Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілерімен таныстыру;
Дамытушылық: Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есеп шығару, теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісін, ойлау қабілеттерін, пәнге қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өзара көмек беруге, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, бор, кітап, білім бағалау парағы.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушылар, бүгін біз сабағымызды түрлендіріп, сайыс түрінде өткіземіз. Ол үшін сыныпты 3 - топқа бөлеміз. Топқа бөлінбес бұрын әрбір оқушы жұлдызша таңдап алады. Әрбір оқушы өзіне ұнаған түстерге сәйкес топтарға бөлінеді.
1 - топ: Зерделілер (қызыл түс)
2 - топ: Ойшылдар (сары түс)
3 - топ: Тапқырлар (жасыл түс)
Топ мүшелерін сайлайық.
1 - топ басшысы
2 - топ басшысы
3 - топ басшысы
II Үй тапсырмасын тексеру. Допты лақтыру әдісі
1 - топ
1. Натурал а - санының бөлгіші дегеніміз не?
2. 12 - санының бөлгіштерін ата
3. Қосындының бөлінгіштігі
II топ
1. Натурал а - санының еселігі деген не?
2. 7 - санының еселіктерін ата
3. Көбейтіндінің бөлінгіштігі
III топ
1. Натурал сандардың бөлгіштер жұптарының көбейтіндісі неге тең?
2. Натурал санның ең үлкен бөлгіші неге тең?
3. Айырманың бөлінгіштігі
III Жаңа сабақ
1. Оқушылар, оқулық пен дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің ретімен тақырыпты жазыңдар. Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың «2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілері».
Оқушылар, бөлінгіштік белгілері дегенді қалай түсінеміз? Оқушылар жауап береді.
Дұрыс айтасыңдар, оқушылар, бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже бөлінгіштік белгісі деп аталады.
Сабағымызды бастамас бұрын топтарға мынандай тапсырмалар беремін.
1топ
1. 10 - нан 30 - ға дейінгі сандардың ішінен 2 - ге еселік сандарды жазыңдар.
2 топ
1. 10 - нан 40 - қа дейінгі сандардың ішінен 5 - ке еселік сандарды жазыңдар. Бұл сандардың соңғы цифрлары қандай цифрлар?
3топ
1. 146, 160, 213, 230, 381, 450 сандарының қайсысы 10 - ға бөлінеді? Қайсысы 10 - ға бөлінбейді?
Ендеше, оқушылар, біз «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тарауын оқып жатқандықтан натурал сандардың қай сандарға бөлінгіштік белгілерімен танысады екенбіз? (Оқушылар жауабы)
1) 2 - ге еселік сандар қандай цифрлармен аяқталған?
Ендеше, балалар 0, 2, 4, 6, 8 цифрларын жұп цифрлар деп атайды?
Ал, қалған цифрлар 1, 3, 5, 7, 9 тақ цифрлар деп аталады.
Қандай цифрмен аяқталатын натурал сандар 2 - ге бөлінеді? Жазылуы жұп цифрымен аяқталатын сандар.
Қандай натурал сандар 5 - ке бөлінеді? Жазылуы 0 немесе 5 цифрымен аяқталатын сандар
Қандай натурал сандар 10 - ға бөлінеді? Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын сандар
IV Жаңа білімді бекіту
Оқулықпен жұмыс
№ 605
54, 60, 71, 102, 107, 208, 379, 420, 620, 653, 1000, 5632, 10895, 13786 сандарының қайсысы жұп, қайсысы тақ сан? Бір жолға тақ сандарды екінші жолға жұп сандарды теріп жазыңдар.
