Сайтқа кіру Тіркелу

Затты тең екі бөлікке бөлу

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің әдіс- тәсілі: әңгімелеу, ертегіні баяндау, ой қозғау, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, қайталау, сергіту сәті, ойын, қорыту.
Қажетті көрнекіліктер: Ертегі кітап, магнитті жұмыртқа, себеттегі магнитті жемістердің мулляжы, түрлі - түсті ленталар, буклет, ойыншық пышақ, т.б.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту.
Сөздік жұмыс: Бүтін, екі бөлік, жарты, қақ ортасы.
Ұ.о.і- ә. түрі: Дәстүрлі емес.
Ұ.о.і- ә. типі: Жаңа білімді беру.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың әрекеті
Мотивациялық қозғаушы: - Балалар, біздің балабақшамыздың аты қандай?
- Ал, тобымыздың аты қалай аталады?
- Міне, сендер бір балабақшада, бір топта тәрбиеленіп жатырсыңдар. Сондықтан осы топтағы заттар, ойыншықтар барлықтарыңа ортақ, бір - бірлеріңмен таласпай бөлісіп ойнайсыңдар. Солай ма, балалар?
- Бір топтағы балалар бір- бірлерін тату, дос болулары керек. Сендер достық туралы қандай мақал- мәтел немесе тақпақ білесіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар! Достық туралы біледі екенсіңдер. Балалар, қоршаған ортада көптеген оқиғалар болады. Мысалы: бір нәрсеге таласып бір - бірімен ренжісіп қалатын адамдар да кездеседі. Сондай адамдар туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?
- Ендеше, барлығымыз мына кітапқа назар аударайық.(Ертегі кітапты көрсете отырып баяндау)
Ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Екеуі тату - тәтті өмір сүріп келеді екен. Шал аяқ киім тігіп, ал кемпірі үй шаруасымен айналысып күнделікті күйбің тіршіліктерімен уақыттары өтіп жатыпты. Олардың көптеген тауықтары болыпты. Тауықтарының түстері бір - біріне ұқсамайтын әдемі екен. Балалар, тауықтарының түстері қандай екен?
- Неше тауық екен?
- Барлығы неше тауық екен?
- Осы тауықтары күнделікті шал мен кемпірге көптеген жұмыртқалар тауып береді екен.
- Балалар, жұмыртқалар көп пе, аз ба?
- Жарайсыңдар, тамаша! Осылайша олар еш нәрседен кемшілік көрмей өмір сүре береді. Күндердің бір күнінде ғажап құбылыс болып, тауықтарының бірі бір ғана алтын жұмыртқа табады. Жұмыртқа әдемі болып жарқырап жатады.
- Ол қандай жұмыртқа екен?
- Қанша ғұмыр кешсе де шал мен кемпір мұндай кереметті бұрын соңды көрмепті. Аяқ астынан тап болған байлыққа қуанып екеуі билей жөнеледі. Жұмыртқаны үйге алып келіп, шал кемпіріне бергісі келмейді. Осылайша екеуі жұмыртқаға таласады. Жұмыртқа жерге түсіп жарылып қалады. Олар өздерінің бұл істеріне өкініп қалады.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Ертегідегі шал мен кемпір неге таласады?
- Жұмыртқа не істеді?
- Егер сендер ертегідегі атай мен әжейдің орнында болсаңдар жұмыртқаны не істеуге болар еді?
- Алдымен жұмыртқаны не істейміз?
- Жарайсыңдар, піспеген жұмыртқа бөлінбейді.
- Ал, енді жұмыртқаны қалай бөлуімізге болады?
Енді осыны білу үшін бүгінгі математика іс- әрекетінде затты тең екі бөлікке бөлуді үйренейікші.
- Нені үйренеміз?

- Балалар, менің қолымда не зат?
- Түсі қандай?
- Жұмыртқа қандай пішінге ұқсайды?
- Алдымен кез- келген затты тең екіге бөлу үшін, ол заттың қақ ортасын көзбен көру арқылы тауып алуымыз керек.
- Не істеуіміз керек?

