Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер тарауын қайталау.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Жай бөлшек, бұрыс бөлшек, дұрыс бөлшек, аралас сандар туралы білімдерін тереңдету, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Тиімді әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, өздігінен жұмыс жасау, ойлау, есте сақтау, есептей білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, ұйымшылдыққа және тапсырмаларды деңгейлеп беру арқылы бәсекелестікпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалар, ауызша есептеулер.
Сабақтың көрнекіліктері: слайд, техникалық құралдар, тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар, оқулық.
Пәнаралық байланыс: өмірмен байланыс, әдебиет, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Кім жылдам? (сұрақтарға жауап)
3. Құпия сандар.(ауызша есептер)
4. Қас - қағым сәт.(тест тапсырмалары)
5. Біліміңді сынап көр.(оқулықпен жұмыс)
6. Өзіңді тексер.(деңгейлік тапсырма)
7. Үйге тапсырма
8. Бағалау
1. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.
Сынып тазалығы, сыныптың сабаққа дайындығы, оқушыларды түгендеу т. б.
«Лобачевскийді үш - ақ нәрсе данышпандыққа жеткізді, олар: дарын, жігер және еңбек»
М. Ысқақов
Ұлы адамдардың ұлағатты пікірінен мынаны байқауға болады. Адам өз бойындағы дарындылық қасиетін, жігерін білім алуға жұмсап және сол үшін аянбай еңбек етсе, өмірдегі барлық қиыншылықты жеңіп, мақсатына жетеді. Сондықтан сендердің қазіргі мақсаттарың сапалы білім алу. Біздер «жай бөлшектер» тарауында көптеген мағұлұматтар алдық. Енді осы алған білімдерімізді бүгін ортаға салайық.
Олай болса бүгін біздер «жай бөлшектер» тарауын қайталаймыз.
2. Кім жылдам? (сұрақтарға жауап)
Білім - байлық таусылмайтын бітпейтін,
Ұры, қары, қу жоқ оны үптейтін.
1. Үлес дегеніміз не?
2. Жай бөлшек неден тұрады?
3. Бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымдаңдар.
4. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?
5. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?
6. Қандай сан аралас сан деп аталады?
7. Бөлімдері бірдей бөлшектің қайсысы үлкен?
8. Алымдары бірдей бөлшектің қайсысы үлкен, қайсысы кіші?
9. Толықтауыш көбейткіш деп қандай санды айтады?
10. Бірлік кесінді дегеніміз не?
3. Құпия сандар (ауызша есептер)
1/3=*/12 3/4=15/* 24/42=*/7
36/*=2/5 2/11=*/44 5/9=*/27
Бір адамның бір адамнан парқы бар,
Ол айырма білімменен жарқырар.
4. Қас - қағым сәт (тест тапсырмалары)
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
1. Дұрыс бөлшекті тап
12/5
8/5
3/5
2. Бұрыс бөлшекті тап
3/7
2/7
5/7
3. 3: 14 бөліндісін бөлшек түрінде жаз.
14/3
14/14
3/14
4. 81/23 бөлшегін аралас сан түрінде жаз.
13/23
211/23
312/23
5. 63/41 аралас санын бұрыс бөлшек түрінде жаз.
240/41
249/41
246/41
5. Біліміңді сынап көр (оқулықпен жұмыс)
Қандай адам білім алса тәуірлеп,
Сол ұшпаққа шығады екен дәуірлеп.
№592 1, 2
6. Өзіңді тексер (деңгейлік тапсырма)
Білім, ақыл бірге жүрсе жарайды,
Бүкіл әлем бір - ақ қолға қарайды.
I деңгей
Бөлшектерді салыстыр.
А. 4/7 және 5/6
Б. 3/5 және 3/4
В. 2 4/9 және 34/9
II деңгей
14/5; 23/5 сандарын координаталық сәуледе көрсетіңдер
және нүктені координатасымен жазыңдар
III деңгей
Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтір.
А. 7/10 және 1/15
Б. 2/15; 5/12 және 3/4
7. Үйге тапсырма
№596, №597, №599 есептер
8. Бағалау (оқушыларды білімі бойынша бағалау)
9. Қорытындылау
Қорытындылау мақсатында мына ертегіні пайдаланамын
Ертеде данышпан деген патшаның елінде «Байлық», «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады.
Байлық: менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние – мүлкі, ішіп – жемі мол болады.
Бақыт: менің кімнің басына қонсам, соның атақ даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.
Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.
Данышпан: «Байлық» - бір жұттық, «Бақыт» - баянсыз, «Ақыл» - еңбек, білім деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы да бар.
Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді өмір сүреді
Жай бөлшектер тарауын қайталау
- Разош
- 27 сәуір 2013
- 6552
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашық сабақ жай бөлшектер тарауын қайталау, математика
Ұқсас жаңалықтар:
Дұрыс және бұрыс жәй бөлшектер
Сабақ мақсаты: Дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымымен таныстыру және оларды ажырата білуге үйрету. Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер ережелерін...Дұрыс және бұрыс бөлшектер
№11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Избулова Гүлдана...Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру
Батыс Қазақстан, Казталов ауданы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің Математика пәнінің мұғалімі Дуйсенбаева Арнагул Имангазиевна...Бөлшектерді қосу мен азайту
Көкшетау қаласы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі Шамиганова Райхан Манапқызы...Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Талдыарал елдімекені № 215 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Абдикаримова Гаухар Абдикаликовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.