Сайтқа кіру Тіркелу

Жарты жазықтық, сәуле және бұрыш

Сабақ тақырыбы: Жарты жазықтық, сәуле және бұрыш.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың осы тақырып бойынша алған білім - біліктерін есептер шығару барысында қолдана білу.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушы ойларын тұжырымдап, шапшаң жинақы айта білуге үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнектілігі: сызбалар.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Әдісі: есептер шығару, сұрақ – жауап.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру(өткен тақырыпқа шолу жасау)
а) Сәуле немесе жарты түзу дегеніміз не?
ә) Сәулелер қалай белгіленеді?
б) Бұрыш деп қандай фигураны айтады?
в) Бұрышты қалай белгілейді?
г) Жарты жазықтық деген не?
3. Сабақтың мақсатын хабарлау.
4. Есептер шығару.
Ә. Н. Шыныбеков №26 есеп 21 бет. Оқушылар өздігінен орындайды. Жазыңқы емес АОВ бұрышын салып 1) бұрышты екі бөлікке бөлетіндей ОС сәулесін; 2) АОВ бұрышын екі бөлікке бөлмейтін ОD сәулесін жүргізіңдер.
Шешуі:
А
С
O B
D

№ 27. Екі түзу қиылысқанда неше жазыңқы емес бұрыш пайда болады?
Шешуі: а ∩ в
4 жазыңқы емес бұрыш пайда болды а
в
№ 28. Тақтамен жұмыс
Шамалары 135', 500' болатын бұрыштардың градустың өлшемдерін табыңдар.
Шешуі: 1˚ = 60'
135' = 2˚ 15'; 500' = 8˚ 20'.
№ 29. Шамасы 6˚ 15', 2˚, 11, 5˚ болатын бұрыштарды минутпен өрнектеңдер
Шешуі: 1˚ = 60'
6˚ 15' = 375'; 2˚ = 120'; 11, 5˚ = 690'
Амалды орындаңдар:
№ 30
1) 5˚ 48' + 7˚ 35' = 13˚ 23'
7˚35
12˚83
2) 32˚ 17' - 8˚ 45' = 23˚ 32'
31˚ 77'
8˚45
23˚32'
№31
21 – суретті (21 бет.) пайдаланып, әр оқушы жекелеме жұмыс. Бастапқы О нүктесі ортақ болатын сәулелер бейнеленген 1) АОХ, ВОХ, АОВ, СОВ, DOX бұрыштарының градустың өлшемдерін табыңдар.
2) 20˚ - қа тең бұрыштарды атаңдар.
3) тең бұрыштарды атаңдар
4) қабырғасы ОА болатын барлық бұрыштарды атап, олардың градустың өлшемдерін табыңдар.
Шешуі:
1) АОХ = 40˚ АОВ = 20˚ СOB= 20˚ DOX= 130˚
2) АОВ, COB бұрыштары.
3) АОВ = СОВ
4) АОХ = 40˚ АОВ = 20˚ АОС= 40˚ АОD= 90˚ AOZ =140˚

№ 32. а сәулесі (сd)
с
а бұрышының қабырғаларының арасынан өтеді.
Егер 1) (ас)= 35˚
d (аd)= 75˚
т/к (cd) -?

Шешуі:
(cd) = (ас) + (ad)= 35˚ + 75˚ = 110˚
Жауабы: (сd)=110˚

№ 36

АОВ = 90˚, АОК = 40˚, МОВ = 30˚ болатындай етіп, АОВ бұрышы мен оның ОК, ОМ ішкі сәулелерін салыңдар. КОМ бұрышын табыңдар.

Шешуі: КОМ = АОВ = ( АОК + МОВ)

КОМ = 90˚ - (40˚ + 30˚) = 20˚

Жауабы: КОМ = 20˚

Қорытынды:
1) Жазықтықты екі жарты жазықтыққа бөлудің қандай қасиеттері бар?
2) Жазықтықтағы нүктелердің түзуге қатысты орналасуының негізгі қасиеттерін тұжырымдаңдар
3) Сәуле бұрыш қабырғалары арасынан өтеді деген сөйлемді қалай түсінесіңдер?

Үйге тапсырма: №24, №25, №32 (3) Ә. Н. Шыныбеков. 20 бет

Оқушыларды бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×