Қолданбалы курстың түсінік хаты
Жоғары сынып оқушыларын таңдау сабақтарымен қамтамасыз ету үшін «Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» қолданбалы курсы құрылды.Ұсынылып отырған курс жоғары сынып оқушыларының кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.Курс 68 сағатқа есептеліп,10-сынып оқушыларына арналған.
Бұл курс,математикаға бейімі бар оқушының қызығушылығын,сұранысын стандартты емес есептер шешу әдістерінде танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Курс мазмұны математикалық анализ және алгебра курсының бағдарламасын қайталамайды және мектеп математика курсындағы «сызықтық теңдеу» туралы білімді тереңдетуге бағытталған. Сондықтан да бұл курсты оқу кезінде жоғары сынып оқушыларының математикалық білімге қызығушылығын және сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі емес жағдайларда алған білімін қолдана білуге аттестат алу үшін оқу емес,өмірлік жоспарларын іске асыру үшін жоғарғы сынып оқушыларының білім алуында «Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» маңызды орын алады.
Басқа жағынан алғанда,бұл курс орта мектептеріне теңдеу шешуге қажетті және жеткілікті білім жинақтауға мүмкіндік бере отыра,математика негізгі пән болып келетін жоғарғы оқу орнына дайындық болып табылады.
Курстың мақсаты:Тереңдету арқылы әлем математика құрам бейнелерінің тұтастығының дамуымен «Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы бойынша білімдерін кеңейту.
Курс міндеттері:
-«Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету.
- Әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,оқушылардың есеп шығаруға практикалық дағдыларын дамыту және қалыптастыруға жағдай жасау.
- Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту.
- Білімін пайдалану және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту.
- Оқушының математикалық мәдениетін көтеру.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.