Сен туған күн жүзге нұр боп бірге енді,
Шаттық күнді тойлайтұғын күн келді.
Сол үшін де барлығымыз қуанып,
Достығымыз жаңарған бір түрге енді.
Сені бүгін бәріміз де ұғындық,
Туған күннің бізден ән менен жырын күт.
Тыңдайсың да айтылатын ақ тілек,
Ортамызда отырасың бүгін нық.
Достар барда дәл өзіңді ұғатын,
Таси берсін жүректе күш-қуатың.
Мақсатыңның биік шыңы бағынып,
Орындалсын ойдағы арман-мұратың.
Осы күнде мына өмірге келгенсің,
Тіршілікке шыр етумен енгенсің.
Ізденісің жеміс беріп әрдайым,
Алғыс алып қуана бер елден шын.
Әр шаттықпен осы күнге жеткенсің,
Көп асудан бізбен бірге өткенсің.
Дос тілегі болашаққа жетелеп,
Туған күннен туған күнге жеткерсін.
Достар тілегі
- ramuk_b
- 14 қазан 2018
- 20586
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Достар тілегі өлеңі, Ғабиден Қожахмет өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жұбайлар тілегі
Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт, Жанымызға жуытпаймыз бір күдік. Сен алыстан оралғанда үйіңе, Шаңыраққа бірге енеді күн күліп....Әкенің ұзатылған қызына тілегі
Болған едім сырласың да, ақылшың, Деуші ең әркез – Әке, қымбат, жақынсың. Балдәуренің бойжетті де бір күнде, Туған үйден ұзап бара жатырсың....Қызының анасына құттықтау тілегі
Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың. Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін Ақ тілектер тасқындайтын туған күн....Бөбекке тілек
Сеніменен атаң-әжең нәрленді, Әр қылығың ана жүзге әр берді. Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің Құлағына шырылдаған ән келді....50 жасқа толған Әкені қос қызының құттықтауы
Қалдыратын жақсы әсермен бүгін із, Папа, сіздің бүгін туған күніңіз! Сіз 50 - ге толғанда, Әке, жырменен Құттықтайды сізді ерке қос қызыңыз. Әрқашан...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.