- Енді жұмыртқаны немен бөлеміз?
- Тең екіге бөлу үшін, пышақпен бөлуге болады.(Қауіпсіздік ережесі)
- Енді жұмыртқаны ұзыннан қақ ортасынан бөліп көрейікші. Енді не байқадыңдар? Жұмыртқа бізде қандай болып еді?
- Енді оны ортасынан ұзыннан бөлгенде неше бөлік болды?
- Бүтін бе? Жарты ма?
- Екі бөлік немесе екі жарты пайда болды.
Мінеки, балалар, жұмыртқаны тең екіге бөлуді көрдіңдер. Ертегідегі атай мен әжей де жұмыртқаны таласпай не істеуге болатын еді?
- Балалар, айналамызда жұмыртқадан басқа да барлық заттарды бөлуге болады.
Енді мына заттарға назар аударайықшы. Себеттен нелерді көріп тұрсыңдар?
- Қандай жемістер екен?
(Жеке көрсетіп атату)

- Енді осы жемістерді бөліп көрейікші. Мен қандай жемісті алдым?
- Алма нешеу?
- Меруерт осындай бір алма әкеліп еді, алмаға қызығып жегісі келген Анель: «Маған да берші»,- деп сұрады. Меруерт бермейін десе, Анель ренжіп қалады. Достар бір - бірін ренжітуге бола ма?
- Сондықтан, алманы не істеуге болады?
- Оны қалай бөлеміз?
(Міне алманы ортасынан бөлдік)
- Алма енді нешеу болды?
- Бүтін бе, жарты ма?
Екі жарты болды.
(Толықтырамын)
- Меруерт жартысын өзі алып, жартысын кімге береді?
- Осылай бөліп алуға бола ма?
- Ал енді осы жемістерді кім бөліп көрсетеді? (Балаларды біртіндеп шақырып, бөлдіру)
- Мынау қандай жеміс?
- Қандай пішінге ұқсайды?
- Апельсин бүтін бе, жарты ма?
- Енді тең екі бөлікке қалай бөлеміз?
- Апельсин неше бөлік болды?
(Осылайша алмұрт, шабдалы, анарды балалар біртіндеп бөледі)
Рахмет, жарайсыңдар.
- Балалар, сендердің үстелдеріңнің үстінде мынадай түрлі- түсті заттар бар, бұл не екен?
- Енді осы лентаны екі ұшын беттестіру арқылы қақ ортасын тауып, оны қайшымен бөлеміз.(қауіпсіздік ережесі айтылады, жеке баламен жұмыс)
- Балалар, ұзын бір лентадан неше лента шықты?
- Енді бір бөлігін көрсетіңдерші. Лента тең бөлінді ме?
Жарайсыңдар!
Сергіту сәті:
Қане жолды жазайық
1,2,3 ал көкке ұш
4,5,6,7 анау ауыл шеті
8,9,10 кел ордаңа қон.
- Енді тақтаға бір сәт назар аударайықшы.
- Балалар, мына суреттерде ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Балалар, айналадағы барлық заттар екіге бөлінгенмен,- жарамсыз болып қалатын заттар да кездеседі.
- Сондай - ақ ойыншықтарды ортасынан бөлсек не болады?

- Киімдерді?

- Ал, ыдыс - аяқтарды ше, бөлсек бола ма?
- Дұрыс, жарайсыңдар.
- Балалар, енді біз бір ойын ойнасақ?
Ойынның аты «Екінші жартысын тап» (жеміс,көкөністердің бөлінген мулляждары пайдаланылады)
Ойынның шарты:
Барлық балаларға жеміс, көкөністің жартысы беріледі. Өз жолдастарынан қолдарындағы жеміс немесе көкөністің жартысын тауып, бүтін қалыпқа келтіру.
- Балалар, бүгін біз математика оқу іс- әрекетінде нені үйрендік?
- Қандай заттарлы бөлдік?
- Барлықтарың да сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Сендерге рахмет!
«Балдырған» бала бақшасы.
Ортаңғы «Б» тобы.

Иә.

(Балалар достық туралы мақал- мәтел, тақпақтарын айтады)
Қайсар:
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Әсемай:
Дос болсаң берік бол,
Досыңа серік бол.
Т.б.

Иә, тыңдағымыз келеді

Ақ, сары, қара, қызыл, сұры.
1,2,3,4,5.
5 тауық.

Көп екен.

Алтын жұмыртқа.

Ұнады.

Алтын жұмыртқаға.
Жарылып қалды.


Бөлеміз.
Пісіреміз.

Затты екіге бөлуді.(ұжымдық қайталау)
Жұмыртқа.
Ақ .
Сопақша.

Қақ ортасын тауып алу керек.
Пышақпен.

