Наурыз мейрамына арналған тақпақтар
- 15 наурыз
- 593787
- Құттықтаулар
Кел, наурызым, берекелі жыл басым,Мәңгілікке замананың құрдасы.
Жылда мені қуанышқа бөлейсің,
Ғасырлардың және менің сырласым.
Кел, наурызым, бұла күшім, балғыным,
Сен келгенде қашар менен қайғы - мұң.
Құдіретің бар жаңғыратын ғаламда,
Сондықтан да асқақ сенің айбының.
Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз айы құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге жылдан үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мереке сіздерге бақыт сыйласын!

