Сайтқа кіру Тіркелу

Математика сайыс сабақ

Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
«Тапқырлар тартысы» деп аталатын математикалық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Уа, жарандар, жарандар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысымызды бастаймыз.
Математика ермек емес балалық,
Математика – көрегендік даналық.
Математика құрметтеуге лайық
Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!
Үлгілі тәртіп жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты,
Алғырларды ортаға шақырайық

2 - ж: Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Тапқырлар тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық.
Сайысқа қатысатын оқушылар орындарына келіп отырады.

1 - ж: Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер.

Сайысымызды бастамас бұрын оқушылардың білімдерін әділ бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап алайық!

2 - ж. « Тапқырлар тартысы» сайысы 5 - турдан тұрады
1. Сәлемдесу / аты, ұраны, төс белгісі/
Ұран: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!»
Ұран: «Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске»

2. Мықты болсаң жеңіп көр!
Әр топқа 10 сұрақ қойылады, ойланбастан бірден жауап беру қажет.
Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
Бүгінгі күн сайыста
Сен ешкімнен қалыспа
Біліміңді көрсетер
Сұрақтарға жауап бер!
1 - топ
1. Квадрат теңдеудің анықтамасын айтып бер.
2. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, аңшы оның екеуін атып түсірді. Торғайдың қаншасы қалды? /екеуі қалды/
3. 30 минутты сағатқа айналдыр./ 0, 5сағат/
4. Параллелограмм деп қандай геометриялық фигураны айтады?
5. Егер екі кірпіштің салмағы8 кг болса, 1, 5 кірпіштің салмағын тап. /6кг/
6. Болат сенбі күні кешкі сағат 9 - да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10 - ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады. /1 сағат/
7. Виет теоремасын айтып бер.
8. 1 - 100 аралығындағы сандардың қосындысын бірден тапқан оқушы, кейіннен әлемге әйгілі математик /Карл Гаусс/
9. Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырау тұруы мүмкін бе? / мүмкін емес/
10. Рене Декарт қай елдің математигі? / Француз/

2 - топ
1. Виет теоремасына кері теореманы айтып бер.
2. Алғашқы математик әйел. /С. Ковалевская/
3. Парабола деген сөз қай тілден шыққан, қандай мағынаны береді?
4. 8 - наурызда екі шешей мен 2 қызына, әжей мен немересіне орамал сыйға тартылды. Неше орамал, бұл қалай? /3 орамал. Әжей, шешей, қыз/
5. Үш түйе құс ұшып келе жатыр. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды? /түйе құс ұшпайды./
6. Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығармаған кім? /Қ. Сатпаев/
7. Барлық сандардың көбейтіндісі көп пе, әлде қосындысы көп пе? /қосындысы/
8. Пифагордың туған жері /Самос аралы/
9. Қандай көпмүше квадрат үшмүше деп аталады?
10. α сүйір бұрышына қарсы жатқан катет? / сүйір бұрыштың синусы/

3 - топ

«Жүз өгіз есебі» қалай айтылады? /Пифагор теоремесы/
Миллион деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы. /1879ж. Ы. Алтынсарин/
«Геометрия» пәнінің негізін салушы. /Евклид/
Квадрат үшмүшенің қанша түбірі болуы мүмкін?
Түйе құс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? /1пұт/
Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? /»Әл жебр деген араб сөзі»/
Шеңбердің үлкен хордасы /диаметр/
Жүзден бір бөлік /процент/
Математика ғылымының докторы. Дүниежүзілік математика конгресінде ғылыми баяндама жасаған тұңғыш қазақ. Біздің жерлесіміз. /Төлеубай Ыдырысұлы Аманов/
8 класс Алгебра оқулығының авторы кім? /Шыныбеков
3. «Кім жылдам?»
Бұл сайыста үш топқа да әлем халықтарының есептері оқылады. Кім жылдам, сол бірінші жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
Асып әсте саспайық,
Батыл қадам бастайық.
Еркіңді билер барынша,
Жарыста, сірә қалыспа.

1. Болгар халықтарының есебі:

Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа «Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсы»,- деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?

Шешуі: Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл, тоғыздың аяғын алып тастасаң нөл. Балықшы балық аулаған жоқ.

2. Греция халықтарының есебі:

Атақты Пифагордан « сенің әңгімеңді тыңдауға мектебіңе қанша адам келеді?» – деп сұрағанда Пифагор былай деп жауап береді. «Менің жарты оқушыларым математиканы, ¼ бөлігі музыканы, 1/7 бөлігі уақытын үнсіз ойлануға жібереді, қалған бөлігі 3 оқушы»- деп жауап берген. Неше оқушы?

Шешуі: х/2+х/4+х/7 х
14х+7х+4х+84 28х
3х84
Х 28

Жауабы: 28 оқушы

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы,
«К. Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі»
Математика пән мұғалімі Чингоджаева Жазира Ғазизқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×