Ә.Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»
- 9 мам
- 8024
- Бастауыш сынып

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы
Тасшағыл орта мектебінің 3 сынып мұғалімі,
бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі
Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы
Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: Ә.Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді» (слайд-1)
Мақсаты:
1) Ә.Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді» әңгімесінің мазмұнын ашу, күй атасы Құрманғазы және Дина туралы тереңірек түсінік бере отырып, өз бетінше білім алуға үйрету;
2) Мәтін желісінде түсінік бере отырып сөздік қорын молайту, әр оқушының қабілетін, ойын, тілін дамыту, түсініп оқу дағдысын қалыптастырып, есте сақтауға дағдыландыру;