Қостанай облысы, Арқалық қаласы,
Үштөбе ауылы, Сарыөзен орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі: Естайлакова Асем Абусабитовна
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдануды қайталауға есептер шығару
Сабақтың мақсаты: Рационал сандарға амалдар қолдануды білумен қатар оқушылардың танымдық, ізденушілік қасиеттерін дамыту
Сабақтың міндеті:
1. Рационал сандарды қосуды және азайтуды үйрету.
2. Рационал сандарды көбейте білуге және бөлуге үйрету.
З. Таңбалар ережесін пайдалану дағдысын қалыптастыру.
4. Есептеу амалдарына деген танымдық қызығушылықтың дамуына жағдай туғызу.
5. Талдау жасауға үйрету.
6. Оқушыларды өз ата - бабаларынан қалған тарихи құндылықтарды қадірлей білуге үйрету.
Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда есеп шығарумен қатар қазақ халқының рухани байлығынан айрықша маңызды орын алатын «Қазақстанның жеті кереметімен» танысамыз.
1 сұрақ. «Әлемнің жеті кереметіне» нелер жататынын білесіңдер ме?
1. Мысыр пирамидалары
2. Галикарнас кесенесі
3. Родос алыбы
4. Александрия маягі
5. Эфестегі Диана ғибадатханасы
6. Олимпиядағы Зевс мүсіні
7. Семирамиданың аспалы бағы
I. Өткен тақырыпты қайталау
Төмендегі 12 сұраққа жауап берсеңдер осы «кереметтердің» бірімен таныса аласыңдар. Оның аты 19 әріптен тұрады және «Т» әрпі 4рет қайталанады.
1. Теріс сандарды қалай қосамыз?
2. Таңбалары әр түрлі сандарды қалай қосамыз?
3. Қарама - қарсы сандардың қосындысы неге тең?
4. Рационал сандар қалай азайтылады?
5. Таңбалары әр түрлі сандарды қалай азайтамыз?
6. Таңбалары әр түрлі сандарды қалай көбейтеміз?
7. Таңбалары бірдей сандарды қалай көбейтеміз?
8. Таңбалары әр түрлі сандарды қалай бөлеміз?
9. Таңбалары бірдей сандарды қалай бөлеміз?
10. Қандай жағдайда екі санның бөліндісі нөлге тең болады?
11. Қандай жағдайда екі санның көбейтіндісі нөлге тең болады? (Таңбалы тас суреттері)
Таңбалы тас суреттерi - қола дәуірден бастап орта ғасырға дейінгі аралықта қазақ жерін мекендеген қауымдардың барша таным түсінігінен хабар беретін аса көрнекті археологиялық ескерткіш. Ол Алматы қаласынан 170 км қашықтықта орналасқан.
II. Есептер шығару
І. Амалдарды орындаңдар:
Б. 8*(- 3)+(- 7)
О. (- 2)*(- 5) – 12
М. 35 - (- 7)*6
Ы. 32:(- 4)+5
Д. 64:(- 16)- 9
Р. 17 -(- 12): 4
А. (- 21):(- 3)- 9
Енді осы әріптерді кестеге орналастырып екінші кереметтің атын табыңдар. (Домбыра)
- 13 - 2 77 - 31 - 3 20 - 2
III. Мына сандарға қарама - қарсы сандарды табыңдар. Дұрыс жауап беріп әр сандардың келесі бетін аударып жазсақ, онда бізге үшінші «кереметтің» аты шығады.
15; - 3; - 4, 8; 0; 0, 56; 4, 7; - 7; 5; - 10; (Алтын адам)
Алтын адам – әлемге әйгілі сақ тайпалары өмір сүрген нақтылы кезең мен олардың әдет - ғұрпын, мәдениетін айрықша дара көрсететін тарихи мұра. Ол Алматы қаласының шығысына қарай 50 км қашықтықтағы Есік обасынан табылған. «Алтын адамның» бас киімінде мүйізді ат бейнеленген. Бұған қоса, «Алтын адамның» бас киімінде бейнеленген аттың қанаты бар. Сен дер мүйізі бар, қанатты атпен қайдан таныссыңдар?
