Сайтқа кіру Тіркелу

Эрудит математикалық сайысы

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, математикалық білім қабілеттерін тексеру, сыныптың көшбасшысын анықтау.
Көрнекілігі: Белсендірілген тақта, слайдтар
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р. Бэкон).
Түрі: сайыс
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші:
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
Құрметті қонақтар! Сіздерді математика пәнінен 6 – 7 сынып оқушыларының арасында өтетін «Эрудит» атты сайыс сағатын көруге шақырамыз.
Әділ - қазылармен таныс болыңыздар:
Ортаға алдын ала белгіленген нөмір бойынша сайыскерлерді шақырамыз. (Сайыскерлер өздерін таныстырып шығады.)
№1 -
№2 -
№3 -
№4 -
№5 -
№6 –
Бүгінгі сайыс V кезеңнен тұрады. Кезеңдерімен таныстырып өтейін:
I - кезең. “Бәйге” (дұрыс жауап 5 ұпай)
ІІ – кезең. “Көкпар”(логикалық есептер. Дұрыс жауап 10 ұпай)
ІІІ - кезең. “Ғажайып үштік”
IV - кезең. “Жорға”(дұрыс жауап 5 ұпай)
V - кезең. “Сиқырлы әріптер”
VI - кезең. Қорытындылау.
Сайыскерлерге сәттілік тілейік!
I - кезең. Бәйге қол көтеріп жауап беру (сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер 1 қадам алға жылжып отырады)
6 - сынып:
1. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?
2. Екі қатынастың теңдігі не деп аталады?
3. Жай сан деп қандай санды айтамыз?
4. Масштаб дегеніміз не?
5. Жиындардың қиылысуы деп нені атаймыз?
6. Шеңбер ұзындығының формуласы??
7 - сынып:
1. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
2. Функция дегеніміз не?
3. 0 - ден үлкен сандар?
4. Ең кіші натурал сан?
5. y = x3 функциясының графигі?
6. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?

II - кезең. “Көкпар”(логикалық есептер. Дұрыс жауап 10 ұпай)
1. Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан екі есе артық болады. Ол қанша жаста?

(үште)
2. 5 адам кездесіп қалып бір - бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша?

(20)
3. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1, 5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша уақыт кетті?
(6 мин)
4. Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29 - ға тең, 5 жылдан соң олардың жастары бірге алғанда қаша болады?
(44)
5. Күнмен дос геометриялық фигура?
(сәуле)
6. Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60 км шауып өтсе, әр ат неше км - ден шабады?
(60 км)
7. 1 - ден 1000 - ға дейінгі сандарды жазу үшін қанша цифр керек?
(10)
8. Балаларды жазалауда қолданылатын геометриялық фигура?
(бұрыш)
9. Бір таңбалы санның соңына дәл сондай санды жаздық, сан неше есе өсті?
(11)
10. Математиктердің ойынша бір пойыздың екінші пойыздан айырмашылығы неде?
(нөмірінде)

III - кезең. «Ғажайып үштік» сайысын бастайық.
Сандар сырына саяхат 20 30 40
Қазақтың қара есептері 20 30 40
Викториналық сұрақтар 20 30 40
Сандар сырына саяхат
20 ұпай. Жеті ырыс.
Адамның ақыл - ойы мен сана сезімі, денсаулық, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ит
30 ұпай. Жеті жарғы
Тәуке хан тұсындағы жазылған әдет - құқықтық заң. Онда жер дауы, мал дауы, жан дауы, жесір дауы, күн дауы, мүлік дауы, билік дауы
40 ұпай. Жеті ата.
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
Қазақтың қара есептері
20 ұпай. Бір кемпір:
Сапырып - сапырып Сарманға бер,
Құйып - құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар –
«Қой мұнымыз болмас.
Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен,
кетейік»- деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен
ұрылардан осылай аман қалыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша?
10 адам, 5 ұры
30 ұпай. Ұлу биіктігі 10 м ағаштың басына шығуы керек, Ол күндіз 4 м жоғары көтеріледі, түнде 3 м төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады?
7 күнде
40 ұпай. Үстел үстінде үш жәшік тұр: ақ, қызыл және жасыл. Біреуінде - шоколадтар, екіншісінде – алмалар, үшіншісі – бос. Егер шоколадтар не ақ, не қызыл жәшікте жатса, ал алмалар ақ жәшікте де, жасыл жәшікте де жатпаса, онда шоколадтар қайда жатуы мүмкін?
Ақ жәшікте
Викториналық сұрақтар
20 ұпай. Шығыс ғалымы, математик, дәрігер, ақын, музыкант, астроном кім?
Әл - Фараби
30 ұпай. П санын алғаш рет кім ойлап тапты?
Архимед
40ұпай. Ертеде ұзындық өлшем бірлігі ортақ өлшем бірлігі болмағандықтан көп тартыс туғызды. Алғаш рет Францияда метрлік өлшем жүйесі енгізілді. Жаңа өлшем дайындауға француз математигі _____зор үлес қосты.
Лагранж
IV – кезең. «Жорға»
6 – сынып
1. Бір жылда неше күн бар?
(365)
2. Кесіндіні өлшейтін құрал?
(сызғыш)
3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек?
(бұрыс)
4. 90 градустан кіші бұрыш?
(сүйір)
5. Оң санға да теріс санға да жатпайтын сан?
(нөл)
7 - сынып
1. Геометрия грекше аударғанда қандай ұғымды береді?
Жер өлшеу
2. Тәуліктің төрттен бір бөлігі?
6
3. Табиғи жарық көзі?
Күн
4. Дәрежеге шығару дегеніміз?

Бірнеше тең көбейткіштердің көбейтіндісін табу амалы
5. Теріс санның тақ дәрежесі?
Теріс сан
V - кезең. “Сиқырлы әріптер”
Берілген әріптерден математикалық терминдер құрастыру керек. Кім қанша сөз құрастырғаны бойынша есептеледі.
с р і к б ы и т ұ ш ү н е

VI - кезең. Математикалық үзіліс. Оқушылар рет - ретімен 1 - ден 30 - ға дейінгі сандарды санап шығады. Бірақ сандарды олар атағанда 3 - ке еселік сандарды айтпайды. Мысалы 1 оқушы 1 десе, 2 оқушы 2 дейді, ал 3 оқушы «еселік» деген сөзді айтады. Осылай жаңылмай 30 - ға дейінгі сандарды атап шығу керек.
VI - кезең. Қорытындылау. Көп ұпай жинаған оқушыға «Эрудит» атағы беріліп, марапатталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×