Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
Су табиғаттың ажары.
Жылылық болмай қар кетпес.
Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
Нұрдың суы - нудың суы.
Қыс аязымен,
Жаз самалымен.
Жаңа айдан жақсылық.
От арық, су семіз.
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
Су басынан буылады.
Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.
Әрнәрсе уақытымен қызықты.
Қараша қауыс, кәрі - құртанды тауыс.
Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
Мәуесі бардың әуесі бар.
Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
Қыстың көзі қырау.
Үркерлі айдың бәрі қыс.
Су аққан жерінен айнымас.
Туған ай, тураған етпен тең.
Түз тағысы —
Табиғатпен тілдес.
Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.
Табиғат туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 5 қыркүйек 2018
- 6659
- 0
- 0
Ілмек сөздер: үркер, жұлдыз, қыс, жыл мезгілдері, мақал мәтелдер табиғат құбылыстары туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңбыр туралы мақал-мәтелдер
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз. Сәуір болмай жауын болмас, Жауын болмай тәуір болмас....Қыс, жаз туралы мақал-мәтелдер
Көліне қарай - қазы, Қысына қарай - жазы. Жазда жайлауды же, Қыста қойнауды же....Жақсылық туралы мақал-мәтелдер
Жақсылық қылсаң өзіңе, Жамандық қылсаң өзіңе, Аспанға қарай оқ атсаң Қайтып тиер көзіңе....Ағаш туралы мақал-мәтелдер
Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай. Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай....Табиғат туралы мақал мәтелдер
Жаздың бір күні, қыстың мың күні. Нөсер алдында найзағай ойнайды....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.