Жақсылық терек басында,
Жамандық тізең астында.
Жақсылық қылсаң өзіңе,
Жамандық қылсаң өзіңе,
Аспанға қарай оқ атсаң
Қайтып тиер көзіңе.
Жақсылықты қызғанба,
Бәріңізге жетеді.
Жақсы болып бір жүрсең,
Дүние қызық өтеді.
Жаманшылық пен
Жақсылық егіз.
Жақсылық жар басында,
Жамандық жастық астында.
Жақсы да, жақсылық та жалпыға ортақ.
Жақсылық таудың басында,
Жамандық табан астында.
Жамандық қылғанға –
Жақсылық қыл.
Жақсылықтың ерте - кеші жоқ.
Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.
Отырам деп, еріншек өлер,
Кісіге жақсылық қылам деп, көңілшек өлер.
Жамандық жақын, жақсылық алыс.
Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ - әулетің молығар.
Жаңа айдан жақсылық.
Нұрдың суы - нудың суы.
Жақсылық қылсаң бүтін қыл.
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі дүр,
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі дүр.
Жақсылық еткен кісінің
Есігінен Қыдыр кетпейді.
Жақсылық қылсаң жақсылық табарсың,
Жамандық қылсаң жамандық табарсың.
Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.
Адамға қылсаң жақсылық,
Жақсылық білмес кей заңғар.
Жақсылыққа жамандық жасайтын,
Дүниеде бейиман көп жандар.
Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.
Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші,
Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші.
Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
Жақсыда кек жоқ.
Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,
Түбі жоқ сырлас.
Ай жарығы – әлемге,
Шам жарығы – түбіне.
Жақсылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.
Аз жақсылық —
Ақылды тең етеді.
Көп жақсылық —
Ақылды кең етеді.
Жақсылық жүрген жерде
Тапшылық болмайды.
Жақсылықты басыңа қыл,
Басыңнан артылса досыңа қыл.
Жақсылыққа жерік кісі —
Уәдесіне берік кісі.
Жігіттің жақсылығын
Жұрты білер.
Жақсылық біреуден қайтпаса,
Біреуден қайтады.
Жақсы ай менен күндей,
Жақсылығы жанның бәріне бірдей.
Жақсылық ұмытылмас.
Жақсылық етсең, жарты етпе.
Жақсылық еккен алғыс орады.
Елге қылған жақсылық,
Еленбей қалмайды.
Еңбек еткен ерінбей —
Кенелмей қалмайды.
Әкенің жақсылығы жездедей - ақ.
Жақсылыққа асыққаның –
Берекет.
Жамандыққа асыққаның –
Пәлекет.
Жақсылық туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 1 қараша 2018
- 52175
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жақсылық туралы мақал мәтелдер, мақалдар жақсылық жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
Жақсылық туралы ұлағатты сөздер
Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын. Шәкәрім Құдайбердіұлы...Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер
Қайыр қылсаң, бүтін қыл. Қайыр бар жерде ырыс бар. Жақсылықтың ерте - кеші жоқ....Жаңа жылдық құттықтау 2025 жыл
Құрметті білімділер сайтының оқырмандары, қолданушылары, сіздерді келіп жеткен жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл сіздерге тек...Жақсылықпен жаным дос
Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру....Жақсылық жасау да – бақыт
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды аулы, «Құлыншақ» балабақша директоры Өтесінова Алтынай Ізімбергенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.