Сайтқа кіру Тіркелу

Қосу формулалары

Сабақтың тақырыбы: Қосу формулалары
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Екі бұрыштың қосындысы мен айырымындағы тригонометриялық функциялардың формулаларын игеру, осы формулаларды тригонометриялық функцияларды тепе - тең түрлендіру кезінде қолдана білуге үйрену

Адам боп өтейік,
Адам боп туған соң.
Мақсатқа жетейік,
Мақсатты қуған соң.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, кеспелер, таблицалар.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ. Өткенді қайталау.
 Sin(π/2+α)= sin (π+α)=
 cos(π/2+α)= ctg(π - α)=
 tg(π/2+α)= tg(2π+α)=
 Негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктер

ІІІ Жаңа сабақ:
Бүгінгі біз сабағымызды ерекше етіп өткізбекшіміз.. Мамандыққа апаратын жол, ол қандай болмақшы. Ол үшін біз не істеуіміз керек? Қалай ойлайсыңдар?. Қандай мамандық түрлерін білесіңдер? Мамандыққа апаратын бірінші жол. Мамандықты қазіргі қоғамда игеру үшін мынадай арнайы талаптар қажет:

1) Арнайы дайындықты қажет етеді?
Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының тригонометриялық функцияларын сол бұрыштардың тригонометриялық функциялары арқылы өрнектейтін формулаларды қосу формулалары деп атайды.
Кез келген α, β бұрыштары үшін
cos( α - β )═ cos α cosβ+sin α sin β (1)
cos( α + β )═ cos α cosβ - sin α sin β (2)
sin( α + β )═ sin α cosβ+cos α sin β (3)
sin( α - β )═ sin α cosβ - cos α sin β (4)
(1)-(8) формулалары қосу формулалары деп аталады.
1 - мысал. cos105º мәндерін табайық.

cos105º═cos(60º+45º)=cos60ºcos45º - 0ºsin45º=
=
2 - мысал. cos( α + β )- cos( α – β)═ cos α cosβ - sin α sin β - cos α cosβ - sin α sin β ═- 2 sin α sin β

2) Адам үнемі тәжірибе алмастырып отыру керек.
ІV. Бекіту
Есептер шығару. Әр есеп ұпаймен бағаланып отырады. Ұпайлар жинау арқылы сендер әр мамандықтың иесі боласыңдар.
№342
sin α ═0, 625, sin β═0, 8 және 0<α<90º, болса онда
cos( α + β )- cos( α – β)═ болатынын есепте (10 ұпай)

№344 а, ә (10 ұпай)
№345 (10 ұпай)
№347 (10 ұпай)

№348
Жинаған ұпайларың бойынша өз мамандықтарын таңдап алады.(аттары кеспелерде жазылған).
Енді мынау кесте арқылы өзіңнің нарықтық бағаңды және жұмыс алуға мүмкіндігің бар ма екенін тексересің.
• 10 балл - осындай қасиетім бар
• 9 - 6 балл - бар, бірақ жеткіліксіз
• 5 балл - білмеймін
• 4 - 2 балл – барынан жоғы көп
• 1 балл - мүлде жоқ
Жұмысшының шеберлігі Менің бойымда бар
Іскерлік шеберлігің
Қабілетің
Біліктілігің
Моральдік сапа
Эмоцианалдық күш жігер
Білімім
Жұмыс істеуге ниетің
Тағы да басқа мүмкіндіктерің

Қорытынды
60 - 80 балл. Сенің ұмтылысың күшті, жақсы жұмыс табуға мүмкіндігің мол.
30 - 59 балл. Жақсы жетістіктерге жету үшін әлі де жұмыс істеу керек
29 - дан төмен мүмкіндігің шамалы

3). Өмір сүруіңе нәр болатын қайнар көзің (Қорытындылау)
Сабағымды ұлы Абай атамыздың өлең шумағымен аяқтағым келеді.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан;
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!
V. Бекіту

Үйге тапсырма №343 №349
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×