Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
Сәуір болмай жауын болмас,
Жауын болмай тәуір болмас.
Дауылдың алды — жел,
Жаңбырдың арты — сел.
Жаңбыр жауса, жерге сый,
Жігіт туса, елге сый.
Жақсының сөзі —
Жырмен тең,
Жаздағы жаңбыр
Нұрмен тең.
Торғай
Жаңбыр жауса,
Баласын қорғайды;
Бұршақ жауса,
Басын қорғайды.
Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр -
Жерге жауған нұр.
Жаңбырменен жер көгерер,
Еңбекпенен ел көгерер.
Жаңбырдың басы – тамшы, арты – қамшы.
Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай.
Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,
Бұршақ жауса, басын қорғар.
Жаңбыр жауса, жарлының жаны жадырайды.
Жамаулы киім де жаңбырға жарайды.
Жаңбырдан қашқан
Бұршаққа кез болар.
Жаңбыр өзін селге санайды,
Құдық өзін көлге санайды.
Жаңбырмен жер көгерер,
Батамен ел көгерер.
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
Жаңбыр туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 29 қаңтар 2020
- 15762
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Жаңбыр туралы мақал-мәтелдер, мақалдар, мәтелдер жаңбыр, нөсер
Ұқсас жаңалықтар:
Бұлақ туралы мақал-мәтелдер
Бұлаққа бұлақ қосылса, Егізбіз дейді. Көлге көл қосылса, Теңізбіз дейді....Табиғат туралы мақал-мәтелдер
Жаңбыр бір жауса, Терек екі жуады. Су табиғаттың ажары....Табиғат туралы мақал мәтелдер
Жаздың бір күні, қыстың мың күні. Нөсер алдында найзағай ойнайды....Жетпіс жұмбақ №4 Абдрахман Асылбек
Бір зат бар тілі жоқ, Ал, сөзінде міні жоқ. (Хат)...Көктем өлеңі
Қызылорд қаласы № 211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушысы Берікбек Дәулет Асқарұлы Мұғалімі Еспенбетова Загира Нагметуллаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.