Бүтін.

Екі бөлік.
Жарты.(ұжымдық қайталау)

Бөлуге болатын еді.

Жемістерді.
Алма.
Алмұрт.
Апельсин.
Өрік(шабдалы).
Гранат(анар).

Алма.
Біреу.

Жоқ.
Екіге бөлуге болады.
Қақ ортасынан.

Екеу.
Жарты.

Анельге.
Болады.

Апельсин.
Дөңгелекке.
Бүтін.
Қақ ортасынан.
Екі бөлік.

Лента.


Балалар ленталарын бөледі.


Екі кіші лента.

Тең бөлінді.

Киімдер, ойыншықтар, ыдыс- аяқтар.

Ойнауға келмейді, бүлінеді,т.б.
Жыртылып қалады, киілмейді.

Сынып қалады.

Ойнайық.

Балалар қолдарындағы жемістердің жартысын тауып, атын атайды. Мысалы: алма, алмұрт, асқабақ, қарбыз.т.б.

Затты бөлуді.
Жұмыртқаны, жемістерді,т.б.
- Балалар, біздің балабақшамыздың аты қандай?
- Ал, тобымыздың аты қалай аталады?
- Міне, сендер бір балабақшада, бір топта тәрбиеленіп жатырсыңдар. Сондықтан осы топтағы заттар, ойыншықтар барлықтарыңа ортақ, бір - бірлеріңмен таласпай бөлісіп ойнайсыңдар. Солай ма, балалар?
- Бір топтағы балалар бір - бірлерін тату, дос болулары керек. Сендер достық туралы қандай мақал- мәтел немесе тақпақ білесіңдер?
(Балалар достық туралы мақал - мәтел, тақпақтарын айтады)
- Жарайсыңдар, балалар! Достық туралы біледі екенсіңдер. Балалар, қоршаған ортада көптеген оқиғалар болады. Мысалы: бір нәрсеге таласып бір - бірімен ренжісіп қалатын адамдар да кездеседі. Сондай адамдар туралы ертегі тыңдағыларың келе ме?
- Ендеше, барлығымыз мына кітапқа назар аударайық.(Ертегі кітапты көрсете отырып баяндау)
Ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Екеуі тату - тәтті өмір сүріп келеді екен. Шал аяқ киім тігіп, ал кемпірі үй шаруасымен айналысып күнделікті күйбің тіршіліктерімен уақыттары өтіп жатыпты. Олардың көптеген тауықтары болыпты. Тауықтарының түстері бір - біріне ұқсамайтын әдемі екен. Балалар, тауықтарының түстері қандай екен?
- Әр түрлі
- Неше тауық екен?
- 5
- Осы тауықтары күнделікті шал мен кемпірге көптеген жұмыртқалар тауып береді екен.
- Балалар, жұмыртқалар көп пе, аз ба?
- Көп екен
- Жарайсыңдар, тамаша! Осылайша олар еш нәрседен кемшілік көрмей өмір сүре береді. Күндердің бір күнінде ғажап құбылыс болып, тауықтарының бірі бір ғана алтын жұмыртқа табады. Жұмыртқа әдемі болып жарқырап жатады.
- Ол қандай жұмыртқа екен?
- Алтын жұмыртқа
- Қанша ғұмыр кешсе де шал мен кемпір мұндай кереметті бұрын соңды көрмепті. Аяқ астынан тап болған байлыққа қуанып екеуі билей жөнеледі. Жұмыртқаны үйге алып келіп, шал кемпіріне бергісі келмейді. Осылайша екеуі жұмыртқаға таласады. Жұмыртқа жерге түсіп жарылып қалады. Олар өздерінің бұл істеріне өкініп қалады.
- Балалар, ертегі ұнады ма?
- Иә
- Ертегідегі шал мен кемпір неге таласады?
- Алтын жұмыртқаға
- Жұмыртқа не істеді?
- Жарылып қалды
- Егер сендер ертегідегі атай мен әжейдің орнында болсаңдар жұмыртқаны не істеуге болар еді?
- Бөлуге болар еді
- Алдымен жұмыртқаны не істейміз?
- Пісіреміз
- Жарайсыңдар, піспеген жұмыртқа бөлінбейді.
- Ал, енді жұмыртқаны қалай бөлуімізге болады?
Енді осыны білу үшін бүгінгі математика іс - әрекетінде затты тең екі бөлікке бөлуді үйренейікші.
- Нені үйренеміз?
- Затты екі бөлікке бөлуді
- Балалар, менің қолымда не зат?
