Сайтқа кіру Тіркелу

Жас математик

Сабақтың тақырыбы: «Жас математик»
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Білімділік мақсаты:
Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету
Дамытушылық мақсаты:
Ой - өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін, ақпараттық құзіретттілігін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенділікке тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру
Сабақтың барысы:
Жоспары:
1. Топқа бөлу
2 Ширату тесттері
3. Логикалық сұрақтар
4. “Үндемес” ойыны
5. Әріптер әлемі
6. Топ басшылар сайысы
7. Ақын жанды,
1. Топқа бөлу: 3 сыныптың оқушыларын 3 топқа қағаз қималары арқылы бөлу. Қағаз қималарында фигуралардың суреті бірнеше бөлікке бөлінген. Оқушылар сол суреттерді құрастыру ақылы өз топтарының аты мен ретін тауып алады.
2. Ширату тесттер:
І топқа
1) Дәлелденбейтін ұйғарым қалай аталады? (аксиома)
2) Қанша цифр білесің? (он)
3) Тәуліктің ¼ бөлігі? ( 6 сағат )
4) Бір нүктеден шыққан түзу(сәуле)
5) Ең үлкен хорда (диаметр)
6) Квадраттың бір бұрышы? (900)
ІІ топқа
1) Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)
2) Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (шаршы)
3) Түзудің бойынан неше нүкте белгілеуге болады? (шексіз)
4“ Бастамалар” деп аталатын еңбегі бар ғалым? (Евклид)
5) Геометрияның жазықтағы фигураны зерттейтін бөлімі (планиметрия)
6) Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура?(бұрыш)
ІІІ топқа
1) Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле?(биссектриса)
2) Сағаттың төрттен бір бөлігі қалай айтылады? (15 минут)
3) Ең үлкен натурал сан? ( жоқ, натурал сан шексіз)
4) Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)
5) Түзу неден құралған? (нүктелерден)
6) Пайыз дегеніміз не? (санның жүзден бір бөлігі)

3. Логикалық сұрақтар
Әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.
1) Жанар ақиқат тұжырым айтты, оның сөзін Марат қайталап еді, оның тұжырымы жалған болып шықты. Жанар не айтты? (Менің атым Жанар).
2 ) Қоймада 16кг, 17кг, 40кг – дық жәшіктерде шегелер салынған. Жәшіктерді ашпай 50 кг шегені қалай сатып алуға болады?
( 16кг+17кг+17кг).
3) Оны сіріңкеден, таяқшадан құрастыруға болады. Оның 4 симметриялы осі бар және бұлай санның дәрежесі де аталады. Бұл қандай фигура?
(квадрат).
4) Әсем 2 алма, Самал 4 жарты алма, ал Әлия 8 ширек алма алды. Қыздарда барлығы неше алма? ( 6 алма ).
5) Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4 - тен артық 5 - тен кем сан шығады? (үтір).
6) Бес дос бір – бірімен қол алысып амандасты. Олар барлығы неше рет қол алысты?(10).
7) Жұлдызай 2 кг шие сатып алды. Ақша төлеген кезде сатушы оған 200 тг қайтарып берді. Егер Жұлдызай 4кг шие сатып алған болса, онда ол 100тг қосып төлеуі керек. 1 кг шие қанша тұрады?(150 тг).
8 ) Оқушы 19 теңгеге қалам сатып алды. Оқушыда тек 3 теңгелік, ал сатушыда тек қана 5 теңгелік, олар өзара қалай есептеседі? ( 3 теңгеден 8 бергенде сатушы 5 теңге қайтарып береді).
9) Әкесі 31 жаста болғанда, баласы 8 жаста болды. Қазір әкесі баласынан екі есе үлкен. Баласы неше жаста? (23 жаста).
10) Жұмысшы қолында үш таба наны бар, үйіне қайтып келеді. Жолда кездескен көршісі: - Осы нанның бәрін үйіңе алдың ба?- деп сұрайды. Сонда жолаушы:- Иә, үйіме алдым, 1 - еуі қарызым, 2 - сін қарызға беремін, 3 – шісін өзім жеймін. Бұл жауаптың мағынасы қандай? ( Ата - анасына, баласына, өзіне).
4. «үндемес» ойыны
Шарты: Топтан бір оқушы шығып қағаз қимасын алады. Барлық оқушы теріс қарап тұрады, қағаз қимасын алған оқушы өзінен кейінгі оқушыны түртіп, оған қимылмен ғана қағаздағы математикалық терминді түсіндіреді. Ал екінші оқушы өз түсінгенін қағазына жазып, оны теріс аударып қояды. Екіншісі оқушы үшінші оқушыға, солай жалғаса береді. Қанша дұрыс жауап болса, сонша ұпай алады.
5. «Әріптер әлемі» ойыны
Шарты: Мына әріптерден неғұрлым көп математикалық терминдер жазыңдар
С Т Л І А Р Б К Ы И Қ Д Ұ Ш Ө Ү Н Е М
6. Топ басшыларының сайысы «Кім жылдам?»
1. тапсырма «Үлкен шеңбер»
А 4 қағазды белгілі бер жолмен қию арқылы өзің мен екі досың сиятын шеңбер қи.
7. Ақын жанды болмаған адам, математикте бола алмайды. С. Ковалевская
Шарты: әрбір топ өз ойларынан математика туралы шағын өлең жолдарын шығару.
8. Рефлексия: өз ойларын, білім деңгейлерін түсініп, бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×