Сайтқа кіру Тіркелу

Жазбаша көбейту және бөлу

Оқу мақсаттары:
3. 1. 2. 10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46: 2, 246: 2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
3. 1. 2. 11 мынадай жағдайларда 28∙3; 269∙2; 84: 3, 538: 2 таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
Күтілетін нәтижелер
Барлық оқушылар:

Үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.
Бірқатар оқушылар:
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін түсіндіру.
Кейбір оқушылар үшін:
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін түсіндіру.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту мен бөлуді түсіндіру.
Пәндік лексика және терминология:
екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту мен бөлу.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл
Талқылау:
Бөлуді разрядтың қандай санынан бастау керек?
Бірінші толымсыз бөлу қаншаға тең?
Жекелеген сандардың мөлшерін қалай анықтаймыз?
Екі бірліктерді көбейткенде екі таңбалы сан шықса не істеу қажет?
Егер бөлінгіштің бірінші саны бөлгіштен кіші болса не істеу қажет?
Егер толық емес бөлінді бөлінгішке толықтай бөлінбесе не істейміз?

Жазу:
Бір таңбалы сандарға көбейту мен бөлуді жазбаша орындаңдар
Тірек білім, білік, дағдылар
Бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс - әрекет

0 - 3 мин
Ынталандыру.
Мұзафар Әлімбаев пен Ермек Өтетілеуұлы – балалар ақыны, әдебиеттанушы, аудармашы, жазушы.
Мұғалім балалардан М. Әлімбаевтың, Е. Өтетілеуұлының қандай шығармаларымен таныс екендерін сұрайды.

4 - 6 мин
Белсендіру.
Оқушылар 1 - тапсырмада мәндері бірдей өрнектерді таба отырып, шығармаларды авторларымен сәйкестендіреді.
Сендер бұл авторлардың шығармаларын оқыдыңдар ма?

7 - 11 мин
Мақсат қою (мәселелі жағдаяттар).
Оқытушы балалардан сабақтың мақсатын тұжырымдауды сұрайды. Өткен тақырыпты қайталап, қандай маңызды мәселелерді жіберіп алғандарын анықтай отырып, ол олқылықтарды түзетуге кеңес береді.
Өздік жұмыс
Оқушылар 3, 4 - тапсырмаларды өз беттерімен орындайды
Қиындықты түзету
Оқытушы есептің дұрыстығын тексереді.
Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерде қате жібердіңдер?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
– Өздік жұмыста қателік жібергендер, өз іс - әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
– Есептеу барысында қиындық туындағандар, ары қарайғы жұмысқа мақсаттарың қандай?
(Қатемен жұмыс).
– Қатемен жұмыс амалын қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
Оқытушы балалардың таңдауы бойынша дәптерге есеп орындауды ұсынады.
Мен істей аламын:
• Есептеуде жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдана аламын.
Өткенді қолдану
Оқытушы баланың білім деңгейіне қарай өздік жұмыс береді. Оқулықтағы 4 - тапсырма жұппен орындалады. «Материал элементтерін бөлуді» жұптасып орындау барысында, бірінші оқушы барлық есепті өзі орындайды, ал екінші оқушы оны тексереді. Жұптасып орындау «амалында», бірінші оқушы түсіндіреді, екіншісі оны жазады, біріншісі келісе ме, жоқ па соны айтады. Жұптасып орындауда «бірлесуді» таңдаған оқушылар жұмысқа бірге кіріседі, әрбір амал сайын өз есептерін салыстырып, тексереді, қарама - қайшылық туындаған жағдайда әрқайсысы өз есебінің дұрыстығын дәлелдеп, бір келісімге келуге тырысады.
Оқушылар тіктөртбұрыштың жартысына тең, соның жартысы болып табылатын үшбұрыштың ауданын табудың ережесін еске түсіре отырып, өз ойларын ұсынады. Екінші жағдайда қабырғалары үлкен шаршы қабырғаларының жартысына тең кішкене шаршының ауданын табу қажет. Пішіннің көлеңкеленген бөлігі екі шаршыға тең, демек оны анықтау үшін кішкене шаршының ауданын екі есе арттыру керек.
Өздік жұмыс
Оқулықтағы 5 - тапсырманы орындау үшін оқушыларға есептер бойынша өрнектер құрып, оларды шешу қажет.
Оқулықтағы 8 - тапсырмада оқушылар кесте бойынша есептер құрастырып, шешімдерін табады.
7 - тапсырманы орындай отырып оқушылар балабақшаға қанша кітап сатып алынғанын анықтайды.
Рефлексия.
– Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?
– Сол мақсатымызға жете алдық па?
– Сендерде қиындықтар туындады ма?
– Сендер ол қиындықтарды шеше алдыңдар ма?
– Бүгінгі сабақ несімен қызық болды?
Жетістік жолағын пайдалана отырып, өз білімдерін бағалау ұсынылады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу және көбейту

Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу және көбейту

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру; қалдықпен бөлуді...
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу

Бүгінгі біздің тақырыбымыз үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. Сабағымыздың мақсаты: Оқушыларға үш таңбалы санды бір...
Көбейту және бөлу

Көбейту және бөлу

Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу, оларға амалдар қолдануды, кесіндінің ұзындығын, төртбұрыштың ауданын табу тақырыптарын...
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға разрядтан аттап жазбаша көбейту

Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жайсаң орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Разакова Алтынай Куралбаевна...
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№ 22 ЖОББ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Асель Толеухановна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×