Сайтқа кіру Тіркелу

Математикалық сайыс

Тақырыбы: Математикалық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту, алған білімдерін пысықтау.
Көрнекілігі: Плакаттар, эмблемалар, әр топқа арналған жанкүйерлердің қуатты сөздері.
1 - жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар!
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2 - жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар,
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
1 - жүргізуші:
Есепті түрлітүсті шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке де отырамыз.
2 - жүргізуші:
Олай болса, бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз
1 - жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын, әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын таныстырып өтейік. Төрешілер алқасын сайыстың шартымен таныстырады. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
Дұрыс жауап берген командаға 5 ұпай.
Дұрыс, бірақ толық емес жауапқа 3 ұпай.
Жауабы жоқ болса 0 ұпай.
Тәртіп бұзған топтан 2 ұпай кемітіледі.
Жоспар:
Танысу
«Ұйқы ашар»
«Жұлдызды сәт»
«Озық ойлы оқушы»
«Космос»
Қорытынды
2 - жүргізуші: Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өту тәртібімен таныстырамыз. Бұл әр команданың құрамы 5 (2 оқушы) және 6 (2 оқушы) сынып оқушыларынан тұрады.
1 - жүргізуші: Топтарымызбен танысайық!
1 - топ тұлпарлар, 2 - топ Қырандар, 3 - топ алғырлар. Сонымен бірінші сайысымызды бастаймыз.«Ұйқыашар».
Бұл сайыста әр топ мүшесі қолдарындағы таяқпен жарыса отырып межелеген жерге жетіп, есептерін шығарған соң кері қайтыпқолындағы таяғын екінші ойыншыға тапсырады. Ойын осылайша топ мүшесінің соңғы ойыншысына дейін жалғасып, соңында есеп нәтижелері әділқазы алқаларына тапсырылады.
2 - жүргізуші: Екінші сайысымыз «Жұлдызды сәт» деп аталады. Мұнда есептің шешуін табу арқылы сөз құрастыру керек. Бұнда әр топтағы ойыншылар үлкен шарға отырып, межелеген жерге жетіп есеп шығарып, келесі ойыншыға шарын тапсырады. Ойын соңында табылған сөздерден ҚР - ның елтаңбасымен оның авторының есімі шығады.
1 - жүгізуші: үшінші сайысымыз «озық ойлы оқушы» деп аталады. Бұнда есептің шешуін таба отырып, әр топ өзіне тиесілі жасырынған мақал - мәтелдердің шешуін табу керек.
2 - жүргізуші: «Космос» сайысында магнитті тақтаға сегіз бөліктен тұратын космос ұшағын құрастыру керек. Ал бұл үшін логикалық тапсырмаларға дұрыс жауап беру керек. тӘрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1. Егер үш пар ат 60км шауып өтсе, онда 1 ат неше км шауып өтеді? (60 км)
2. Не ауыр? Бір кг түбіт аауыр ма, әлде бір кг темір ауыр ма? (екеуі тең)
3. екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады?(4)
4. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут? (15 минут)
5. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн? (29 ақпан)
6. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттық және минуттық тілі қандай бұрышты көрсетеді? (тік бұрыш)
Сайыс қорытынды шығарумен және әділқазылар алқасының жеңімпаз топтарды құттықтап, мақтау қағаздарын берумен аяқталады. Бұл сайысты өткізудің мұғалім үшін ең бастысы – оқушыларды жарыстыра отырып, оқушылардың білімін арттыру, математика сабағына баулу, оқушы бойындағы басқа да қабілетін аша білу, оқушының жан - жақты дамуына әсер ету.
Кері қайту
Ілмек сөздер: математикалық сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Математикалық турнир 9 - 11 сыныптар

Математикалық турнир 9 - 11 сыныптар

Диляра, Математика деген ел бар. Ол қайда орналасқан? Білесің бе? Иә, Батырхан. Алыстағы жұлдыздар сияқты, шындығында ол бізге жақын жерде екен. Өте...
Математикалық сандық

Математикалық сандық

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды...
Жұлдызды сәт

Жұлдызды сәт

Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін пысықтау, қайталау. Жұптасып жұмыс істеу дағдыларын арттыру. 2. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа...
Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге...
Математикалық сандықша

Математикалық сандықша

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №18 А.Қосанұлы атындағы ОМ Математика пәнінің мұғалімі Байбосынова Р.Ж....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×