Өмірге сыйлағандай көктем гүлін,
Той болып қуаныш күн жеткен бүгін.
Көтерген құтты болсын шаңырағың,
Тілектес шаттығыңа әпкең бүгін.
Сезеді ел баста бақтың бір күлерін,
Бақыттан тұратын тек күлкі керім.
Мінеки, сен де жеттің өз бағыңа,
Қабыл ал туыстардың бұл тілегін.
Осылай шырқар бақтың бәрі де әнін,
Біледі ел отау оты жағыларын.
Ендеше, құтты болсын осы тойың,
Көтерген биік болсын шаңырағың.
Тілекші ел отау оты жанғанына,
Жете бер жармен бірге арманыңа.
Атанып шаңырақта сыйлы келін,
Бақыттың ізі ілессін соңдарыңа.
Қадірлі болып ауыл-аймағыңа,
Жетіңдер бірге арман-ойларыңа.
Бақытты болда дағы жарыңменен,
Ұлассын тойларың тек тойларыңа.
Әпкенің сіңліге тілегі
- ramuk_b
- 14 қазан 2018
- 5660
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әпкенің сіңліге тілегі, тойға тілек, тойға арналған тілек, өлең шумағы
Ұқсас жаңалықтар:
Қарындастың тілегі
Бізде бүгін қуаныш, бізде бүгін тойдағы, Мендегі қыз көңілге шаттық келіп жайлады. Жан ағам, сендегі бар бақыттың ақ нөсер боп төгерін, Сезе алды...Бақыт қонып ақ отау түндігіне
Жалғастырып кеше мен бүгінгіні, Еске сап ата дәстүр - бұрынғыны. Міне, тағы бас қосты ортамызда Екі жас ұнатқан соң бірін-бірі....Ұжымдас әріптес тілегі
Шаттық күнді талай бірге жырластық, Қырға ассақ та ұжым болып қырға астық. Замдарымыз болса-дағы бірнешеу, Бастығымыз - бәрімізге бір бастық....Қарындастың ағаға тілегі
Сенде бүгін қуаныш, сенде бүгін той бары Көңілімнің алабын шаттық болып жайлады. Сендегі бар қуаныш нөсер болып төгерін Қарындас боп сезінді сырға...Үйлену тойына керемет тілектер
Қырларда қызғалдақтай дірілдеген, Қуаныш келе берсін күлімдеген. Біз сендерге бақыт тілеп құттықтаймыз, Бүгінгі заңды некелесулеріңмен!!!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.