ОҚО, Сайрам ауданы,
№63 Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебі
Пән мұғалімі: Убайдуллаев Ойбек
Сабақтың тақырыбы: « Математикалық сандық» ойыны.
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:
1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Бәйге мақал - мәтел жарысы.
3. Тез есепте
4. Логикалық сұрақтар
5. Кім жылдам.
6. Жұмбақтар
7. Капитандар сайысы
8. Қорытынды
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон)
1 - жүргізуші: Армысыңдар, ағайын,
Ағайын тілін табайын
2 - жүргізуші: Бармысыңдар бауырлар
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар
1 - жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс - жаздар
2 - жүргізуші: Ізетке ие інілер,
Інілер, еті тірілер
1 - жүргізуші: Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып
2 - жүргізуші: Көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып
Екеуі бірігіп: Бәріңізге бір сәлем.
1 - жүргізуші: Енді кешті бастайық
2 - жүргізуші: Екеуміз енді саспайық
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математикалық сандық» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.
1 - жүргізуші: Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз
жеткіземіз.
2 - жүргізуші: Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық
1 - жүргізуші: Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің,
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер – деп алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Бәйге (логикалық есептер)
3. Тез есепте
4. Логикалық сұрақтар.
5. Кім жылдам.
6. Жұмбақтар
7. Капитандар сайысы
8. Қорытынды
Көңілді тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады үш тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік білімдерін сараламақ
Сұрамақ шығуларын жұрт алдына.
І тур. Таныстыру. (Әр команда өздерін таныстырады)
«Алғырлар тобы»:
Шақырып жарыстарды сан – салалы,
Алғырлар топ жарғалы зер салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Тапқырлар командасын қарсы алады!
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
Жеңіс туың желбіреп алауласын,
Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.
«Әділқазыларға сәлем»:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
«Тапқырлар тобы»:
Осындай алғыр достар кез – келгенде,
Жетсін – ау, жарыстарда жеңгенге – не?
Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де!
Құрметпен алғырларда ой – саналы,
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ән салады.
«Әділқазыларға сәлем»:
Достықпенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін «Тапқырлардың» әділ сына.
ІІ тур «Бәйге» немесе мақал - мәтел жарысы.
Әр топқа 6 мақалдан оқылады. Мақалдың жалғасын айту керек. Дұрыс жауап 10 ұпай.
«Алғырлар» тобы
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл.)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомын болғанша, (жүз досың болсын)
«Тапқырлар» тобы
1. 7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
2. 8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
3. 9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
4. 10. Білімнің басы — бейнет (соңы — зейнет).
5. 11. Оқусыз білім жоқ (Білімсіз күнің жоқ).
6. 12. Ақыл азбайды, (Білім тозбайды)
ІІІ тур. Тез есепте.
Әр топқа бірдей есеп беріледі, әр топтан бір - бірден кезекпен оқушылар шығып бір ғана амалды орындап отырады.
(43*19 - 26928: 33)*(16112: 53 — 304)
Ж: 0
IV тур. Логикалық сұрақтар Бұл сайыста екі топқа ортақ сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші қол көтерсе жауап береді. Бір рет жауап берген соң екінші рет жауап беруге болмайды!
1. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? (10)
2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
3. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? Жауабы: 300 кг
4. Кітапқа 100теңге және тағы сол кітаптың жарты бағасы төленді. Кітап қанша тұрады? Жауабы: /150 теңге/
5. Қаламсап қарындаштан 15 теңге қымбат. 5 қаламсап 5 қарындаштан қанша теңге қымбат тұрады? Жауабы: /75 теңге/
6. Зауытта 3 дөңгелекті велосипед жасайды. Велосипедке 2 кішкентай және 1 үлкен дөңгелек керек. Қанша велосипед жинауға болады, егер 30 кішкентай және 15 үлкен дөңгелек болса? Жауабы: /15/
7. Алты 7 - ден 100 санын жаз. Жауабы: (777 - 77): 7=100
8. Бөлменің 4 бұрышында бір - бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (48)
9. Егер ең үлкен 2 таңбалы саңнан екі 8 санымен жазылатын сандарды азайтып, одан алынған санға ең кіші екі таңбалы санды қосса, онда Алияның сыныбында қыз балалардың саны шығады. Алияның сыныбында қанша қыз бар? Жауабы: /99 - 88+10=21/
V тур. «Кім жылдам?» Бұл сайыста да екі топқа ортақ сұрақтар қойылады. Жылдам жауап беру керек.
