Сайтқа кіру Тіркелу

Математика сабағында оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары

Математика сабағында оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Есенбаева Элмира Амировна

Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай - ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген..
Білім беру саласының мониторингі функционалдық сауаттылықтың негізгі бағыттары арқылы іске асады:
- Оқу және жазу сауаттылық
- Жаратылыстану ғылымдарындағы сауаттылық
- Компьютерлік сауаттылық
- Математикалық сауаттылық
- Денсаулық сауаттылық
- Құқықтық сауаттылық
• Оқу және жазу сауаттылығы.
Оқушылардың көне дүниелермен танысу, білу, құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру. Көрген - білгендерін тиянақты түрде мазмұндап жеткізу
• Жаратылыстану ғылымындағы сауаттылық. Оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық – саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.
• Компьютерлік сауаттылық
Оқушының ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру және эмоциялық қабылдау түрлері мен есте сақтауын дамыту.
• Математикалық сауаттылық
Математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде көрінеді.
• Денсаулық сауаттылық
Дені сау, жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру.
• Құқықтық сауаттылық
Оқушының құқықтық білімін жақсарту, құқықтық ұғыну, өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң күшіне сену т. б.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады. Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.
Математика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ - жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып оқушыларды алға қойған мәселені шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін - бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлемін. Осы мақсатта маған 5 сыныпқа арналған «Логикалық математика», 9 - 11 сыныптарға арналған «Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» курстарының көмегі тиюде. Өз тәжірибемде оқушылардың төмендегідей тапсырмаларды орындай отырып, функционалдық сауаттылығы дамып, ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасуда.
 №1. Біздің ықшам ауданда 5 үй бар. Әрбір үйде 5 мысық бар. Әрбір мысық 5 тышқан аулайды. Тышқандарды ұстай алмаса, әрбір тышқан 5 уыс ұн жейді. Егер әрбір уыс ұн 5 граммға жуық болса, мысықтар тышқанды ұстағанда неше кг ұн сақтап қалады? ( 3, 125 кг )
 №2. Егер 8 адам 8 сағатта бір жұмысты бітіретін болса, адамдардың біреуі осы жұмыстың жартысын неше сағатта бітіре алады? (32 сағ )
 №3. Делдал 3000 теңгеге тауар сатып алып, 3500 теңгеге оны сатты. Келесі күні осы тауарын 4000 теңгеге қайта сатып алып, екі күннен кейін 4500 теңгеге сатса, делдал осы саудада қанша пайда не қанша шығын көрді? (1000 тң пайда)
 №4. Ахметтің анасының 3 баласы бар. Егер олардың үлкенінің аты – Қыркүйек, ортаншысының аты – Қазан болса, кенжесінің аты кім болғаны? ( Ахмет)
 №5. Бір ауылда 80 үй бар. Осы ауылдағы 60 үйде ат, 50 үйде ешек болса, ауылдағы ең аз қанша үйде ат та, ешек те бар? ( 30 )
 № 6. Бір қатарда Қанаттың артында 36 адам бар. Ал Аслан Қанаттан 23 адамнан кейін тұр. Асланның алдында 51 адам бар болса, онда қатарда неше адам болғаны? ( 65 )
 № 7. Бір адам қалаға бара жатыр еді, оған қарсы танысы кездесіп, екеуі ұзақ әңгімелескеннен кейін олар жолдарын жалғастырды. Қалаға қанша адам келді? ( 1 )
 № 8. Сапар: «осы жерде тұрған үшеуміз және бәріміз де өтірікшіміз» деді. Бірақ Русланға оның сөздері ұнамады: «сен ғана өтірікшісің» деді. Жанна ренжіп: «екеуің өтірікшісіңдер», осы үшеуін танитын бір адам «олардың барлығы сөйледі, олардың барлығы өтірікші немесе барлығы шындықты айтады. Бірақ кім өтірік айтады, кім шындықты айтады мен айта алмаймын». Осы жерде қанша өтірікші адам бар? ( 2 )
 № 9. Ат жарысқа қатысқан ауыл балалардың бірі екеуінің алдында, бірі екеуінің ортасында, бірі екеуінің артында шауып келеді. Жарысқа неше бала қатысты? ( 3 )
Әртүрлі қызықты есептер адам ойының дамуына жетелейтіндігі сөзсіз. Оның ішінде салу есептерінің де маңызы өте үлкен. Осының дәлелі ретінде төмендегідей бірнеше есептерді орындап, ойлау қабілетімізді тексеріп көрейік. Қолыңды қағаздан көтермей, бір рет сызған сызықты екінші рет баспай, берілген денелерді сызып шық. Әрбір фигураға тек бір ғана сан сәйкес келетінін ескеріп, берілген цифрограмманы шеш. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларын ҰБТ тапсыруға дайындық барысында уақытты тиімді, ұтымды пайдалану барысында өте маңызды тест тапсырмаларында көптеп кездесетін санның берілген пайызын табу есептерінің жауабын қалай тез табуға болады? Бұл жерде ықтималдық теориясының негізінде “жоққа шығару” әдісін (метод исключения) қолданған тиімді. Мысал №1: 45 санының 30%- ын табу керек. Жауаптары: А) 30, 5 В) 30 С) 15 Д) 13, 5 Е) 1, 5
Ой толғау: 45 санының 30%- ы осы санның өзінің жартысынан кем болатынтықтан, берілген жауаптардан А, В, С жауаптарын алып тастаймыз. Онда тапсырманың жауабы не 13, 5; не 1, 5 сандары болады. Ауызша есептеу арқылы 45*0, 3=13, 5 екендігін алуға болады.
Мысал №2: берілген арифметикалық прогрессиясының тұрақтысы мен алғашқы п - мүшесінің қосындысын табу керек. Ой толғау: берілген тапсырмаға қарап, арифметикалық прогрессияның өспелі не кемімелі болатындығын, сәйкес емес жауаптарды алып тастау (метод исключения) арқылы берілген есептің дұрыс шешімін тез табуға болады. Бұл уақытты үнемдеуге алып келеді. Осындай әдіс - тәсілдерді практикада есептер шығаруда қолдана отырып, мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, алған білімдерін уақытты үнемдей отырып, тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыруға бағыттаймын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқ ...

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқ ...

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математика бағытындағы 10 - 11 сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен...
«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

«Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану - математика бағытындағы 10 - 11 - сыныптарына арналған «Геометрия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы...
Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту

Математика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту

Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де...
Қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамытудағы Б. Булум таксоно ...

Қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамытудағы Б. Булум таксоно ...

Қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықты дамытудағы Б. Булум таксономиясы деңгейінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын арттыру....
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×