Байырғы заманда жердің түкпір - түкпірінде тұратын адамдар бір - бірімен сауда байланысын жүргізген. Алғашында бұл зәру заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан.
Ошақ — қазан орнатуға арналған тұғыр. Ошақты қазанның астына от жағу үшін оны көтеріп тұратындай етіп қалайды. Жасалуына байланысты ошақтың жерошақ, тасошақ, темірошақ, қазандық сияқты түрлері бар.
Үйленіп отау көтердің, мінекей, сен де, бала қаз, Тірліктен, бірақ, жарқыным, үйленбей кеткен адам аз. Сен түгіл қасқыр қасқырмен, маймыл мен маймыл жұптасқан, Өз теңін тапқан соң ғана адымын олар нық басқан.
Қан (гр. haemo; лат. sanguis — қан) — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды.