Сабақтың тақырыбы: Қосу формулалары
Мақсаты: Екі бұрыштың қосындысы мен айырымындағы тригонометриялық функциялардың формулаларын үйрету, осы формулаларды тригонометриялық функцияларды тепе – тең түрлендіруде қолдана білуді меңгерту.
Оқыту нәтижесі: Екі бұрыштың қосындысы мен айырымындағы тригонометриялық функциялардың формулаларын біледі, осы формулаларды тригонометриялық функцияларды тепе – тең түрлендіруде қолдануды үйренеді
Түйінді идеясы: Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының тригонометриялық функцияларын сол бұрыштардың тригонометриялық функциялары арқылы өрнектейтін формулаларды қосу формулалары деп атайды
Стратегиялар: Топтау, топтық, жеке жұмыс, «Қарлы кесек», «Сиқырлы сұрақ», «Бүгін мен....», «Үш шапалақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам» әдісі
Топтау: sin 60, cos30, tg30, ctg60, √3/2,√3/3
Оқушылар өздеріне ұнаған тригонометриялық функциялар бойынша мәндерін тауып топтасады, төрт топқа бөлінеді
Слайд
Оқушыларға тақырыпты бөліп береді. Қосу формулалары берілген слайдты ұсынады Берілген тақырыпты топ болып оқиды, мағынасын түсінеді, бір – біріне түсіндіреді, диалогқа түседі, сұрақ қояды, жауап береді, өз пікірлерін ортаға салады, сыни тұрғыдан ойлайды, үнсіз оқушы ашылады, дарынды оқушы таланттылығын көрсетеді, мысалды талдайды, бірін – бірі тыңдайды, топтық таныстырылымдарын қорғайды және бірін – бірі саусақ белгілерімен бағалайды.
1 - тапсырма:
Топтық жұмыс беріледі: синус - №342
косинус - №343(а)
тангенс - №344(а)
котангенс - №345 Төрт топ бір мезгілде берілген есептерді шешіп, топ болып шығарылу жолын өзара топта талқылайды, бір – біріне түсіндіреді. Кейін барлық топ үшін жалпылай түсіндіреді, дәптерге түсіреді
«Үш шапалақ» әдісімен қолдау көрсетеді
Сергіту сәті. «Мәндерді табайық!» Әр топ кезекпен тригонометриялық функциялардың мәндерін радиан, градус арқылы сұрайды, таңбаларын, қай ширекте жататынын анықтайды, ойланады, еске түсіреді, көңіл – күйлері көтеріледі, сергиді
2 – тапсырма: оқушыларға оқулықтан №347 есеп беріледі. Тапсырманы орындатуда «қарлы кесек» әдісі қолданылады Әр топ түсті маркерлермен өздеріне берілген тапсырманың бірінші алгоритмін постерге орындап келесі топқа береді, келесі топ екінші алгоритмді өзге түспен жазады... Осылайша алғашқы постерді әр топ өздері қайтып алады және класта қорғайды, жіберілген қателіктер болса тексереді, түзету енгізеді, дәптерге түсіреді
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен пікірлерін білдіреді
5 мин Слайд 3 – тапсырма: «Сиқырлы сұрақ» әдісімен қорытындылайды Слайдта көрсетілген сұрақтарды оқиды, ойланады, жауап береді, қайталайды, есте сақтайды
3 мин Кері байланыс үшін «Бүгін мен...» әдісін қолданады. Оқушылар бүгінгі сабақтан не білгенін, көңіл – күйін, көңілінде туындаған сұрақтарын «Бүгін мен...» әдісімен өз ойын жеткізеді
Оқушыларды сабақ барысында бағалау үшін «Бағдаршам» әдісімен оқушы үнін ескере отырып бағалайды: жасыл көз – «5», сары көз – «4», қызыл көз – «3».
Қосымша тапсырма &22. №343(ә), №344(ә), №346
Қосу формулалары
- Kazumbetova
- 12 наурыз 2014
- 14209
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика, қосу формулалары, есептер шығару
Ұқсас жаңалықтар:
Тригонометриялық функциялардың туындыларына есептер шығару
Тригонометриялық функциялардың туындысын табу формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету, білімдерін кеңейтіп толықтыру....Қосу формулалары
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Екі бұрыштың қосындысы мен айырымындағы тригонометриялық функциялардың формулаларын игеру, осы формулаларды...Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін...Перпендикуляр түзулер
Ақтөбе қаласындағы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі математика пәні мұғалімі Мусина Жанымгул Елеусізқызы...Екі еселенген бұрыштың формулалары
Екі еселенген бұрыштың формулаларымен таныстыру; Оқушыларды қолдану алгоритмін оқытып үйрету....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.