Бұлаққа бұлақ қосылса,
Егізбіз дейді.
Көлге көл қосылса,
Теңізбіз дейді.
Бұлақ көрсең, көзін аш.
Жаңбыр жауса — жер тоқ,
Егін ексе — ел тоқ.
Бұлақ ақса — көл тоқ.
Еңбек етсе — ер тоқ.
Аға ішкен бұлақтан,
Іні де су ішеді.
Су анасы - бұлақ, сөз иесі - құлақ.
Бұлақ суын теңіз төрге сүйрейді.
Ілім - бұлақ,
Білім - шырақ.
Бұлақ басынан былғанады.
Патай жесең, бұлақтың басына барып отыр.
(Патай — бұрыш қосқан тағам)
Бұлақ өзін көлмін дер.
Дария басы – бұлақ.
Аттың көркі
Құйрық - жалы, құлағы.
Таудың көркі
Тасы менен бұлағы.
Білім — бұлақ.
Бұлақ туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 5 желтоқсан 2018
- 22086
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бұлақ туралы мақал-мәтелдер, мақалдар бұлақ жайлы
Ұқсас жаңалықтар:

Ләйлім шырақ
Ләйлім шырақ, дегенге, Ләйлім шырақ, Таудың аққан құм қайрақ сен бір бұлақ. Қайыс болсын, жіп болсын, неге керек, Шідерімнің бағасы қырық қысырақ....
Ана
Құлайын деп бара жатам құлдырап, Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап, Сол кезде бір ән естимін жақыннан, Аққан бұлақ секілденген сылдырап....
Ана
Құлайын деп бара жатам құлдырап, Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап, Сол кезде бір ән естимін жақыннан, Аққан бұлақ секілденген сылдырап....
Су туралы мақал-мәтелдер
Судың да сұрауы бар. Қайнаған қара суда қасиет бар. Сыйласқанның суын іш....
Таза бұлақ
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.