Сабақтың тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділіктің мысалдары
Сабақтың мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділік туралы білімдерін пысықтау
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы білімдерін толықтырады;
Дамытушылық: Жылдамдық, уақыт, қашықтық шамалары арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шешу дағдыларын жетілдіреді;
Оқушы оқып үйренуді жүйелі түрде жүргізу және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады.
Тәрбиелік: Математиканы жақсы меңгеру, басқа пәндерді меңгеруге көмектеседі деген
сенімдерін нығайту;
Рухани қолдау, математикалық мәдениетке үйрету.
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру:
1. Топқа бөлу – Балалар туған күндеріне байланысты топқа бөлінеді;
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру – топ мүшелері қол ұстасып жақсылық тілейді.
Тапсырмалар:
Блум таксономиясы Тапсырма Пайдаланылатын етістіктер
Білім 1. Жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы сұрақтар топтамасын құру.
2. Топта талқылау еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу
Түсіну 1. Сұрақтарын басқа топ мүшелеріне қою. қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау
Қолдану ІІІ тапсырма
1. Екі қаладан қарама - қарсы екі автобус шықты. Бірі 70 км/сағ, екіншісі 60 км/сағ жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан соң олар кездесті. Екі қаланың ара қашықтығын тап.
2. Астана станциясынан бір уақытта қарама қарсы бағытта екі пойыз шықты. 5 сағаттан соң пойыздардың ара қашықтығы 950 км болды. Бірінші пойыздың жылдамдығы 90 км/сағ. Екінші пойыздың жылдамдығын тап.
3. Алматы станциясынан бір мезгілде қарама – қарсы бағытқа екі пойыз жолға шықты. Бірі 80 км/ сағ., екіншісі 100 км/ сағ жылдамдықпен жүрді. Қанша уақыттан кейін олардың арасы 720 км болады?
4. Айлақтан бір мезгілде екі теплоход кері бағытта жолға шықты. Бірі 40 км/сағ, екінші 30 км/сағ жүзсе, олардың ара қашықтығы 2 сағаттан соң қанша км болады? көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу
ІІ тапсырма
Кесте бойынша есеп құрастыр
Қашықтық Жылдамдық Уақыт
300 км 60км/сағ?
І тапсырма
1. 30 км/сағ жылдамдықпен жүрген теплоход 6 сағатта қанша километр жол жүреді?
2. 80 км/сағ жылдамдықпен қозғалған машина неше сағатта 320 км жол жүреді?
3. Қаладан ауылға дейін 240 км. Жүк машинасы 4 сағатта қалаға жетті, оның жылдамдығын тап.
4. Жүк пайызы 8 сағатта 256 км жол жүрді. Оның жылдамдығы қандай?
Талдау Әрбір тапсырманы қалай орындағанын ортаға салады ажырату, саралау, үміт арту, даулау, жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама - қарсы қою, зерделеу
Жинақтау 1. Қарама қарсы қозғалыс жағдайында, жақындау жылдамдығы қалай анықталады?
2. Қарама қарсы қозғалыс жағдайында, қашықтық жылдамдығы?
3. Бір бағыттағы жылдамдық? тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау
Бағалау Топ мүшелеріне бүгінгі сабақтарын бағалау тапсырылады жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау
Шамалар арасындағы тәуелділіктің мысалдары
- Saira
- 10 қаңтар 2015
- 7765
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шамалар арасындағы тәуелділіктің мысалдары
Ұқсас жаңалықтар:
Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару
Мақсаты: 1) Бір - біріне қарама - қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру....Жылдамдықты табуға берілген есептер
Жылдамдықты табуға берілген есептер Математика 4 сынып...Әр түрлі қозғалысқа берілген есептер
Шығыс Қазақстан облысы, Катоқарағай ауданы, «Чернова орта мектебі» Математика пәнінің мұғалімі Базильбекова Сымбат Фазыловна...Бастауыш сынып мұғалімдерінің математикадан олимпиада есептері
Атырау облысы, Исатай ауданы, Қызылүй негізгі мектебінің математика пән мұғалімі Зоя Губашева...Қозғалысқа байланысты берілген есептерді шығару
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алипова Люция Исмагуловна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.