IV. Үлестірмелі қағаздағы есептерді шығарып кестедегі орнына қойсақ, бізге төртінші «кереметтің» аты шығады.
Ү. (5, 4: 3, 6 - 1, 3 ) • 8, 5 =
К. (1, 8 • 3, 4 + 0, 88): 0, 35 =
I. (17 - 8, 5: 3, 4)- 0, 6 =
З. (2, 8 - 3, 5 - 7, 4): 0, 8 =
И. (4, 9 + 8, 4: 5, 6 ): 1, 6 =
Й. (9, 6 0, 4 - 1, 24): 1, 3 =
20 4 8, 7 3 1, 7 2
Киіз үй – қазақ халқының алтын бесігі. Ол көшпенді халықтың экологиялық жүйеге барлық жағына сай баспанасы. Киіз үйдің неден тұратынын біз білеміз бе? (Шаңырақ, уық, кереге)
V. Бұл тапсырмада біз теңдеуді дұрыс шешсек, онда бесінші «кереметпен» танысуға
мүмкіндік аламыз.
Теңдеуді шешіңдер:
1. 8 - 5х+х=16
2. 4, 8х - 5, 5 - х=- 18, 8
3. 12х - 5, 9 - 7, 5х+3, 2=- 4, 05
4. 9, 1+2 - х - 6=- 52, 6 (Кожа Ахмет Йасауи кесенесі)
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі - орта - ғасырлық сәулет өнерінің ескерткіші ол Түркістан қаласында орналасқан. 1396 - 1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Йасауи қабірінің басына тұрғызылған. Кесене 2003 жылғы маусым айында ЮНЕСКО - ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енгізілді. Қазақ халқына әйгілі тайқазан осы кесенеге арналып құйылған.
VI. Төмендегі өрнектерді дұрыс ықшамдасақ алтыншы «кереметтің» де атын білетін
боламыз.
1. 23а - 7в - 4а+10в
2. 6, 5а+5, 3в - 9в - 6, 5а
3. ав - 2ав - 3в+ав+5в
4. 8ху+9х - 9ху - 7х
(Маңғыстаудың жер асты мешіттері)
Маңғыстаудың жер асты мешіттері - Арал - Каспий аймағындағы осы уақытқа дейін сақталып келген сирек кездесетін сәулеттік құрылыс. Қазіргі кезде мұсылмандардың тәуіп етіп баратын жерлерінің бірі осындағы Бекет атаның жер асты мешіттері.
VII. Бұл тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы біз Қазақстанның «жетінші» кереметімен танысамыз.
Жақшаларды ашып жазыңдар:
-(-(+2, 6)) = -(-(- 6, 5))) =
-(- (-(-(- 3, 1)))) = -(-(-(+0, 6))) =
-(-(-(-(- 0, 91 )))) =
-(-(-(-(-(+7, 5)))))= (Астана – Бәйтерек кешені)
Астана - Бәйтерек - кешені алдыңғы алты кереметті қорытындылайтын жетінші керемет іспетті. Ол Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасаған үлгісі арқылы дүниеге келді. Биіктігі 97 метр. Ол Елорданың Алматыдан Астанаға көшіп келген жылдың соңғы екі цифрімен дәл келеді. Ең жоғарысында «Аялы алақан» композициясы орналасқан. Елбасының алақанының таңбасы бар тұмарға адамның қолы тигенде Қазақстанның Әнұраны ойнай бастайды.
Үйге тапсырма: № 587 есеп
Рационал сандарға амалдар қолдануды қайталауға есептер шығару
- Asem_abusabitovna
- 15 қаңтар 2016
- 3922
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика, рационал сандар, Қазақстанның жеті кереметі
Ұқсас жаңалықтар:
Рационал сандарды азайту
Координаталық түзуде қарама - қарсы сандардың орналасуы, еске түсіре отырып, рационал сандарды азайтуды біледі....Рационал сандарды көбейту және бөлу
Рационал сандарды көбейту және бөлу ережелерін есептер шығаруда тиімді қолдануға дағдыландыру. Өтілген тақырыптарды қайталау кезінде есепті дұрыс...Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды. Алгебралық өрнектің мәні
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ математика, информатика пәнінің мұғалімі Турмухаметова Асел...Математика сабағында ойын элементтерін қолдану
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің, іскеріліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді...Таңбалары әртүрлі сандарды көбейту
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгіт негізгі мектебінің математика пән мұғалімі: Есекеева Раушан Молдағалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.