Тақ сандар: 71, 107, 379, 653, 10895
Жұп сандар: 54, 102, 208, 420, 620, 1000, 5632, 13786
№ 606
144, 173, 184, 278, 391, 415, 520, 997, 990, 646, 825, 975 сандарынан
1 топ. 2 - ге бөлінетін: 144, 184, 278, 520, 990, 646
2 - топ. 5 - ке бөлінетін: 415, 520, 990, 825, 975
3 - топ. 10 - ға бөлінетін сандарды жазыңдар 520, 990
Сергіту сәті
V Математикалық диктант
I топ
1. Бір санның екінші санға бөлінгіштігін анықтайтын ереже. Бөлінгіштік белгісі
2. Қандай цифрлар жұп цифрлар деп аталады? 0, 2, 4, 6, 8
3. 916+328 қосындысы 2 - ге бөліне ме, 5 - ке бөліне ме? 2
4. 7*16 көбейтіндісі 2 - ге бөліне ме, 10 - ға бөліне ме? 2
5. 10 - ға бөлінетін сандардың барлығы 2 - ге, 5 - ке бөліне ме? Иә
II топ
1. Қандай цифрлар тақ цифрлар деп аталады? 1, 3, 5, 7, 9
2. Қандай цифрлар жұп цифрлар деп аталады? 0, 2, 4, 6, 8
3. 1000+628 қосындысы 2 - ге бөліне ме, 5 - ке бөліне ме? 2
4. 88*10 көбейтіндісі 10 - ға бөліне ме? Иа
5. 5 - ке бөлінетін сандар қандай цифрмен аяқталады? 0 және 5
III топ
1. Қандай сандар 2 - ге бөлінеді? Жазылуы жұп цифрымен аяқталатын сандар
2. Қандай цифрлар жұп цифрлар деп аталады? 0, 2, 4, 6, 8
3. 710+312 қосындысы 2 - ге бөліне ме, 5 - ке бөліне ме? 2
4. 21*6 көбейтіндісі 2 - ге бөліне ме, 10 - ға бөліне ме? 2
5. 107, 93, 21 қандай сандарға жатады? Тақ
Балалар, биыл қандай атаулы мейрамдар тойлануда? Сол атаулы мейрамдарда кездесетін цифрлар қандай сандарға жатады? Жұп сандар мен тақ сандар тағы басқа қай жерлерде кездеседі?
Оқушылар 2, 5, 10 сандары сонымен қатар киелі сандарға жатады.
VI Сандар сөйлейді.
2 санына байланысты
Күні - түні дем алмайтын екеу:
1. Ай. 2. Күн.
Патшалық құрған екі мұсылман:
Мұсылмандардан: 1. Сүлеймен. 2. Ескендір Зұлқарнайын.
Пейіште көрінбейтін:
1. Күндіз. 2. Түн.
Пейіште болмайтын:
1. Ауру - сырқау. 2. Ұйқы
Жақсы дос пен жаман дос:
1. Мал - мүлік. 2. Ұл - қызы
5 санына байланысты:
Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй - іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз
10 санына байланысты
Он түрлі жаман:
Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейін сандарды жазып, үш биге жіберіпті, «Сізден рұқсат болса, жауап береміз» - деп қағазды Қазыбек биге жіберіпті.
Сонда Қазыбек би бірден мына төмендегідей жауап беріпті.
1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Елден қашқан ер жаман. 4. Шілдірден шошыған ат жаман. 5. Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7. Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8. Серкесіз бастаған қой жаман. 9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60 - та бәйбішеден айырылған тіпті жаман.
VII Шығармашылық тапсырма
Жазылуында 0, 5 және 6 цифрларын бір рет қана пайдаланып:
I топ
2 - ге бөлінетін;
II топ
5 - ке бөлінетін;
III топ
10 - ға бөлінетін үш таңбалы сандарды жазыңдар.
VIII Үйге тапсырма. № 615. 0, 3, 4және 5 цифрларын бір рет қана пайдаланып, екі таңбалы сандарды жазу.
№ 617. Жұлдызшалардың орнына тиісті екі таңбалы санның ең үлкенін қойып, бөліндіні табыңдар. (90+430)/5=104
IX Бағалау
Топ басшысының топтарды бағалауы. Топ бойынша бағалау.
Рефлексия
Бағалау парағы
I топ Үй тапсырмасы Жаңа сабақ Есептер шығару Математикалық диктант Шығармашылық тапсырма Қорытынды баға
Натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке және 10 - ға бөлінгіштік белгілері
- balzhan.9
- 8 ақпан 2016
- 12171
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Натурал сандардың екіге беске және онға бөлінгіштік белгілері
Ұқсас жаңалықтар:
Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері
Білімділік: Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілерін тез есептеуде, мәтін есептерді шығаруда, дәлелдеуде орынды, жүйелі қолдана білуге...Жай сандар, құрама сандар 5 сынып
Сабақтың мақсаты: 1) Жай сандар және құрама сандарды ажырата білуге үйрету....2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері
- натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік белгілерін анықтап, айта алады. - натурал сандардың 2 - ге, 5 - ке, 10 - ға бөлінгіштік...Математикадан графикалық диктанттар жинағы
Ақтау қаласы, Дайындаған: математика пәні мұғалімі Сарсенова Әдемі Махтумбердіқызы...2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Қызылүй негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Губвашева Зоя...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.