Рухани - танымдық сүрлеулер
Жұлдыздар қандай сыр айтпақ?
Қазақ қауымы уақытты үркер бойынша жүргізетін жүйесін «тоғыз есебі» деп атайды. Айдың үркерді басып өтуі «тоғыз» (тоғау) делінеді. Ай тоғағанда үркер айдың ар жағындағы тасада қалады да көрінбейді. Ай тоғауы үш күнге созылады: бірінші күні тоғайды, екінші күні ауыл үй қонады, үшінші күні өріп шығады, ай ақырын жылжып үркерден өткеннен кейін тоғыз аяқтайды. Тетелес келетін екі тоғыз аралығындағы уақытты қазақ халқы тоғыс айы дейді. Бір жылда 13 тоғыс айы келеді. Одан жаздағы Үркер көкжиектен төмен түсіп кететін 40 күндегі екі тоғыс көрінбей қалады. Он бірі көрінеді. Тоғыс айы жиырма сегіз күн (28 күн, 7 сағат, 43 минут) болады. Тоғыс айларының аттары былай аталады: жеті тоғыс – наурыз, бес тоғыс – көкек, үш тоғыс – мамыр, бір тоғыс – мауым, жиырма үш тоғыс – шілде, жиырма бір тоғыс – тамыз, он тоғыз тоғыс – қыркүйек, он жеті тоғыс – қазан, он бес тоғыс – қараша, он үш тоғыс – желтоқсан, он бір тоғыс – қаңтар, тоғыз тоғыс – ақпан.
Жыл айларының күні сол қай шоқ жұлдыздардың тұсында болса, сол шоқ жұлдыздардың атымен «жұлдыз есбі» аталады.
Жеті жұлдыздан құралатын, Жетіқарақшыға ұқсас, соған жақын орналасқан, бірге туып, бірге бататын, кішірек тағы бір «шөміш» - Кішіқарақшы атын алған, орысша «Малая Медведица» жұлдызы бар. Жетіқарақшыда басы оң жаққа қараса, сабы сол жаққа қараған. Ал Кішіқарақшыда керісінше орналасқан. Кішіқарақшының сабының ең шетіндегі әжептәуір жарық жұлдыз жоғарыда тоқталған – Темірқазық. Ол – бір орында тапжылмай, жылжымай тұратын, бірден - бір жұлдыз. Ал басқа жұлдыздар, арқандаулы аттай оның төңірегінде айналып жүреді. Темірқазықтың орысша атауы – «Полярная звезда» аталса, арабша Құтыб аталып, аспан әлемінің солтүстігіне тұрақты орналасқан.
Жетіқарақшының бір бүйірін ала жайғасып, күндіз - түні оны қорғап жүретін ұсақ жұлдыздар щоғырын, халқымыз Қырыққарақшы атағанын да біліп жүргеніміз абзал.
Жеті қат көкке кіретін бес үлкен планета: күн шығардан бұрын шығар, Күнді 87 тәулік 53 сағат 7 минутта айналып шығатын, Болпан деп те атайтын, Меркурий (Кіші Шолпан), таң алдында туатын, Күнді 224 тәулік 18 сағат 17 минутта айналып шығатын, күн батарда батыстан көрінген жағдайда, «Тұл қатын» аталған – Шолпан (Венера), іңірде де, түн ортасында да тууы мүмкін, Күнді 11 жыл 314 тәулік 22 сағат 4 минутта айналып шығар, он екі жылдық хайуанаттар мүшелдерінің пайда болуымен елде Есекқырған атанған. Күнді айналып шығу уақытымен байланыстырылған жарық жұлдыз – Юпитер, Күнді 686 тәулік 23 сағат 13 минутта айналып шығар жұлдыз – Марс және Сатурн жұлдызы.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Жұлдыздар қандай сыр айтпақ?
- ramuk_b
- 17 ақпан 2021
- 2218
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұлдыздар, Жұлдыз жорамал, жұлдыздарға қарап күн райын болжау
Ұқсас жаңалықтар:
Жұлдыздар қандай сыр айтпақ?
Бұрыннан - ақ бабалар келер жылдың қалай басталып, қалай аяқталарын мезгілдегі таңның атуы мен күннің батуы, жұлдыздар жарқылы және Құс жолының...Қазақ халқының астрономиялық білімдері
Жалпы алғанда, Жетіқарақшыға ұқсас, кішірек, тағы да бір «шөміш» бар. Ол да жеті жұлдыздан құралады, көбінесе Кішіқарақшы деп аталады...Жастық шақтар
Туған соң анаңыздан шықсаң бірге, Еңбектеп екі жаста жүрдің төрде. Үш жаста талпындыңыз үй ішінде, Төрт жаста қадам асып жүрдің жерде....Жаратылыстанудан тест тапсырмалары
Тақырыпты қайталауға арналған тест тапсырмалары. 5 – сынып Жаратылыстану...Жердің өз осінен және күнді айнала қозғалуы
Сабақтың тақырыбы: Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы. Күн мен түннің ауысуы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.