Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.
Жақсы аға - орман, жақсы іні - қорған.
Алпысқа келгенде,
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын.
Аға алдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.
Асыл аға, алғыр іні.
Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.
Ағадағы мал — аспандағы мал,
Інідегі мал — ін түбіндегі мал,
Баладағы мал — даладағы мал.
Ағадан — ақыл,
Атадан — нақыл.
Әуелгі сөз — ағадан,
Әдепті сөз — ініден.
Ағадан — ақыл,
Ініден — ізет.
Ел ағасыз болмас,
Су сағасыз болмас.
Жөн білмеген ағалар:
Бүлініп кетсең қуанып,
Сүрініп кетсең табалар.
Өз ағасын ағалаған —
Қолда барды бағалаған.
Аға адасса, іні із кеседі.
Жасы кіші ініні
Ақылы артса, аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап, жаға тұт.
Жақсы аға — орман,
Жақсы іні — қорған.
Ақыл ағадан,
Ілтипат ініден.
Аға —
Еңбекпен көркем.
Бала —
Біліммен көркем.
Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз болмас.
Ағаның алды - кең жайлау.
Аға болсаң ақыл айт,
Ақыл айтсаң, мақұл айт.
Көп ақымақтың ағасы болғанша, аз ақылдының інісі бол.
Өзбек өз ағам.
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
Амандық ағадан.
Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігітті жаным десе болмас па.
Өз ағасын ағаламаған, кісі ағасын жағаламайды.
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңілі өсер.
Жасы кіші болса да, ақылы көпті аға қыл.
Халыққа аға болғанның, арқасы жауыр болар.
Қошқар болар қозының маңдайлары дөң келер,
Аға болар жігіттің етек - жеңі кең келер.
Аға мен тағаның арасында да есеп жүреді.
Ағаның өткені –
Інінің өткелі.
Немере ағаң –
Жең ішіндегі жылан.
Ағасын көріп, іні өседі,
Апасын көріп, қыз өседі.
Аға — алғанша,
Жеңге — жегенше.
Аға – бор,
Іні – тас.
Ардагер аға алдында тұрсың,
Әдепті іні артында тұрсын.
Аға, іні туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 14 қаңтар 2019
- 42324
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аға, іні туралы мақал-мәтелдер, мақалдар аға іні жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
Жар, әйел, қатын, бәйбіше, өмір туралы мақал-мәтелдер
Түстік өмірің болса, Кештік білім жи. Астыңдағы атыңа сенбе, Қойныңдағы қатыныңа сенбе....Аға туралы ұлағатты сөздер
Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай; Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай; Тындырымды інісі болса; Қанат - құйрығы сай болып, Көңілі жай болып,...Ат - жігіттің майданы
Ат - жігіттің майданы, Қылыш - жанның дәрмені, Өлім - хақтың пәрмені. Атақты ермен бірге өлсе, Жігіттің болмас арманы....Ақыл туралы мақал-мәтелдер
Адамның жүзі ақылдың айнасы. Ақыл — арман, ой — өріс. Ақыл айнымас, алтын шірімес. Ақылды қыз — ауыл көркі....Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар. Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.