Сайтқа кіру Тіркелу

Нақыл сөздер жинағы

Ешқашан биік шыңға шықтым деп асып тасудың керегі жоқ, аяғың сәл тайып кетсе жерден табыласың...

Мен жайлы жаман пікір айтатындардың, орны артта...

Ешқашан ешкімнен кек алма, жәй ғана кешіре сал. Өмір оған өзі - ақ жазасын береді.

Қиындықтар - өткен өміріңнің жазасы емес, жарқын болашағыңа берілген сынақ

Көп адамдардың бетiндe - көрінбейтiн маска бар...

Адамды кедейлік немесе байлық құртпайды, көре алмаушылық пен қызғаншақтық құртады..

Өзгені төмендеткеннен өзің биік боп қалмайсың.

Жаның ауырып тұрса да, күлімде. Сенің жағдайыңды өзіңнен басқа ешкім түсінбейді...

Адамның сәттілікке жетуін оның қанша жетістікке жеткенімен емес, оның осы жолда қанша қиыншылықтан өткеніне қарап бағалау керек!

"Адамдар не ойлайды?" деген сұрақ ең соңғы орында тұруы керек. Бәріне бәрібір. Өмір — сенікі ғой.

Өзін өзгеден жоғары қойған адамдарды тағдырдың өзі төменге түсіреді.

Бағың жанып, тасың өрге домаласа, арзанқол достар мен дұшпандарың көбейеді

Ешқашан ақталма. Достарың ақталуыңды талап етпейді. Дұшпандарың бәрібір сенбейді.

Уақыттың қадірін өлім түсіндіреді, Өмірдің қадірін көрің түсіндіреді. Сезімнің қадірін сенім түсіндіреді. Сөзіңнің қадірін білім түсіндіреді. Бардың қадірін жоғың түсіндіреді. Бақтың қадірін сорың түсіндіреді

Жақындарыңызға айтқан ауыр сөздеріңіз олардың жүрегіне шегедей қағылатынын біліңіз. Ол шегені кешірім сұрап алып тастасаңыз да, орнында ойық қалады. Сондықтан шын жақсы көретін адамдарға көңіліне тиетін сөздер айтпаңыз.

Өмірдің қиындығын көп көрген - көп нәрсеге қол жеткізеді.
Өмірдің ащысын көп татқан адам - тәттінің қадірін біледі.
Өмірде көз жасы көп төгілген адам - шынайы күле алады.
ӨМІР - ең үлкен ұстаз...

Егер құдай басыңа қиыншылық берсе - сенің жеңе алатыныңа сенгені.

Біреуді өсектемес бұрын, оның киген аяқ - киімің киіп, оның жүрген жолымен жүр. Оның жолдағы шалынған әр тасына шалын. Оның бар ауыртпалығын сезін. Содан кейін ол туралы өсек айт.

Сен күн болсаң да, тас секілді адамдар болады. Олар - жүрегіңді жаралайды, күйе жағып қаралайды. Олардың алдында ақталма! Себебі, күнге күйе жағылмайды!

Мен әлемдегі ең керемет ананың перзентімін
"Ана" – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.

Егер сізді өсектесе, қамықпаңыз. Біліңіз - құрттар тек дәмді жемістерге жабысады!

Неліктен жылаған кезде, адам жеңілдеп қалады?! Себебі көз жастармен бірге қайғы, өкпе мен реніш шығып кетеді.
Реніш кетеді, ашу басылады. Бірақ көңілің ешқашан баяғыдай болмайды.

Ең бастысы - өзіңе сен. Маңыңдағы адамдардың көзқарасы күнде өзгереді.

Ауыздан шыққан әрбір сөзге ие бол. Ол сөз - біреудің кеудесін тесер оқ болса, енді біреуге жан - жарасын емдейтін шипа болады.

Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ата-ананың қадірін

Ата-ананың қадірін

Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің. Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің. Дәулетіңнің қадірін Мал кеткенде білерсін. Маңдайдағы...
Уақыт туралы ұлағатты сөздер

Уақыт туралы ұлағатты сөздер

Ең қиын үш нәрсе: Сыр сақтау, қорлықтарды ұмыту және уақытты дұрыс пайдалану. Саади Ширази Арзан әңгімеге құмар адам, қымбат уақытын жоғалтады....
Су туралы ұлағатты сөздер

Су туралы ұлағатты сөздер

Біз ауада құстар ұқсап ұшуды үйрендік, суда балықтар сияқты жүзуді де үйрендік. Енді жерде адам сияқты өмір сүруді үйренсек болды. Бернард Шоу Көп...
Ата-ана туралы мақал-мәтелдер

Ата-ана туралы мақал-мәтелдер

Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады....
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы, "Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×