Сайтқа кіру Тіркелу

Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру

Тақырыбы: Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
5. 1. 2. 16 Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру;
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар:
Жай бөлшектің негізгі қасиеттерін қайталай отырып, жай бөлшектерді, аралас сандарды ең кіші ортақ бөлімге келтіруді үйрету, есептер шығарту.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырыптың мазмұнын түсіну, сыни тұрғысынан ойлай алады, ой қорытындысын жазуға үйренеді
Кейбір оқушылар:
Тақырыпты меңгеру барысында әр түрлі ойын элементі бар есептерді шығару арқылы қабілеті мен бейімділігін дамыта түседі, ептілікке үйренеді
Бағалау критерийлері

Жай бөлшектерді, аралас сандарды ең кіші ортақ бөлімге келтіреді;
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы(3 минут) І. Ұйымдастыру.
Амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шаттық шеңберін құрып, жақсы тілек айту
Көк, жасыл, сары түстерді тандап өз қажеттіліктеріне қарай 3 топқа бөліну.

5 минут Үй тапсырмасын тексеру:
№461 Сәйкестендіру арқылы тексеру.
Ширату
Пысықтау сұрақтары:
1. Бөлшекті қысқарту дегеніміз?
2. Дұрыс бөлшек деп қандай бөлшектерді айтады?
3. Бұрыс бөлшек деп қандай бөлшектерді айтады?
4. Қандай сан берілген бөлшектерге ортақ бөлім бола алады?
5. Толықтауыш көбейткіш деп қандай санды айтады?

Сабақтың ортасы (25 минут)
Тапсырмалар
1. Оқулықпен жұмыс №462 жұлдызшаның орнына тиісті санды тауып қой
“Ойлан - жұптас - бөліс”

1) 2/*= 14/21 және 2/*= 15/21
2) 4/*= 48/5 және 7/*= 35/65
3) 2/*= 34/51 және 8/*=24/51
4) 10/* = 70/133 және 3/*=57/133

2. Карточкамен жұмыс (Аралас сандарды ең кіші ортақ бөлімге келтіру)

1) 2 1/6 және 3 1/9 5) 1 3/11 және2 1/2
2) 1 3/4 және3 5/12 6) 6 7/100 және 4 9/10
3) 4 2/7 және 5 4/21 7) 2 8/15 және1 5/12
4) 1 7/20 және 2 3/50 8) 3 1/18 және 2 4/15
3. Сергіту сәті
4. Осы жазылған сөздерді бөлшек түрінде жазып, ортақ бөлімін тап:
Жиырмадан бес
Отыз үштен жеті
Он сегізден үш
5. Хат ішіндегі тапсырмаларды орында№464
1) 7 және 5/8
2) 9 және 1/4
3) 3/7 және 4
4) 9/10 және 8
5) 15 және 3/10
6) 20 және 3/8
7) 9 және1 5/12
8) 7/11 және 3

Оқулық
АКТ
Карточка
Маркер
Плакат

Сабақтың соңы( 5мин) Үйге тапсырма: №467
Қорытындылау: Түймедақ гүлдерінің күлтелеріне сұрақтарға жауап беріп кері байланыс жасайды. Топ ішінен топтың көшбасшысын анықтайды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс - тәсілдер:
“Ширату”
“Ойлан - жұптас - бөліс”
«Карточкамен жұмыс»
«Гүліне көбелек қондыр»
“Кезбе тілші”
«Басбармақ стратегиясы»
«Сергіту сәті»
«Сыни тұрғысынан ойлау»
“Деңгейлік тапсырмалар”
Кері байланыс“Түймедақ гүлі”
“Көшбасшыны анықта”
Денсаулық сақтау технология - лары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс - әрекет түрлері.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×