілерінің
(Ә. Қастеев, Н. Г. Хлудов, К. Телжанов,
Н. Крутильников) көшірмелері.
III. ҰОҚ - нің
тақырыбы
бойынша жұмыс.
6 – 25 минут (Ұ) Әліппе - альбомдағы материалмен жұмыс.
Қуаныштың шарларының жіптеріне назар аударыңдар, Қуаныштан сыйлыққа қандай шарларды алғанды қалар едіңдер?
Әрбір шардың жібі не түрінде салынған? (Сызық түрінде.)
Сызықтар түзу, қисық, ирек, үзік, т. б. болады. Жіңішке сызық болу үшін қылқаламды қағаз Бетінде қалай жүргізуді көрсетіңдер? Жуан сызық үшін ше? Үзік сызық үшін ше? Бүгін біз қарапайым шеңберді түрлі заттарға айналдырамыз. Бұған бізге сызықтар көмектеседі.
Проблемалық жағдаят: шеңберді неге айналдыруға болатынын ойластыр. Бүгін біз қандай құралдарды қолданатын боламыз?
(Қылқалам.) Бізге акварельді бояулар да қажет болады.
(Ұ) Сергіту сәті
Сурет салу талабы,
Шабыттандырар баланы! (Жұдырықтарын ашып,
Саусақтарын ауада қимылдатады.)
Ашып альбом - дәптерді,
Бастаймыз сурет салуды: (Алақандарын ашады.)
Алдымен түзу сызамыз,
(Қолдарымен түзу сызық салады.)
Содан соң, достым,
Кішкентай шеңбер саламыз. (Білезігін қозғамай,
Саусақтары мен кішкентай шеңбер салады.)
Міне, біз салған шеңберлерден дөңгелек ауа шары
Пайда болды.
(Қолдарымен үлкен шеңбер салады.)
Ол жоғары қарай көтеріліп, бізге қол бұлғағандай
болады. (Білезіктерімен жоғары қарай ирек
тәріздес қозғалыстар жасайды.)
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс техникасы
Педагог заттарды парта бетінде орналастыру
ережелерін еске салады. Балалардан білезіктерін
қалайша дұрыс ұстау керектігін көрсетуін сұрайды.
Қылқалам, бояумен жұмыс барысында қауіпсіздік
Ережелерін еске салады. Балаларға «жеке гигиена» ұғымын түсіндіреді. Тәрбиеленушілерді жұмыс орындарын тазалықта
Сақтау қажеттілігіне ынталандырады.
(Ұ, Ө) Жұмыстың орындалу технологиясы.
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)
Педагог балаларға шеңберді белгілі бір затқа
айналдыруды ұсынады. Балалар суретті жасауда
қандай сызықтарды пайдаланатындығын анықтауы
тиіс. Қолданатын қылқаламды таңдаулары қажет.
Әліппе - альбоммен жұмыс.
Балаларға шеңберді үзік сызықпен айналдырып
шығып, артынан толық салу керектігін түсіндіреді.
Оған белгілі бір бейне, сюжет, ым - ишара, т. б. көрсетеді.
Соңынан балалар сызықтар туралы алынған
ақпаратты қолдана отырып, шеңберге күн бейнесін
беру үшін суретке ирек сызықтарды, бет, күлкі, т. б.
жасау үшін үзік сызықтарды қосады
Әліппе - альбом.
Түрлі өлшемдегі қылқаламдар №3,
№6, акварель, су төгілмейтін стақан,
мақта майлықтар.
IV. ҰОҚ - нің
қорытындысы.
Рефлексия.
26 – 30 минут (Ұ, Ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын талқылайды. Жасалған бейне туралы әңгімелейді. Педагог тәрбиеленушілерден өз жұмыстарын бағалауды сұрайды:
Кімге өз жұмысы ұнады?
Салғысы келген затты сала алды ма?
Сенің ойыңша, жұмыс мұқият, жақсы орындалды
ма, әлде онша емес пе? Не жүзеге аспады?
Кімнің суреті ең көп ұнады? Неліктен?
Өзін - өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе - альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс
мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш
қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар
болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай
алмадым деп ойласаңдар, бір
қылқаламды бояңдар. Балалардың жұмыстарын орналастыруға арналған стенд, әліппе -
альбом.
Мен сурет саламын!
- Қуаныш
- 4 ақпан 2023
- 705
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сурет салу мектепалды дайындық, өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы
Ұқсас жаңалықтар:
Қисық сызық сызу, көпбұрыш салу, құю құралын қолдану
Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің нформатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...Paint графикалық редакторының құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Крупская атындағы орта мектеп – балабақшасы Ақпекова Жеңісгүл Ермекбайқызы...Сызбаның масштабтары мен сызық түрлері
Алматы облысы, уйғыр ауданы, Шонжы селосы, №9 кәсіптік лицей. Сызу сабағының оқытушысы Рошанов Илхам Имамдунович №4Сабақ жоспары Сабақ тақырыбы :...Paint графикалық редакторы
№2 мектеп - гимназия Кулмурзина Замзагул Жораевна Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.