Өзен ұзақ ағады
Бұлағы болса басында.
Іздеген бақыт табады
Жалықпаса жасында.
Екі көзің ойнаса,
Жақұт емей немене?
Екі қолың ойнаса
Бақыт емей немене?!
Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.
Басқаның бейбақтығына қуанба, бақыттылығына қуан.
Жақсы жұбай — жарым бақыт.
Бақыт кетсе басыңнан:
Әуелі досың мен құдаң кетер.
Бидай еккен жеріңе
Мия мен тікен бітер.
Бақыт, байлық басыңа қайта оралса:
Кеткен достар әр жерден жылмаң етер.
Азын - аулақ малың болсын,
Орта ғана халың болсын,
Кіршіксіз арың болсын,
Жүк көтергіш нарың болсын,
Басың аман, денің сау болсын —
Бақыт деген сол.
Жыртық жерді жел табар,
Шын бақытты ел табар.
Ер бақыттың
Қонғанын білмейді,
Ұшқанын біледі.
Өзін өзі білген ер бақытты.
Өзін өзі билеген ел бақытты.
Бақыт шыбын сияқты —
Бірде гүлге қонса,
Бірде көңге қонады.
Татулық - табылмас бақыт.
Ынтымақ бар жерде бақыт бар.
Бақытсыздық, оған ашылған есікке кіреді.
Жақсылығы жоқтан,
Жақсы бақыт қашады.
Азат елін сүйген ұл — бақытты,
Жаңа жұртын сүйген қыз — бақытты.
Пәлен жерде бақыт бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ.
Бақыт кілті еңбекте.
Бақыт тайса,
Ботқаға да тіс сынады.
Өнерлі қол - бақытқа жол.
Бақыттыға бақ - дәулет бас көтертпейді.
Бақыт белгісі - ғылым мен ақыл.
Нан – бақытты өмiрдiң бастауы.
Бағалай білмеген адам бақытқа жетпейді,
Армандай білмеген адам мұратқа жетпейді.
Бақыт туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 17 қазан 2019
- 15682
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Бақыт туралы мақал-мәтелдер, мақалдар бақыт, ғылым, ақыл туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Әркімде әртүрлі бақыт бар!
Біреу арықтай алмай жүрсе, біреу тола алмай жүр. Біреу баласын үйлендіре алмай жүрсе, біреу келінін жақтырмай жүр....Бақыт геометриясы
"БАҚЫТ деген немене бұл, немене екен, немене, Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?" Бәлкім Бақыт байлық па екен сараңдықтан бас алған,...Дос, достық, жолдас туралы мақал-мәтелдер
Жақсы дос — Басыңа дос Жаман дос — Асыңа дос. Достың айнасы — досы. Қостың айласы — мосы....Байлық туралы мақал мәтелдер
Бай баласы балпаң, Жарлы баласы — жалтаң. Мал байдікі, Жан құдайдікі....Бақыт деген мен үшін
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Комсомол селосы 2"ә" сынып оқушысы Қасымханқызы Райлым...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.