Сайтқа кіру Тіркелу

Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту

Қарағанды қаласы,
№61 жалпы білім беретін орта мектеп.
Математика пәні мұғалімі.
Билисова Алтын Рахимтаевна

Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту

Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012 - 2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс - қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап көрсетті [2]. Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың бес жылдық Ұлттық іс - қимыл жоспарын қабылдау бойынша нақты міндеттер Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтардағы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында белгіленді [3].
Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады [4].
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсетті. [ 1] Қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Қазіргі таңда білім жүйесі туралы түсінік кеңейді, мақсат міндет, мазмұны көзқарасы өзгерді, негізі мақсат жеке тұлғаның қалыптасуы, ойлай және сезе алатын адам дайындық, сонымен қатар алған білімін өмірде қолдана білу.
Осы мақсатта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дәстүрлі емес сабақтар арқылы көрсетуді негізге алып отырмын.
1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жағдайы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - жаңаша педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселесі болып тұр. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - оқу тәрбие процесіне ықпал етудегі өмір талабы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары, олардың танымдық қабілеттері мен өзіндік іс - әрекеттерді дамыту педагог, психолог, әдіскерлер және мұғалімдердің міндеті. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - мәселені шешуде, оқу сапасының артуына, технологияларды ұтымды қолдануға көмек беретін негіз болып табылады. [ 2].
Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына орай өзіміздің ұлттық болмысымызға, негізге алынған ұстанымдарымызға сай жетілдіру үшін «Нәтижеге бағдарланған білім» моделін ұсынады [7]. Мектеп түлектерін өмірде болып жатқан өзгерістерге дайындау және білім беруді заман ағымына сай өзгерту мақсатында оқытудың түпкі нәтижесі ретінде оқушылардың игерген құзыреттіліктері алынған (2 - сурет).

1. 1 Математика сабағында функционалдық сауаттылығын дәстүрлі емес сабақтар арқылы көрсетуге қажетті құралдар.
Сабақта дұрыс алынған проблемалық ситуациялар, құбылыстар мен шамалар арасындағы тәуекелдікті дұрыс анықтай білуге дайындайды. Бұл кезде оқушылардың ойлауы белсенді, үдемелі жұмыс жасайды.
Мәселені сәйкестендіру кезінде сұрақтар қою арқылы – практикалық есептер, мына талаптарды қамтамасыз етуі қажет.
Оқушылардың есептерді кез - келген әдіспен шешу, оқушылардың шығармашылық қабілетін кеңейту.
Дәстүрлі емес сабақтардың классификациясы.
Дәстүрлі емес сабақтардың көбеюіне байланысты оны классификациялау қажет болды.
Классификациялау үлкен көлемді ақпараттан өзімізге қажетті және қызықты, бөлімдерді бөліп алуға көмектеседі. Қазіргі кезде нақты нұсқаулармен ғана жүре алатын, өзіндік пікірі, көзқарасы, ойлау қабілеті төмендеп кеткен, осының негізінде сабақ пен әдіс тәсілдердің бір - біріне сәйкес келмейді. Осыдан келіп өзіндік «мені», өзіндік көзқарасы бар «ой - пікірі» қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру үшін, мұғалімнің бойында да тұлғаның қасиеті болу керек.

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқ ...

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқ ...

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математика бағытындағы 10 - 11 сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен...
«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математика бағытындағы 10 - 11 - сыныптарына арналған «Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы...
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Қазақстан білім берудің ұлттық жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру қызметтерінің қол жетімділігі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына...
Математика сабағында оқушыларының функционалдық сауаттылығын  дамыту жолдар ...

Математика сабағында оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдар ...

Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық...
Халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында бастауыш сын ...

Халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында бастауыш сын ...

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің директордың әдістеме жөніндегі орынбасары...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×