Әкенің ұзатылған қызына тілегі
Болған едім сырласың да, ақылшың,
Деуші ең әркез – Әке, қымбат, жақынсың.
Балдәуренің бойжетті де бір күнде,
Туған үйден ұзап бара жатырсың.
Өмір деген – ойлағанға өр теңіз,
Балалығың, бал қылығың – көркем із.
Есейіпті Әкесінің алдынан
Кеше күліп жүгіретін ерке қыз.
Сырғиды екен көз ілеспей уақыт тым,
Сен деп мына өмір дәмін татыппын.
Жарыңменен қол ұстасқан сапарың
Апарсыншы айдынына бақыттың!
Тоқтамасын сол сапарда өр кемең,
Бірге күліп, бірге қуан елменен.
Шұғылалы, мынау ғажап дүниеге
Сен бақытты болу үшін келген ең.
Сыңарыңмен қол ұстасқан бүгінің
Жалғастырсын ертеңіңнің ғұмырын.
Бірге бөліс қиындығын өмірдің,
Бірге қадас отауыңның уығын.
Тілегі осы саған айтар Әкенің,
Бойға жима жат қылықтың бөтенін.
Ұғына біл мына өмірде алдымен
Жар болудың биік ұғым екенін.
Қызға міндет өмір осы жүктеген,
Сені алдан тосып тұрсын құт мекен.
Буалдыр боп кетті Әкеңнің жанары,
Менен гөрі қайта анаң мықты екен...
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Әкенің ұзатылған қызына тілегі
- ramuk_b
- 2 қараша 2018
- 2855
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әкенің ұзатылған қызына тілегі, ұзату тойына арналған тілектер
Ұқсас жаңалықтар:
Гүлі едің аялаған ата-ананың
Отбасы - адалдық пен алғыс бағы, Қос жүректің сүюі, жан құштары. Балапандай көруші еді сені өмірде, Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы....Достар тілегі
Сен туған күн жүзге нұр боп бірге енді, Шаттық күнді тойлайтұғын күн келді. Сол үшін де барлығымыз қуанып, Достығымыз жаңарған бір түрге енді....Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі
Саған сенім артады Әкең де, Анаң, Дей берсін сен туралы: «Ерке – балаң», Сондықтан күні ертеңгі мерекемен, Сені де құттықтайды ертең Анаң....Бөбекке тілек
Сеніменен атаң-әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді....Әке туралы мақал-мәтелдер
Жақсы әке жаман балаға, Қырық жылдық ризық. Шешеге қарап қыз өсер, Әкеге қарап ұл өсер....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.