Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шығырлы ауылы,
Ә. Молдағұлова негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Матбаева Раушан Талгатовна
Тақырыбы: «Ұлттық ойындар» математикалық сайыс. (Кластан тыс іс - шара, 5 - 8 кл арасында)
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың зеректігін, тапқырлығын, ойлау қабілетін дамыту.
Оқушыларды шапшаңдыққа, алғырлыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: PowerPoint бағдарламасында құрылған презентация, математика туралы ақын - жазушылардың сөздері. Оқушылардың класы, тобының аты жазылған алдарына қоятын қағаздар.
Барысы:
1. «Таныстыру»
2. «Қыз қуу»
3. «Асық ату»
4. «Ақ серек, көк серек».
5. «Ақ сүйек»
6. «Теңге алу»
7. Қорытынды.
Мінекей залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
«Ұлттық ойындар» атты ойынымызды бастаймыз.
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, математика жанкүйерлері. Бүгінгі «Ұлттық ойындар» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымызға қатысушы топтармен таныс болыңыздар.(Әр топ өзін қысқаша таныстырып өтеді.)
1 - топ «5 - 7»кластар
2 - топ «6 - 8» кластар
Бүгінгі ойынның есепші операторлары 9 кластың озат оқушылары:...
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді.
Жеңістің, биік шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт - сапар тілейік.
1 - тур «Таныстыру» әр топ ортаға шығып тобын таныстырады.
2 - тур «Қыз қуу» ойыны. Тақтаға бір ұл, бір қыз шығып есеп шығарып жарысады. (5 ұпай бағаланады)
1) (35*18)/7=90 7) 3*+**5=*004
2) (48*13)/12=52 8)*12*- 62*6=1*42
3) (72 - 24)/8=9 - 3=6 9) 6*5+*7*=1061
4) (60 - 25)/5=12 - 5=7 10)*6*- 1*5=173
5) (125 - 75)/25=5+3=8 11)*7*+1*9=982
6) (27+54)/9=3+6=9 12) 6*5 -*7*=130
Мұғалім: Кезекті ойынға береміз. 3 тур «Асық ату» деп аталады. Бұл бөлімде әр топқа 5 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап 1 асық – 5 ұпай (барлығы 5 асық – 25ұпай). Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда қарсы топтардың бірінші болып қалақшаны көтергені жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берсе, асық – ұпай сол топқа беріледі. Әр топ өзіне фигура таңдап, сол фигураның сұрақтарына жауап береді.
4 - тур «Ақ серек, көк серек» ойыны (Мимика)
Оқушылар қарама - қарсы тұрып «Ақ серек, көк серек бізден сізге кім керек?» деп шақырады. Келесі топ бір оқушыны шақырады. Шақырған оқушы парақшаларда берілген сөздерді мимика арқылы жеткізуі керек. Олар шешімін тапса, оқушы сол топқа барып қосылады, шешімін таппаса, өз тобында қалады. Ойын осылай бірнеше рет қайталанады.
1. Сызғыш
2. Циркуль
3. Сандар
4. 6 саны
5. Шеңбер немесе дөңгелек
6. Геометриялық фигуралар
5 тур «Ақ сүйек»
Міне есеп «»
«» да қалмасын
Көбейт, азайт және бөл,
Жақша қой да, қосу қой
1. 5 5 5 5=3
2. 5 5 5 5=6
3. 5 5 5 5=26
4. 5 5 5 5=50
6 6 6 6=5
6 6 6 6=8
6 6 6 6=24
6 6 6 6=48
«Көрермендер көзайымы»
... еу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Ерінген... Істейді.
Білгенің......,
Білмегенің... тоғыз.
Бесік баласы... түлейді.
Еңбегің егіз болса,
Байлығың... болады.
Ердің сөзі... еу,
Ердің көгі –... еу.
... атасын білмеген,
Жетімдіктің белгісі.
...... мүшең сау болса,
Қара басың ханмен тең.
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.
Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.
«Ұлттық ойындар» математикалық сайыс
- akyl_bek_92
- 14 қыркүйек 2016
- 4467
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Математикалық сайыс, ұлттық ойын, математикадан сайыс сабақ, жарыс
Ұқсас жаңалықтар:
XXI ғасыр көшбасшысы ойыны
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға, жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Міндеті: 1. Білімділік: Ойы жүйрік, танымдық...Кім алғыр
1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды шапшаңдыққа,...ХХІ ғасыр көшбасшысы
оқушылардың математикалық, тілдік білім - біліктерін тексеру. Ұмыт қалған тақырыптарын еске түсіру. Қызықты сұрақтар арқылы білімдерін толықтыру....Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге...«Қазақ тілі сабағындағы ұлттық ойындардың ролі»
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.