Сайтқа кіру Тіркелу

Ерлік туралы мақал-мәтелдер

Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер.

Ерлік білекте емес, жүректе.

Жаныңды қинасаң,
Ерлік оңай.
Жақыныңа бұрмасаң,
Билік оңай.

Батылдықты айт, ерлікті айт
Батырлықты айт, бірлікті айт.

Ерлікте қорлық жоқ.

Ерлікте шек жоқ,
Жақсыда кек жоқ.

Сөзде тұру — ерлік,
Сөзді жұту — қорлық.

Ұранды ердің - ұрпағы қайсар.

Ерлік - елдің сыны.

Ерлік білектен емес, жүректен.

Қабырғалы қара нар,
Қабырғасын сөксе бақ етпес.

Сарымай сасымас,
Батыр саспас.

Ер өлсе де, аты өлмейді.

Ер аруағы - қаруы.

Күшті кісі алып та жығады,
Шалып та жығады.

Айнымас жүрек, ер көңіл,
Ер жігіттің серігі.

Алып - анадан, ат - биеден.

Жалынған қорған емес,
Жағалаған қорған.

"Әйт - шүу" деген атанға күш,
"Әуіп" деген жігітке күш.

Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.

Бөріден қорыққан орманға бармайды.

Кебенек киген келеді,
Кебін киген келмейді.

Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы ердің көңілін сақта.

Алыссаң - атаң да болса жық,
Аясаң - көтеріп жібер.

Қауғадан шошынған мал оңбас,
Жаудан шошынған ер оңбас.

Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.

Таспа, тасыған су да қайтар.

Болмас іске болаттай бол.

Жүректе қаһар жалындаса,
Бойда қайрат арындар.

Ерлік - ел есінде.

Ұланы бар елдің ұраны бар.

Еңбек те ептілікті тілейді,
Ерлік те ептілікті тілейді.

Ер азамат белгісі -
Түзде мырза, үйде құл.

Алыспақ бар, атыспақ жоқ.

Ерден ердің қаупі бар.

Ер намысының құлы.

Уайым - ердің қорғаны.

Ылдыйсыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды.

Батыр мың қол бастайды.
Шешен тар жерде сөз бастайды.

Түзде жүріп,
Жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп,
Құрт қайнатқан батырмын.

Ер болсаң, бопсаға шыда.

Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.

Ер басына күн туса,
Долданар да тасынар,
Жауын жеңсе жарқырап,
Жауған күндей ашылар.

Тисе терекке,
Тимесе бұтаққа.

Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.

Жасты жасақта көр,
Құнан қойды қосақта көр.

Ер ерлігін істесе,
Ел елдігін істейді.

Ерлік қаза - өлтірмейді,
Ел көңілінен кетірмейді.

Ерлік өлім - ерді көбейтеді.

Ерліктің шарты - өзіне сенгендік.

Жеті қырлы балықты, сегіз қырлы жігіт алады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×