Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жылдық ризық.
Шешеге қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Әкең жақсы кісі еді,
Жел жағыңа пана еді.
Анаң жақсы кісі еді,
Жетімдерге ана еді.
Әкең өлсе өлсін,
Әкеңді көрген өлмесін.
Әкенің жақсылығы жездедей - ақ.
Жақсы әке жаман балаға,
Қырық жыл азық.
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Әкенің қадірін,
Балалы болғанда білерсің.
Сайына қарай — саласы,
Әкесіне қарай — баласы.
Әкеге баланың алалығы жоқ.
Әкесі бардың ырысы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Әке тұрып бала сөйлесе,
Ер жеткені.
Шеше тұрып қыз сөйлесе,
Бой жеткені.
Баласынан айрылған әке
Таяғына сүйенер.
Әкеден — ақыл,
Анадан — мейір.
Жылайын деген бала,
Әкесінің сақалымен ойнайды.
Әкемнің өлерін білсем.
Өнерін сатпас па едім.
Әкесі өлгенді де естіртеді.
Әкеңнің өлгенін жасырсаң, көмгенде қайтесің?
Әкесі құрдастың, баласы құрдас.
Ақымақ әкесін өлтіргенмен дос болады.
Адал туған бала –
Әкесіне пана.
Әкесінің ақшасына үйленген,
Әйелінің қадірін білмейді.
Жетесіз ұл әкесіне тіл тигізеді.
Әкесі тете атпаса,
Шешесі май сатпас еді.
Әкенің тоны шақ келсе,
Әкені бала жоқтамас.
Алпыстағы әкеңнің
Артық күшін пайдалан.
Бір әке отыз ұлды асырайды,
Отыз ұл бір әкені ауырсынады.
Білген жолыңды әкеңе де бер.
Әкеден ұл туса – игі,
Әкенің жолын қуса – игі.
Ұлдың ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге.
Әкесіне тартып ұл тумас,
Шешесіне қарап қыз тумас.
Әке туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 4 қыркүйек 2018
- 46154
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әке туралы мақал мәтелдер, ұл, қыз, әке, шеше туралы мақалдар
Ұқсас жаңалықтар:
Ұл, қыз туралы ұлағатты сөздер
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман. Қорқыт ата...Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады....Қазақша мақал мәтел (Ата-ана, әке-шеше, ұл бала мен қыз бала)
Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Ата - анадан жар жақын. Туысқаннан мал жақын....Қазақ халқының мақал-мәтелдері
Ұста пышаққа жарымас, Етікші етікке жарымас. Жоқшылық ердің қолын байлар. Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді. Батыр туса ел ырысы Жаңбыр...Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар. Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.