Сайтқа кіру Тіркелу

4-ке көбейту және бөлу

Тақырыбы: 4 - ке көбейту және бөлу
Мақсаты: 4 - ке көбейту, бөлу тәсілімен таныстыру. Есте сақтау жолдарын іздестіру. Білім, білік дағдысын кеңейту, тереңдету. Есептеу машығын жетілдіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл - ойын, пәнге қызығушылығын, таным қаблеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін, логикалық ойлау, салыстыру қаблеттерін дамыта отырып, ауызша және жазбаша есептеу арқылы білім деңгейін дамыту. Тәрбиелік мәні: Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, топта бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге, татулыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Әдісі: Проблемалық іздену, топпен жұмыс.
Түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Жазба қағаздар, логикалық тапсырмалар жазылған таратпа материалдар, интербелсенді тақта, оқулық.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз білім алу.
Міндетіміз еңбектену,
Еңбек етіп топтаса,
«5-ке» қолды жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша): Екінің, үштің көбейту және бөлу кестесі.
Логикалық тапсырмалар беру. Үш топқа парақшаға жазылған тапсырмалар таратылады. Бұл тапсырма топпен шешіледі.
1 - топ: Торда үш қоян бар еді. Үш оқушы бір - бірден қоян алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалды. Олай қалай қалды?
Жауабы(біреуі торымен алды).
2 - топ: Тауық екі аяғымен тұрғанда 3 кг тартады. Бір аяғымен тұрғанда неше кг тартады?
Жауабы (3 кг).
3 - топ: Бес бұтақта қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалды неше алма?
Жауабы (Қайыңда алма өспейді).

ІІІ. Жаңа сабақ: Проблемалық іздену. Үш топқа тапсырмалары бар карточкаларды таратып беру.
Бірінші тапсырма: төрт бірдей санының қосындысын табу және одан шыққан қосындыны көбейтумен алмастыру.
1 - топ: 4+4+4+4=16; 4*4=16
2 - топ: 3+3+3+3=12; 3*4=12
3 - топ: 2+2+2+2=8; 2*4=8
Екінші тапсырма:
1 - топ: 16 дәптерді 4 бала нешеден бөліп алады? (16: 4=4)
2 - топ: 12 қарындашты 3 бала нешеден бөліп алады? (12: 3=4)
3 - топ: 8 кәмпитті 2 бала нешеден бөліп алады? (8: 2=4).

Мұғалім: Барлығында төрт шықты, бәрекелді! Енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбын дәптерлеріңе жазып қойыңдар. Сабағымыздың тақырыбы «4 - ке көбейту және бөлу».
Дәптерге жазу. Проблемалық сұрақ:
- Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?
- Көп таңбалы сандарды тез есептеу үшін, есептерді жеңілдету үшін.
- Дұрыс айтасыңдар. Енді сендер тіл сабақтарынан, тәрбие жұмыстарынан, салт - дәстүрге байланысты 4-ке қатысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
- Дүниеміз 4 бұрышты: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс.
- 4 мезгіл, 4 түлік.
- Ендеше 4-ке көбейту, бөлу кестесін құрайық.
№1
4*4=4+4+4+4=
4*5=4+4+4+4+4=
4*6=4+4+4+4+4+4=
4*5=4*4+4=
4*6=4*5+4=

- Көбейту кестесін құрдық, енді оны тез есте сақтау жолдарын ойластырайық.
№2
4*4= -------------- 5*4=4*5 ---------------- 5*4=
4*5= -------------- 6*4=4*6 ---------------- 6*4=
4*6= -------------- 7*4=4*7 ---------------- 7*4=
- Әрбір көбейтінді алғашқы көбейтіндіден 4-ке артып отырады. Мысалы: 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40.
№3 Көбейтіндіге кері амал бөлу. Көбейтінді арқылы бөлу кестесін құру. 16: 4=4, 20: 4=5, 24: 4=6 т. с. с.
Көбейтіндіге кері амал бөлу. Көбейтінді арқылы бөлу кестесін құру.
16: 4=4
4*4=16

Сергіту сәті:
Еркін ұста денеңді,
Тарсылдатпай еденді,
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақ.
1, 2, 3 біз есепке салдық күш,
«Артық» десе қосамыз
«Кем» десе аламыз,
«Есе артық» десе көбейтеміз.
«Есе кем» десе бөлеміз.
Бір, екі үш.
№4. Ауызша есептеулер. 3 топқа бөліп беру.
№5. Бос орынға тиісті санды қой.
№6. Тез есепте
№7. Есепті оқы: шешуін жауабын жаз.
№9, 10
1 - топ. 1) Қабырғасының ұзындығы 4 см - ге тең шаршының периметрін тап.
2 - топ. 2) Периметрі 24 см; 32см; 28см - ге тең шаршының қабырғасының ұзындығын тап.
3 - топ. Екі қабырғасы өзара тең үшбұрыштың периметрі 22см. үшінші қабырғасының 6см. Үшбұрыштың өзара тең қабырғаларының ұзындығын тап.
№11Өзіндік жұмыс. « Меңгере біл»

ІV. Жаңа білімді меңгеруін бекіту.
- Балалар барлығың көбейту мен бөлуді меңгерсеңдер екі немесе үш мысалмен өздеріңді тексеріп көріңдер.
«Білгенге маржан» Жазылған сандардың ішінен 4 - тің көбейту кестесінде кездесетін сандарды теріп жазып оны мысалдармен дәлелдеңдер.
1 - топ: 15, 16, 74. 36, 86, 18:
2 - топ: 21, 17, 24, 41, 32, 27:
3 - топ: 14, 20, 37, 41, 28, 92:

Қорытындылау
Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не туралы білдік?
Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу

Бүгінгі біздің тақырыбымыз үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. Сабағымыздың мақсаты: Оқушыларға үш таңбалы санды бір...
5 - ке көбейту және бөлу кестесі

5 - ке көбейту және бөлу кестесі

Мақсаты: 1. 5 - ке көбейту және бөлу кестесімен оқушыларды таныстыру, көбейту мен бөлу амалдарын жан - жақты меңгертіп, өз беттерімен жұмыс істеу...
Көбейту және бөлу

Көбейту және бөлу

Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу, оларға амалдар қолдануды, кесіндінің ұзындығын, төртбұрыштың ауданын табу тақырыптарын...
Көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері

Көбейту және бөлудің жазбаша тәсілдері

Қызылорда қаласы, №3 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Шайманова Үміт Айғалиқызы...
5-ке көбейту және бөлу.

5-ке көбейту және бөлу.

Қостанай облысы, Қостанай қаласы, № 1 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Кожухова Анар Бакитбековна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×