Сабақтың тақырыбы: «Білгенге маржан...»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуда тәрбиелейді. Математикалық кештер оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, шығармашылық ойларын дамытады.
Сабақтың түрі: сайыс
Сабақтың көрнекілігі: интерак. тақта
Сабақтың барысы:
І. Таныстыру.
ІІ. «Қас қағым сәт»
ІІІ. «Тілім әуенім, тілім әлемім»
ІV. «Мені таны»
V. «Ойланбай - ақ табайық»
VІ. «Біліктілік сайысы»
VІІ. « Әріптер сөйлейді»
VІІІ. «Ойлай аламыз ба?»
Жүргізуші: Сайыстан озып келер жүзден жүйрік
Мыңнан тұлпар болады білім тізген
Ал, халайық қарсы алып тамашалап
Өнерін балалардың өрге жүзген
Дей отырып 11 сыныптар арасында өтетін «Білгенге маржан...» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыс 7 бөлімнен тұрады. 11 «а» сыныпты І - топ, 11 «ә» сыныпты ІІ - топ
деп аламыз.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл - ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Сөз кезегі оқушыларда.
ІІ. «Қас қағым сәт» сұрақтарға иә және жоқ деп жауап береді. (әр жауапқа 10 ұпай)
І - топ
Бағытталған кесіндіні вектор деп атайды. (ия)
640 саны 5 - бөліне ма? (ия)
Қысымның өлшем бірлігі молекула ма?(жоқ)
Компьютердің енгізу құрылғысын курсор деп атаймыз ба? (жоқ)
Метрдің 1проценті 1 см ма?(ия)
1 сағатта 90 минут барма? (жоқ)
Үшбұрыштың қабырғаларының қосындысын периметр дейміз бе? (ия)
Милли санының жазылуында 8 ноль барма? (жоқ)
Сағаттың ¼ бөлігі 15 минут па? (ия)
Ең үлкен екі таңбалы сан 98 ба? (жоқ)
ІІ - топ
Дәлелденбейтін тұжырым теорема ма? (жоқ)
2*8 = 16 (ия)
Берілген шаманың 1/100 процент па? (ия)
Оң сандардың қосындысы теріс сан ба? (жоқ)
14 жұп сан ба? (ия)
Метрде 100 см барма? (жоқ)
1 тәулікте 48 сағат барма? (жоқ)
369 саны 3 - ке бөліне ма?(ия)
Қабырғасы 1 - ге тең квадраттың ауданы 2 - ге тең болама? (жоқ)
Принтер баспа құрылғысы ма? (ия)
ІІІ. «Тілім әуенім, тілім әлемім» атты бөлімінде Әр топтан бір оқушы шығып соның арқасына жапсырылған суретпен сөзді отырған оқушылар соны барынша тіл байлығымен түсіндіру керек. (10 ұпай)
Синустар теоремасы.
Октаэдр суреті
Фалес теоремасы
Тік призманың суреті
ІV. «Мені таны» бөлімінде ұлы математиктердің суреті көрсетіледі сол кісіні кім екенін табу керек. (50 ұпай)
Әбунасыр Фараби Асқар Жұмаділдаев
герон Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы
Архимед
V. «Ойланбай - ақ табайық» (10 ұпай)
І - топ
1. Садақа, зекет беру математикалық заңдылыққа бағына ма? Бағынса мысал келтір.
Ітоп
1. 3 санына байланысты қандай ырым жоралғыны білесіңдер?
2. Сан есімі бар мақал - мәтел.
VІ. «Біліктілік сайысы» екі топ 5минутта екі есеп шығару керек. (10 ұпай)
І - топ
Туындысын табыңдар. У =2(2x+5) 8 (у=32(2x+5) 7)
Теңдеуді шешіңдер. 23х - 9 =1 (x=3)
ІІ - топ
Туындысын табыңдар. У= 25х5+16х ( y=125x4+16)
Теңдеуді шешіңдер. 2х2 - 7х+5=0 (2. 5, 1)
VІІ. « Әріптер сөйлейді» Әр топ басшысы шығып парта үстіндегі формулалардан мына формулаларды құрастырып атап беру керек. (10 ұпай әр формулаға)
Қосудың туындысы.
Шеңбердің теңдеуі.
Трапецияның ауданы.
Герон формуласы.
Анықталған интеграл.
Сызықтық функцияның теңдеуі.
Призманың көлемі.
Конустың бүйір бетінің ауданы.
Шеңбердің ұзындығы.
Арифметикалық прогрессия.
VІІІ. «Ойлай аламыз ба?» Логикалық есептер (әр жауапқа 10 ұпай)
Қорытынды, марапаттау әділ қазы алқалары.
«Білгенге маржан...»
- aigul_zharzhanova
- 13 сәуір 2013
- 11278
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ұлы математикатерді таныту, математика, жарыс, сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Шеңбердің теңдеуі
Зеленов ауданы, Көшім ауылы, Көшім ЖОББМ Математика пәні мұғалімі: Сагынгалиева Маркиза Сибатовна...«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...«Зерде» сайыс сабағы
Қарағанды қаласы, №6 жалпы білім беретін орта мектебі Мұғалім: Ахметова Гульмира Махметовна...Квадрат теңдеулер
№35 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі: Төреханов Қасымхан Алмасханұлы...Квадрат теңдеулер
оқушылардың квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.