Туған күнің құтты болсын, жан қызым,
Айшам менің еркелеген сəн қызым.
Ата - анасын жетелейтін жұмаққа,
Алтыннан да қымбат маған əр қызым.
Қызым менің қызғалдағым, тұңғышым,
Бойжетіп сен келесің міне, жұлдызым,
Денсаулығың мықты болсын, жүрегім,
Орындалсын арман - ойың, тілегің.
Қызым менің қызғалдағым, шырайлым,
Саған бақыт жаратқаннан сұраймын.
Иман нұры жүрегіңді толтырып,
Тура жолмен жүре бергің, арайлым.
Күн нұрындай жайнай берші, жарқыным,
Қуанышқа толы болсын əр күнің.
Денсаулығың мықты болып, ауырмай,
Аман - есен көз алдымда жүре берші, алтыным.
Қабыл етіп Аллам осы дұғамды,
Ұзақ болсын ғұмырың əрі мəнді,
Жақсы оқы сабағыңды, озат бол,
Ата - анаңнның саған деген тілегі сол.
Қызыма
- ramuk_b
- 17 маусым 2019
- 112177
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Әкесінің қызына арнауы, арнау өлең, тақпақ, жыр
Ұқсас жаңалықтар:
Бір бақыр бөкпен
Баяғыда бір кішкентай қыз болыпты. Бір күні қыз жидек тере барғанда, бір кемпірге кездеседі. — Аманбысың, қызым?—дейді кемпір.— Жидегіңнен берші....Қарындастың ағаға тілегі
Сенде бүгін қуаныш, сенде бүгін той бары Көңілімнің алабын шаттық болып жайлады. Сендегі бар қуаныш нөсер болып төгерін Қарындас боп сезінді сырға...25 жасқа арналған құттықтау
Құрметті досым 25 жасың құтты болсын. Сені шын жүректен туған күніңмен құттықтай отырып саған зор денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін....8 наурызға арналған тілектер, құттықтаулар
8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау...Туған күн құттықтау, тілек айту, досқа тілек
Қанша жұлдыз әлемде? Қанша теңіз әлемде? Сонша бақыт тілеймін Бақыты бол өмірде...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.