І. Сабақтың тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат» сыныптан тыс іс - шара
ІІ. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерін, анықтамаларын білу.
ә) дамытушылық: оқушылар шығармашылығын дамыту, ой өрісін арттыру.
б) тәрбиелік: ұжымдылыққа, білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың көрнекілігі:
Слайд, интерактивті тақта, үшбұрыштар, мақал - мәтел, жұмбақтар.
ІV. Сабақтың түрі: жарыс сабағы.
V. Сабақтың ұйымдастырылуы: Оқушылар 3 - топқа бөлінеді, топ басшысы тағайындалады.
VI. Сабақтың өту барысы:
1. Күй ойналып тұрады.
Мұғалім: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлайды. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтіледі.
Мұғалім: Балалар «жарыс» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Оқушы: спорт түрлерінен, ат жарыс, білім жарысы т. б.
Мұғалім: Спорттық, халықаралық, аудандық, қалалық, мектепішілік жарыстар болып жатады. Олай болса, сонымен қатар Қазақстанымыздың тәуелсіздігіне 20 жылдық мерекесі болып жатыр, осыған орай бүгінгі сабағымыз осы мерекелерге арналады.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ 5 бөлімнен құралады:
1. Топтық таныстыру.
2. «Атадан қалған асыл сөз»
3. Тапқырлық сайысы, сөз жұмбақ құрастыру.
4. Полиглот
5. Сиқырлы үшбұрыштар
1. топтық таныстыру.
Сіздер 3 топқа бөлініп отырсыңдар.
1) Қаныш ата тобы деп атауыңыздың себебі не?
2) Абай ата деп атауыңыздың себебі не?
3) Қасым ата деп атауыңыздың себебі не?
Оқушылар жауап береді:
2. «Атадан қалған асыл сөз»
Олай болса, ақылың болса ақылға ер, ақылың болмаса нақылға ер демекші «Атадан қалған асыл сөз» кезеңін бастаймыз.
Шарты: Әр топ кезектесіп нақыл сөз айтады, келесі топ мағынасын түсіндіреді.
Қаныш ата: Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні кәріп.
Абай ата: Ақылдассаң шешерсің, Ақылдаспасаң кем кесерсің!
Қасым ата: Мектеп кеме, Білім теңіз.
3. Тапқырлық сайысы, сөз жұмбақ құрастыру.
«Білімділермен дос болсаң, тарыққанда ақыл береді.
Білгіштермен дос болсаң адамшылығыңды біледі!» дегендей келесі «Тапқырлық сайысына кезек береміз»
Шарты: Әр топ «ауызша тест» сұрақтарына жауап береді.
Қасым ата:
1) 1800 - қа тең бұрыш қалай аталады. (жазыңқы)
2) Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле? (биссектриса)
3) Жазықтықтағы қандай түзу ешқашан қиылыспайды? (параллель)
4) Тәуліктің ¼ бөлігі? (6 сағат)
5) Дәлелденбейтін ұйғарым қалай аталады? (аксиома)
6) Кесіндінің бойынан 1 нүкте ал сонда қанша кесінді болады? (3)
Қаныш ата:
1) Бір нүктеден таралған, 2 сәуледен құралған фигура (бұрыш)
2) Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алсаң, неше бұрыш қалады?(бес)
3) Екі нүктеден шектелген түзудің бөлігі? (кесінді)
4) Барлық қабырғалары тең тең тіктөртбұрыш (шаршы)
5) «Бастамалар» деп аталатын еңбегі бар ғалым? (Евклид)
6) Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (теорема)
Абай ата:
1) Геометрияның жазықтағы фигураны зерттейтін бөлімі (планиметрия)
2) Бір нүктеден шыққан түзу (сәуле)
3) Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (3600)
4) Перпендикуляр түзулер неше градус бұрыш жасап қиылысады? (тоқсан)
5) Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттың және минуттың тілдері қандай бұрыш жасайды? (тік бұрыш)
6) Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)
4. Полиглот
Ана тілің арың бұл
Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!- дегендей келесі жарысымыз.
«Полиглот»
Шартты: Әр топ 1 жұмбақтан айтады, қарсылас топтар шешуін тауып үш тілде айтады (қазақша, орысша, ағылшынша)
1) Канада тобы бастайды: «Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында, ұзындығы жазулы тұр бойында.»
Астана шешеді: (сызғыш, линейка, чилеч)
2) Астана: Алпыс кісі аяқтасты, ерте тұрып таяқтасты.
Ғали ғибраты: (кірпік, ресница)
Ғали ғибраты: Қабат - қабат қаттама, ақылың болса аттама.
Канада тобы шешеді: (кітап, книга, бук)
4. Мәңгі - бақи есте қалар
Есте қалар жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын - дей отырып келесі кезекте
«Сиқырлы үшбұрыштар».
Шарты: Бізге 12 сиқырлы үшбұрыш берілген. Осы сиқырлы үшбұрыштардың сырын ашу керек. Ол үшін мына үшбұрыштарға жасырылған сұрақтарға жауап беру керек. Сұрақтарды топтар кезекпен таңдайды. Үшбұрыштардың астынан мектептің суреті шығады. Оқушылар мектептің 20 жылдығына орай тілектерін айтады.
1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800)
2. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға (гипотенуза)
3. Тең қабырғалы үшбұрыштың р=15 см, қабырғаларын тап. (5см)
4. Тең бүйірлі үшбұрыштың р=10 см, бүйір қабырғасы - 3 см табанының ұзындығын тап? (4 см)
5. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі үшбұрыш)
6. Теңбүйірлі үшбұрыштың р=14 см, табаны 4 см, бүйір қабырғаларын тап? (5 см)
7. Үш нүктеден, үш кесіндіден құралған фигура? (үшбұрыш)
8. Үшбұрыштың тікбұрыш жасайтын қабырғалары қалай аталады.(катет)
9. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы үшбұрыш)
10. Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы - 3 см, периметрін тап.
(9 см)
11. Үшбұрыш қабырғаларына қатысты нешеге бөлінеді? (3)
12. Теңқабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең? (600)
Мұғалім: Сиқырлы үшбұрыштың сырын ашық. Мектеп суреті, мектептің 20 жылдығына арнау тілек айтылды.
VII. Қорытындылау:
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» дегендей келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жарыстарда білімдерімен ерекше көзге түскен оқушыларға медаль алқа тағылады.
Математика әлеміне саяхат
- Wolpan
- 31 қаңтар 2014
- 10452
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Математика әлеміне саяхат, сабақтан тыс іс-шара
Ұқсас жаңалықтар:
Математика пәнінен сайыс сабақ
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты жалпы білім беру орта мектебі математика пәні мұғалімі Жанарай Жалғасқызы Адамбекова...Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңыр өлең ауылы Қожбанбет би атындағы орта мектеп Абидоллаева Мерует Әшімқызы...«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...Тікбұрышты үшбұрыш
Егер бір тікбұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы екінші тікбұрышты үшбұрыштың сәйкес катеті мен гипотенузасына тең болса, онда мұндай...Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, №1 мектеп лицейінің математика пәні мұғалімі Токаева А...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.