1. 3, 4 және 8 сандарының бәріне бөлінетін ЕКОЕ қандай? (24)
2. Тордағы барлық күшіктердің аяқтарының саны 84, сонда тор ішінде қанша күшік? (21)
3. Егер екі кірпіш салмағы 12кг болса, 5кірпіш салмағы неше кг? (30)
4. Ең кіші натурал сан (1)
5. 17 құрама сан ба? (ия)
6. Ең үлкен үш таңбалы сан (999)
7. 45, 27, 81 сандарының ЕҮОБ тап (9)
8. Жай да емес, құрама да емес натурал санды атаңыз? (1)
9. 4 саны 100 санының қандай бөлігі?( )
10. 100 жылдың басқа атауы (ғасыр)
VI Жұмбақтар. Әр топқа 3 жұмбақтан жасырылады. Жауап бере алмаса қарсы топ жауап беруине болады. Дұрыс жауап 5 ұпай.
«Алғырлар» тобы
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан - жағыңа қарамай? (натурал сан)
Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )
«Тапқырлар» тобы
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )
Бір – бірімен жарысқан
4 аю, бір арыстан
2 қой мен 1 түлкі
Бәрі нешеу кім білді ( 8 )
Бір шеңбердің үстінде, бір шеңбер.
(8)
VII Капитандар сайысы.
(Әр топ капитандары 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру керек. Егер жауабын білмесеңіздер «келесі» деп жауап бересіздер. Дұрыс жауап 5 ұпай.)
І топқа:
1. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабының авторы? (Алдамұратова, Байшоланов)
2. 7 майшам жанып тұр, 4 - уін сөндірсек неше майшам қалады? (4)
3. 1 ден 10 - ға дейін натурал сандардың қосындысы нешеге тең? (55)
4. 1/10 санының кері саны? (10)
5. Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе, онда 1 ат неше км шауып өтеді? (60км)
6. Не ауыр? Бір кг түбіт аур ма, әлде бір кг темір ауыр ма? (екеуі тең)
7. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
8. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)
9. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут? (15 минут)
10. 225 нешенің квадраты (15)
«Тапқырлар» тобы
1. 25 саны 100 - дің неше бөлігі? ( )
2. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн?(29 ақпан)
3. Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
4. Бір жанұяда бес ұл бала бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? (6 бала)
5. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш болады? ( 5 )
6. Бір жұмыртқа 5 минутта піседі, ал бес жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минутта
7. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4 - тен артық, 5 - тен
кем сан шығады? ( үтір )
8. 86 санын еш амал қолданбай 12 - ге арттыр. (98)
9. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Неліктен олай? (екеуі тең)
10. 25 - тің квадраты (625)
VIІI. Қорытынды.
Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз. Жеңімпаздар марапатталады.
Математикалық сандық
- oibek1220
- 15 ақпан 2016
- 12913
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математикалық сайыс, математикалық сандық ойыны
Ұқсас жаңалықтар:
Математика пәнінен сайыс сабақ
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты жалпы білім беру орта мектебі математика пәні мұғалімі Жанарай Жалғасқызы Адамбекова...«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...Математика елінде
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі: Умбетова Гульмира Борисовна...Математикалық сандықша
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №18 А.Қосанұлы атындағы ОМ Математика пәнінің мұғалімі Байбосынова Р.Ж...."Математикалық сандық" сайыс сабағы
Жорықбаева Индира Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №105 қазақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: « Математикалық сандық»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.