Сайтқа кіру Тіркелу

5 саны мен цифры

Математика
Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры
Сабақтың мақсаттары:
1. 5 саны, 5 цифрымен таныстыру. Оқушыларды 5 - ке дейінгі санауға, қосуға, азайтуға үйрету.
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын дамыту.
3. Еңбек етуге, ұлттық салт – дәстүрімізді қадірлей білуге, эстетикалық тәрбиеге назар аудару, дұрыс жүріп - тұруына, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, ойын санау, ауызша есептеу, санау.
Көрнекілігі: Санау материалдары, кеспе сандар, таңбалар, ойыншық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кіріспе әңгіме.
Балалар бүгінгі біздің сабағымыздағы ойындардың барлығына түгел қатысып нәтижесін дұрыс шешіп берсеңіздер сый – сыяпатқа ие боласыңдар.
Ал енді сабаққа кірісейік
«5 сандық санамақ» (Ж. Смақов)
Санамақ.
Ал, санайық, санайық
Қане, қане санайық
Санын біліп алайық
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу.
Қолымда саусағым сонда бесеу.
1. Сандар жазылған карточкалар.
Санамақты тыңдап болғаннан кейін балаларға карточкалар үлестіріліп беріледі, балалар 1, 2, 3, 4, 5 сандар бойынша рет – ретімен қатар түзеп тұрады. Алдында қандай (1, 2, 3) сандар, оң және сол жағындағы сандарды ажыратуға назар аударылады.
1 - 5 сандары өз реттерін тауып түзу тақта алдына келіп тұрады.
2. Санамақ айтылады.
1 - дегенім білім
Білім жарық күнім
2 - дегенім еңбек
Еңбек бәрін жеңбек.
3 - дегенім үміт
Үміті жоқ жігіт
4 - дегенім талап
Талмайтын қанат
5 - дегенім бірлік
Бірліксіз жоқ тірлік.
3. Өткенді қайталау. 4 саны
4 саны шығу үшін 1 - ге, 2 - ге, 3 - ке нешені қосу керек екендігін балаларға есептету.
1+3=4
2+2=4
3+1=4 шешеді
4. «Вагондардың орнын тап» ойынын ойнату.
Балалар, кім жылдам ауысқан вагондардың орнын табар екен. Жылдам тапқан оқушы бүгінгі сабағымыздың білгір, озат оқушысы болады.
Суретте неше вагон кескінделген.
4 - 4 санына байланыста
3 сызықтан тұратын.
Балалардың құралы
Велосипед оңдайтын
Кілт боламын баяғы
5. 5 саны туралы тақпақ
Төрттен кейін бесті
«Білу оңай» десті
Бес көлеміндегі сандарды ретімен санауға, қатардағы орнын анықтауға, бес көлеміндегі әрбір кез келген сан өзінің алдындағы саннан артық, өзінен кейінгі саннан бір санға кем екендігін түсіндіру. Бес саны шығу үшін қандай амал қолданамыз.
(қосу амалы: 4+1=5
3+2=5
2+3=5
1+4=5)
Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып,
Біз шынығып алайық.
«Сан ретін тап» ойыны.
Санның ретін, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. 1, 2, 3, 4, 5
Жұмбақ шешу: Туысқан бес кісі
Бірінен бірі кіші
Бәрінің аты бар,
Ең кішісі шеткісі ( бес саусақ)
Балалардың білім деңгейі сабақ үстіндегі берген нәтижесі есептелініп, жылдам тапқырлық көрсеткен балалар марапатталады.
Сабақ аяқталды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×