Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталау, жалпылау, салыстырмалы талдау жүргізуге, қорытынды жасай білуге үйрету («квадрат теңдеудің түбірлері мен коэффициенттерінің арасындағы тәуелділікті ашу»);
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, пәнге қызығушылығын дамыту, оқушылардың коммуникативті сипаттағы тұлғалық қасиеттерін дамыту, өз бетімен білім алу біліктерін дамыту, алған білімді қойылған мақсатқа жетуде қолдануға үйрету;
Тәрбиелік: достық қарым - қатынас тәрбиелеу, мақсатқа жетуде өзін - өзі және өзара бақылау дағдыларын, ерік, табандылық тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Құралдары: бағдарлама - тренажер, сабақтың мультимедиялық презентациясы, бақылау парақтары, карточкалар.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, достар! Сендермен осы сабақта жолыққаныма қуаныштымын. Егер мына тапсырманы орындасаңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбын білесіңдер:
Анаграмманы шешу.
Таиимдкисрнн (дискриминант), кісенді (кесінді), дуеңте (теңдеу), фэкоцинетиф (коэффициент), біртү (түбір)
Мағынасы бойынша артық сөзді алып тастау.
- Қалған сөздер қандай тақырыпты біріктіреді? (Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары)
- Иә, біз бүгін квадрат теңдеулермен танысуды жалғастырамыз, өткен сабақтарда алған білімдерді еске түсіріп, жалпылаймыз, жаңа білімдер аламыз. Сонымен, дәптерлеріңді ашып, сабақтың тақырыбын жазыңдар:
«Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару»
Кәнеки, біздің бірігіп істер жұмысымыздың мақсатын анықтап алайық, және әрқайсың алдарыңа осы сабақтағы өздік мақсаттарыңды қойыңдар.
(Оқушылар оқу әрекетінің мақсатын белгілейді)
Мұғалім: алдымызға мақсат қойдық. Біздің ұранымыз сол бұрынғыша қалады: «Мен не істеу керек екенін білемін. Мен қалай істеу керек екенін білемін».
Сонымен, жұмысқа кіріселік. Өз жұмыстарыңды өздерің бағалайсыңдар, әрбір дұрыс жауапқа бағалау парағына ұпай қоясыңдар (қосымша қағаз) және түймедақ гүлінің әрбір жапырақшасы беріледі.
Алынған білімнің қолданылуын көрсету.
Жұмысқа кірісіп, зейіндеріңді тұрақтандыру үшін дайындық жаттығуларын орындауға шақырамын. Сендердің байқағыштық, мәселені шешуде дұрыс бағдар табу біліктеріңді тексереміз. Әрбір дұрыс жауапқа бағалау парағына ұпай белгілейсіңдер.
Сұрақтар:
1. Екінші дәрежелі теңдеу қалай аталады?
2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің саны неге тәуелді?
3. Егер D нөлден үлкен болса, квадрат теңдеудің неше түбірі болады?
4. Айнымалысы бар теңдік?
5. Нөлдің қарсыласы?
6. Теңдеу шешу деген не?
7. Бірінші коэффициенті 1 - ге тең квадрат теңдеу қалай аталады?
8. Егер дискриминант нөлден кіші болса, квадрат теңдеудің неше түбірі болады?
9. Әрбір сөзде бар, өсімдікте бар, мүмкін теңдеуде де бар шығар?
Теңдеулер ерте заманнан - ақ адамзаттың ойларын тоқытқан. Орта ғасырлардағы ағылшын ақыны Чосердің тамаша бір жолдары бар, соны біз сабағымыздың эпиграфы ретінде алайық:
Теңдеулер мен теоремалар арқасында
Мен бірталай мәселелерді шешемін.
Әрине, бұл жерде квадрат теңдеулер жөнінде де айтылған деп түсінеміз. Өйткені оларды шеше білу математика үшін ғана емес, басқа ғылымдар үшін де маңызы өте зор.
2. Фронталдық жұмыс. Квадрат теңдеулердің түрлерін анықтап кестеге толтырады.
Толық толымсыз Келтірілген
Бағалау критерийі:
Қате жоқ – 5ұ.
1 – 2 қате – 4ұ.
3 – 4 қате – 3ұ.
