Алпыс күн аспанға қарағанша,
Алты көште айдынға құла.
Аспаннан шұға жауса да,
Сорлыға ұлтарақ тимес.
Аспанға қарай оқ атпа,
Өзіңнің түсер басыңа.
Аспанға ұшқанмен, ешкі ғой.
Жер – төсек,
Аспан – көрпе.
Бірі аспан десе,
Екіншісі арқан дейді.
Аспанға тас атпа,
Тақияң темір емес.
Арқасы аспанға тисе де,
Ақылы аяғының астында жатыр.
Жерде жатқан жұмыртқа,
Аспанда ұшар құс болар.
Аспан туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 20 желтоқсан 2018
- 13320
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аспан туралы мақал-мәтелдер, мақалдар аспан туралы
Ұқсас жаңалықтар:

Мен жастарға сенемін
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты....
Қарға туралы мақал-мәтелдер
Екі сұңқар таласса, Бір қарғаға жем түсер. Тозған қазды Топтанған қарға алады....
Жақсылық туралы мақал-мәтелдер
Жақсылық қылсаң өзіңе, Жамандық қылсаң өзіңе, Аспанға қарай оқ атсаң Қайтып тиер көзіңе....
Әй, достарым
Әй, достарым, жігіттерім, Болмасқа болушы болма! Қолыңнан келсе қыл қайыр, Кісіден алушы болма....
Жетпіс жұмбақ №2 Абдрахман Асылбек
Бір шайнаймын, Бір шайнағанды Мың шайнаймын. (Сағыз)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.