Сайтқа кіру Тіркелу

Электротехника пәнінен дидактикалық материалдар

Қызылорда облысы,
Арал қаласы, № 2 кәсіптік лицейдің
арнаулы пән оқытушысы
Жаймақова Роза Сағындыққызы

Әдістемелік құралда «Электротехника» пәнінен оқыту үдерісінде пайдалану үшін арналған дидактикалық материалдар, оқушылардың өзіндік жұмыстары, білімді бақылауға арналған тест тапсырмалары жинақталған. Сонымен қатар электротехника пәні бойынша әртүрлі есептерді шешудің үлгілері мен қосымша қажетті мәліметтер берілген.
Әдістемелік көмекші құрал кәсіптік лицейлердің «Электротехника» пәні бойынша арнаулы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне, оқушыларға оқыту үдерісін ұйымдастыруда мен білім деңгейін бақылауда пайдалану үшін арналған.

«Күшікпен таныстыру»

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№7 «Балдырған» балалар бақшасының тәрбиешісі
Баймағамбетова Майра
ІІ кіші топ
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру

Мақсаты: Балаларды белгілі бір заттың белгілері мен сипаттамалық ерекшеліктерін көру,есту, сезу негізінде дұрыс атай білуге, тірі табиғатпен қоғамдық өмірдің себеп-салдарлық қарапайым байланысын түсінуге, ересектердің көмегімен (күшікке) жануарға қамқорлық жасай білуге дағдыландыру.
Балаларды кедергілерден өту кезінде үйлесімді қимыл-қозғалыстарды сапалы орындау арқылы шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Балаларға шығармашылық ойын арқылы эмоциялық көңіл-күй сыйлау, баланың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, ақыл-ой, адамгершілік, имандылық тәрбиесін егу.

«3 және 4 сандарын салыстыру»

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№7 «Балдырған» балалар бақшасының тәрбиешісі
Баймағамбетова Майра
Ортаңғы «А» тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Математика

Мақсаты: 3 және 4 санын салыстыру, санды қатар ретімен ауызша санауға жаттықтыру. Логикалық ойын, тапсырмаларды орындау арқылы баланың 3 және 4 саны көлемінде білімін арттыру. Сан қатарындағы алдыңғы және келесі санның орнын білуді үйретуді жалғастыру.
Көктем мезгілінің ерекшеліктерін аңғара отырып, оны күнделікті оқу іс-әрекетінде есте сақтап, сөз арасында байланыстырып айтуға үйрету. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Өнердің түрлері

Қызылорда облысы,
Жалағаш кенті,
№ 31 орта мектеп,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Н.Н. Әлімбетова
Тақырыбы: Өнердің түрлері
Сынып:10

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізіп, теориялық білімін бекіту. Етістік, етістіктің райлары тақырыптарын меңгерту
Тәрбиелік:
Қазақ тілін құрметтеуге баулу, тілдегі асыл сөздердің мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік, адамгершілік қасиеттерді ұялату. Өнерлі болуға талпындыру
Дамытушылық: Өз ойын толық, нақты жеткізе білуін, ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

"Мұғалім"

Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
№ 31 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Н.Н. Әлімбетова
Сабақтың тақырыбы: «Мұғалім»
Сынып: 4

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Мұғалім» тақырыбына байланысты сөздермен танысу. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрауды үйрету.
Дамытушылық: Сызбалармен жұмыс арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Елге, жерге, отанға деген сүйіспешілігін арттыру. Ана тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру. Мұғалімді құрметтеуге, сыйлауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Табиғат - тіршілік көзі

Камшат Жұбатханова
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
Шоғы батыр атындағы №5 орта мектептің
10-сынып оқушысы

Табиғат - тіршілік көзі
«Табиғаттың байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі. Бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз
Н.Ә.Назарбаев

Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан .
Сен – көлсің! Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулыққа құнықтырған!

Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ұлтжандылық мәселесі

Бауыржан Момышұлы қазақ бауырларынан жырақ аймақтарда көп қызмет етіп, басқа ұлттардың өкілдерімен көп араласып, олардың ұлттық ерекшелігімен етене таныса отырып, қазақ халқының ұлылығына, дархандығына, тәкаппарлығына, сонымен қатар, мейірімділігіне көз жеткізді.

С.Торайғыров «Арманым»

Павлодар қаласы,
Инновациялық үлгідегі гимназиялық
сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Минап Гүлбарша

Сабақтың мақсаты
1. Білімділік: С.Торайғыров туралы мәлімет беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын таныту және көркемдік ерекшелігіне ерекше көңіл бөлу;
2.Дамытушылық: оқушылардың ойлау, түсіну қабілеттерін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын машықтау;
3.Тәрбиелік: оқушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығын қадірлеуге тәрбиелеу, білімге, оқуға деген құштарлығын арттыру;

Ақпарат құралдары. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

Павлодар қаласы,
Инновациялық үлгідегі гимназиялық
сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Минап Гүлбарша

XXI ғасырда күнделікті өмірде ақпарат құралдарының атқаратын рөлі зор. Олар арқылы адам әлемдегі жаңалықтардан, заман ағымымен, білім мен ғылымдағы т.б өзгерістерді біліп, өзіне қажетті мәліметтер алып отырады. Сондықтан оқушылар ақпарат құралдары туралы, олардың қызметі жайлы білгені қажет.

Мақал - мәтелдер

Павлодар қаласы,
Инновациялық үлгідегі гимназиялық
сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Минап Гүлбарша

Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдер, олардың өзара айырмасы, қамтитын тақырыптары, оларды орынды қолдану, ғибраттық мәні.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×