Білім беру салалары: таным, коммуникация.
Бөлімі: ҚМҰҚ.
Тақырыбы: Кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні. Таңертең, күндіз, кеш, түн.
Мақсаты: балаларды «ұзақтық» (уақыт) терминімен таныстыру.
Міндеттері: уақытты сипаттайтын сөздердің атауларын анықтау: кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні; таңертең, күндіз, кеш, түн. Зейін мен жадты дамыту. Шыдамдылыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтижелер: біледі: оқиғалардың уақыттағы реттілігін сипаттайтын сөздерді айтуды: кеше, бүгін, ертең, таңертең, күндіз, кеш, түн; игереді: тәулік мезгілдерінің кезектілігін; меңгереді: болған, болып жатқан және болатын оқиғаларға қатысты кеше, бүгін, ертең сөздерін қолдануды. Қажетті материалдар:№1 жұмыс дәптері, демонстрациялық материал, № 13 кесте.
ҰОҚ - нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Жұмбақтарды шешуді ұсынады: – Мен тамақ ішпеймін, Мен ешқашан ұйықтамаймын. Өне бойы тықылдаймын. Күн мен түнді бақылаймын. (Сағат) Ағайынды екеуі Шеңбер бойы жүгірген. Аласа бойлы ағасы Бір айналып өтеді, Ұзынтұра інісі Сағат сайын өтеді. (Сағат тілдері) – Сағат адамға нені білуге көмектеседі? (Уақытты) Бүгін біз оқиғалардың ұзақтығы мен кезектілігін, яғни ненің бұрын, ненің кейін болғанын анықтап білеміз.
2. Негізгі кезең. – 12 - кестедегі суреттерді қараңдар. Бірінші суретте не бейнеленген? – Екінші (үшінші, төртінші) суретте не бейнеленген? – Әр суреттің астына осы оқиғалардың ретіне сәйкес сан жазылған карточканы қойыңдар. Осы оқиғалардың болатын уақытын білдіретін сөздерді табуды ұсынады. Сөздерді рет-ретімен хормен айтуды сұрайды: таңертең, күндіз, кеш, түн. «Таңертең», «күндіз», «кеш», «түн» сөздерін білуді бекітетін 1 - тапсырманы орындатыңыз. Балалардың таңертең, күндіз, кешке, түнде не істейтіні туралы сұхбат жүргізеді. Ата-аналар балаларды балабақшаға қашан әкеледі және қашан әкетеді? Балалар қай уақытта ұйықтайды, түскі тамағын қай кезде ішеді? Кестедегі суреттерді қарайды. Ретке келтіріп, тәулік мезгілдеріне атау тағайындайды: таңертең, күндіз, кеш, түн («тәулік» немесе «күн» сөздері қолданылмайды) Тамақ ішу рәсімінің атауын қайталаған дұрыс: таңертең – таңғы ас, күндіз – түскі ас, кешке – кешкі ас, ал түнде адамдар тамақ ішпейді, ұйықтайды. Сергіту сәті
«Күн мен түн» дәстүрлі ойыны. Педагог «күн» деген кезде, балалар секіреді, «түн» дегенде, тоқтап қалады. 2 - тапсырманы орындауды ұсынады. – Суретке қараңдар. Онда не бейнеленген? Алдымен не болды? Одан кейін? Соңында не болды? № 12 кестемен жұмыс. Педагог «кеше», «бүгін», «ертең» сөздерін енгізеді. Балалардан кеше не болғанын еске түсіруді сұрайды. Ал бүгін не істеп жатыр? Ертең не істегілері келеді? «Бүрсігүні» және «арғы күні» деген сөздер балалар үшін қиындықтар туғызады. Сондықтан педагог олардың мағынасын нақтылау үшін бір - бірінен кейін бірізді болған 5 оқиға бейнеленген суреттерді іріктеп дайындайды. 3 - тапсырма. Педагог пиялалардың орналасу орнын атайды. Мысалы, оң жақ төмендегі пияланы сары түске бояу керектігін түсіндіреді. Ал балалар қалған пиялалардың орналасқанын айтады. Одан кейін оларды сары түске бояйды. Одан кейін тексерумен өзіндік жұмыс жүргізіледі. Ойын ережесіне сәйкес қимылдар жасайды. Балалар ретімен сызып қосады. Дауыстап қайталайды: кеше – ол өтіп кеткен. Бүгін – қазір болып жатыр. Ертең – ол болады. «Кеше», «бүгін», «ертең» сөздерін кестедегі суреттерге сәйкестендіріп айтады (сонымен қатар мынадай үлгіде сөз тіркестері мен сөйлемдер құрай алады: алдымен гүлшанақ болды – бұл кеше болды; одан кейін бүгін гүл ашылды, ал ертең ол қурайды). Балалар ойынға қатысып, заттардың кеңістікте орналасуын сипаттайтын сөздерді айтады.
3. Рефлексия. Оқу қызметін қорытындылайды. Бүгін қандай сөздерді білгендерін немесе қайталағандарын сұрайды. Балаларды мадақтайды. Әсерлерімен бөліседі.
Кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні
- Алипова Жансая Кенжеғалиқызы
- 21 желтоқсан 2020
- 8269
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мектепалды даярлық, уақытты сипаттайтын сөздердің атауларын анықтау
Ұқсас жаңалықтар:
Ойлайық та, ойнайық!
Балаларды ойын арқылы сабақтастыра отырып түстерді ажыратуға, пішіндерді ажыратып орналастыра білу шапшаңдылыққа үйрету, жоғары - төмен, көп - аз...«Toys. Letter Dd»
Мақсаты: • Балаларды «Toys» тақырыбындағы жаңа лексикамен, жаңа әріппен таныстыру. • Жаңа: car, doll, robot, ball, girl, boy лексикалық бірліктерін...New words: I`m a …. Help me.
Мақсаты: • Жаңа: cat, mouse, cheese, milk, Help me лексикалық бірліктерін беру. Өткен оқу іс - әрекетінде үйренген: кейіпкерлерді айыра білу, оларды...Бала тілі - бал
Білім беру саласы: Таным Оқу іс – әрекетінің түрі: Қарапайым математика. Мақсаты: Балалар 0 - 5 дейінгі сандарды тура, кері санау, жұбын табу, апта...Сын - қимыл үстеулері (4 класс)
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектеп Бакова Анджела Оспановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.