Өтірік өрге баспайды.
Өтірікшінің жаны күйер,
Ұрлықшының малы күйер.
Ұшқан құстың жолы жоқ,
Өтірік сөздің түбі жоқ.
Сөздің өтірігіне нанба,
Қисынына нан.
Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.
Әуелгі сөзің рас болса,
Соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.
Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің?
Өтірік айтқаннан өлген артық.
Өтірік - ұят, шын — мұят.
Өтірік - қаңбақ, шын — салмақ.
Өтірік екеу, шын төртеу.
Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
Өтірік те, шын да ауыздан шығады: айырмасы айтылуында емес, мағынасында.
Өтірік айтып пайда тапсаң, ақырында залал табарсың,
Рас айтып, залал тапсаң, ақырында пайда табарсың.
Өтіріктің де шындайы бар.
Өтірікшінің жады қысқа.
Шындықтан өтірікке дейін төрт - ақ елі.
Өтірікпен өткелден өте алмайсың.
Жалған айтуға да жалпақ бет керек.
Өтірікті шындай айтса,
Шындық шырқырап шығады.
Өтірігіңді ашты –
Сенімің қашты.
Өтірікті де ебін тапқан айтады.
Әйел жалған айтпайды,
Жаңылыс естиді.
Өтірік айтып жағынғанша,
Шыныңды айтып жалын.
Өтірік сөз өрге баспас.
Өтірік өрге баспайды
- ramuk_b
- 24 қыркүйек 2018
- 3569
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өтірік, шын туралы мақал мәтелдер, мәтелдер өтірікші жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
Шындық туралы ұлағатты сөздер
Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен: - Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған: - Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат -...Өтірік туралы мақал-мәтелдер
Өтірік деген дұшпан бар, Отқа сүйреп салады. Әділет деген аға бар, Дұшпанның қолын қағады....Қырық өтірік ертегісі
Әдебиет 5 сынып Тақырыбы: «Қырық өтірік» ертегісі...Шыншылдық – Адамдықтың белгісі
Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Міндеттері: - шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету; - өзара адал...Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Өзін - өзі тану Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық - Адамдықтың белгісі. Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.