Түйе — шудасын,
Жылқы жалын,
Сиыр мүйізін төсейді.
Түйе байлық, жылқы мырзалық.
Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен табарсың.
Түйе көп болса, жүк симас.
Құданың түйесін сұра, қорыққанынан биесін берер.
Мал өсірсең түйе өсір, пайдасы оның көл - көсір.
Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.
Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.
Түйе қашып, жүктен кете алмас.
Түйе өлген жерде жүк қалады.
Арамнан алған түйеден,
Адалдан алған ешкі жақсы.
Досыңнан түйе сұрасаң,
Ұялғанынан бие берер.
Төркін десе қыз төзбейді,
Көкпек десе түйе төзбейді.
Жебір түйе жабуын жер.
Түйенің танығаны жапырақ.
Әр түйенің өз шешуі бар.
Барақыш та балтырдан алады.
Барақыш – иттің аты.
Атан - түйе ойнаса жұт болады.
Ат - биеден, аруана - түйеден.
Түйе мінген адам үш бүктеле алмайды.
Түйенің бурасы жақсы,
Сөздің турасы жақсы.
Түйе даулап - лақ ал, лақ ал да - тына қал.
Қажы өлсе, түйеден жүк кемиді.
Түйені көпір астына жасыра алмайсың.
Бота беріп, түйе қалады.
Түйе қараған мылжың,
Қатыны өлген мылжың.
Түйе жүкті тарта алмаса да,
Түңіліп бақыруын қоймайды.
Түйенің қай жабасына жатқанын қара.
Түйені көпірдің астына жасырып қоя алмайсың.
Түйе тұрғанша, күрмеп қал.
Мықты болсаң түйенің мойнынан ұсташы.
«Мойның неге қисық?» десе түйеге:
«Түзу нәрсе пешенеме тие ме?» депті.
Түйеге «Ойна!» десең,
Дүниенің ойранын шығарады.
Түйе мінген қой арасына жасырына алмайды.
Түйенің өзі үлкен болса да,
Құмалағы үлкен емес.
Жылан өз иірлігін білмейді,
Түйенің мойнын күндейді.
Барлық жүкті көтерген түйе,
Бақырды да көтеруге күші жетеді.
Алтын табылса, түйерге түйіншек табылмас.
Аңдамаған түйені де көрмейді.
Кішкене түйенің жүгі де мардымсыз.
Есегінде тұсау жоқ,
Түйесіне қом жасамақ.
Түйе туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 15 қараша 2019
- 18188
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Түйе туралы мақал мәтелдер, мақал үй жануарлары
Ұқсас жаңалықтар:
Сахараның шұбырған түйелері
Түнде менің түсіме жиі енеді Сахараның шұбырған түйелері. Түйенің өркешінде жыр боталап, Түйенің боздауынан күй өледі....Төрт түлік мал туралы мақал мәтелдер
Қой қорасына тартады, Жігіт жорасына тартады. Қыста қойыңды бақ, Жазда шөбіңді шап!...Сиыр туралы мақал-мәтелдер
Түйе — шудасын, Жылқы жалын, Сиыр мүйізін төсейді. Сүзеген сиырға құдай мүйіз бермейді....Түйе - шөлге бейім жануар
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, “№ 21 жалпы орта білім беретін мектебі“ КММ 2 «б» сынып оқушысы Нұрланова Томирис Жетекшісі: Ермаханова Т. Е....Түйе малының қазақша атауларының ұлттық-танымдық сипаты
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің 7 - сынып оқушысы Бектұрғанов Алтынғали...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.