№244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Жагипбарова Асель Сейтмаганбеткызы
Алгебра 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді көбейту, бөлу және дәрежеге шығару
Мақсаттары:
Білімділік: Рационал бөлшектің негізгі қасиетін түсіндіру, рационал бөлшектерді көбейту мен бөлуді үйрету
Дамытушылық:. Рационал өрнектерді түрлендіру формулаларын есептер шығару арқылы бекіту.
Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есеп шығару, талдау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, интерактивті тақта, электронды оқулық, дидактикалық материал, деңгейлік тапсырма, стикер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
2) Оқушылар тізімін тексеру
3) Сабақтың мақсатымен таныстыру
4) Жаңа тақырып беру
5) Есептер шығару кезеңі
6) Үйге тапсырма беру
7) қорытындылау, бағалау
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру:
«Қателер қалашығы»
Үш топқа бірдей тапсырма беріледі. Бұл тапсырмада анықтамалар мен формулалар қате жазылған. Осы қателерді тауып жөндеу керек.
1. Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу үшін олардың бөлімдерін қосып, нәтижесін алымына жазып, ал алымын өзгеріссіз қалдыру керек.
2. Бүтін және бөлшек өрнектерді бөлшек өрнектер деп атайды.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.