Мұғалім: Жарайсыңдар, квадрат теңдеудің түрлерін есімізге түсірдік. Ал квадрат теңдеулер ерте заманда, осыдан біздің заманымызға дейін 2000 жыл бұрын Вавилонда пайда болған. 1202 жылы итальяндық ғалым Леонард Фибоначчи квадрат теңдеудің формуласын берген. Тек 17 ғасырда ғана, Ньютон мен Декарттың арқасында ол формулалар қазіргі түрге енген.
3. Оқушылардың жеке жұмысы.
4 оқушы тренажермен жұмыс істейді
1 - оқушы квадрат теңдеудің коэффициенттерін анықтайды;
2, 3 - оқушы Д(дискриминант) анықтайды.
4, 5 - оқушы квадрат теңдеулердің түбірлерін табады.
тапсырмалар 1 оқушы 2, 3 оқушы 4, 5 оқушы
Бағалау критерийі:
Қате жоқ – 5ұ.
1 – 2 қате – 4ұ.
3 – 4 қате – 3ұ.
- Балалар, квадрат теңдеуді шешу кезінде біз қандай ұғымды кездестірдік? (Дискриминант).
- «Дискриминант» ұғымын ағылшын оқымыстысы Сильвестр ойлап тапқан. Көптеген терминдерді тауып енгізгені үшін ол өзін «Математикалық Адам» деп атаған.
4. Оқулықпен жұмыс:
Барлығына ортақ бір тапсырма №134 есеп шығарылады.
І топ –
ІІ топ –
ІІІ топ -
Бағалау критерийі:
Қате жоқ – 5ұ.
1 – 2 қате – 4ұ.
3 – 4 қате – 3ұ.
5 тапсырма. Сыйлық.
Мына жәшіктің ішінде не жатқанын табу керек. Бұл затқа үш анықтама беремін.
- сөздің өзгермейтін бөлігі;
- теңдеудегі орнына қойғанда оны тура теңдікке айналдыратын сан;
- өсімдіктің негізгі органдарының бірі? (түбір)
Сендер қандай өсімдіктің түбірі екенін анықтау үшін мына теңдеулерді шешулерің керек:
І топ: а) ә);
ІІ топ: б) в)
ІІІ топ: г) д)
Жауаптар кестесі:
Түб. жоқ 1; 1, 5 - 1; 1, 5 - 1; 3 1; 0, 6 1;- 3 - 1;- 2 - 5;- 2 - 0, 6; 1
C а я н ш г у р а
Дұрыс жауап: Раушан
Мұғалім: Сөйтіп, қара жәшіктің ішінде раушан гүлінің түбірі жатыр екен. Ол туралы халық былай дейді: «Періштедей гүл, ал бірақ тырнағы өткір». Мынадай да аңыз бар: Анакреонның айтуынша, раушан гүлі теңізден шығып келе жатқан Афродитаның денесін жапқан аппақ көбіктен туған екен. Алғашқыда раушан ақ түсті болған, сонан соң тікенек қадалған періштенің қанына боялып, қызыл түске айналған дейді.
Оқушыларға раушан гүлі таратылады.
Олар сабақ соңында келген қонақтарға табыс етеді.
Мұғалім:
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа.
Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,
Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма!
Тосын сый:::::: Ішінде «Сабақ үшін рахмет! Сендер өте жақсы жұмыс істедіңдер!» деп жазылған конверт
Үйге тапсырма. Шешудің барлық әдістеріне квадрат теңдеулер құрастырып келу..
Рефлексия
Әрбір тармақтан құралған гүлдің шуғына осы өткен сабағымыз туралы пікір жазасыңдар.
Мұғалім:
Тосын сый Ішінде «Сабақ үшін рахмет! Сендер өте жақсы жұмыс істедіңдер!» деп жазылған конверт.
Орыннан түсіндіру
Оқушылар тапсырманы өз беттерімен орындайды, сонан соң үлгі бойынша өзара тексереді.
Оқушылар ұпайлар санын бақылау парағына жазады.
Проблемалық жағдай туғызу
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары есептер шығару
- Жаннат Амангалиева
- 12 сәуір 2014
- 10496
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математикадан ашық сабақ жоспары, квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары, есептер шығару
Ұқсас жаңалықтар:
Квадрат теңдеулерді формулалар бойынша шешу
Шал ақын ауданы, Жалтыр негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әбілова С.А....Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары Мақсаты: Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып...Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару....Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару...Квадрат теңдеулер
оқушылардың квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.