- Жұмыртқа
- Түсі қандай?
- Ақ
- Жұмыртқа қандай пішінге ұқсайды?
- Сопақша
- Алдымен кез - келген затты тең екіге бөлу үшін, ол заттың қақ ортасын көзбен көру арқылы тауып алуымыз керек.
- Не істеуіміз керек?
- Қақ ортасын тауып алуымыз керек
- Енді жұмыртқаны немен бөлеміз?
- Пышақпен
- Тең екіге бөлу үшін, пышақпен бөлуге болады.(Қауіпсіздік ережесі)
- Енді жұмыртқаны ұзыннан қақ ортасынан бөліп көрейікші. Енді не байқадыңдар? Жұмыртқа бізде қандай болып еді?
- Бүтін
- Енді оны ортасынан ұзыннан бөлгенде неше бөлік болды?
- 2 бөлік
- Бүтін бе? Жарты ма?
- Жарты
- Екі бөлік немесе екі жарты пайда болды.
Мінеки, балалар, жұмыртқаны тең екіге бөлуді көрдіңдер. Ертегідегі атай мен әжей де жұмыртқаны таласпай не істеуге болатын еді?
- Балалар, айналамызда жұмыртқадан басқа да барлық заттарды бөлуге болады.
Енді мына заттарға назар аударайықшы. Себеттен нелерді көріп тұрсыңдар?
- Жеміс - жидектерді
- Қандай жемістер екен?
(Жеке көрсетіп атату)
- Енді осы жемістерді бөліп көрейікші. Мен қандай жемісті алдым?
- Алма
- Алма нешеу?
- Меруерт осындай бір алма әкеліп еді, алмаға қызығып жегісі келген Анель: «Маған да берші»,- деп сұрады. Меруерт бермейін десе, Анель ренжіп қалады. Достар бір - бірін ренжітуге бола ма?
- Жоқ
- Сондықтан, алманы не істеуге болады?
- Бөлуге
- Оны қалай бөлеміз?
(Міне алманы ортасынан бөлдік)
- Алма енді нешеу болды?
- Екі бөлік
- Бүтін бе, жарты ма?
- Жарты
Екі жарты болды.
(Толықтырамын)
- Меруерт жартысын өзі алып, жартысын кімге береді?
- Анельге
- Осылай бөліп алуға бола ма?
- Ал енді осы жемістерді кім бөліп көрсетеді? (Балаларды біртіндеп шақырып, бөлдіру)
(Осылайша алмұрт, шабдалы, анарды балалар біртіндеп бөледі)
Сергіту сәті:
Қане жолды жазайық
1,2,3 ал көкке ұш
4,5,6,7 анау ауыл шеті
8,9,10 кел ордаңа қон.
- Енді тақтаға бір сәт назар аударайықшы.
- Балалар, мына суреттерде ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Балалар, айналадағы барлық заттар екіге бөлінгенмен,- жарамсыз болып қалатын заттар да кездеседі.
- Сондай - ақ ойыншықтарды ортасынан бөлсек не болады?
- Жарамсыз болып қалады
- Киімдерді?
- Жыртылып қалады
- Ал, ыдыс - аяқтарды ше, бөлсек бола ма?
- Сынып қалады
- Дұрыс, жарайсыңдар.
- Балалар, енді біз бір ойын ойнасақ?
Ойынның аты «Екінші жартысын тап» (жеміс,көкөністердің бөлінген мулляждары пайдаланылады)
Ойынның шарты:
Барлық балаларға жеміс, көкөністің жартысы беріледі. Өз жолдастарынан қолдарындағы жеміс немесе көкөністің жартысын тауып, бүтін қалыпқа келтіру.
- Балалар, бүгін біз математика оқу іс- әрекетінде нені үйрендік?
- Затты тек екіге бөлу
- Қандай заттарды бөлдік?
- Жемістерді,Жұмыртқаны
- Барлықтарың да сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Сендерге рахмет!
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Бүтін мен бөлікті ажырата білу, заттардың тең екіге бөлінетінін білу.
Меңгеруі: Қолмен ұстау, көру, ертегі тыңдау арқылы жаңа сабақты меңгеру.
Жасай алуы: Үлестірмелі материалмен берілген тапсырманы іс жүзінде өз бетінше орындай алу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×